Швейцария Еуропадағы теміржол тасымалының көшбасшысы

Әлемде
12.01.2026, 09:37
Оқуға 2 мин
Сурет: ашық дереккөзден
Қазақстан теміржолшысы

Швейцария жолаушылар тасымалы саласында Еуропадағы көшбасшылық орнын нығайтып келеді. Eurostat мәліметтері, ұлттық билік органдары мен Швейцария федералды теміржолының (SBB) жақында жарияланған статистикасы бұл альпілік елдің әрбір тұрғыны 2024 жылы пойызбен орта есеппен 2519 шақырым жол жүргенін көрсетті. Бұл пандемияға дейінгі 2019 жылғы тарихи рекордтан (2505 км) асып түсті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сонымен қатар, өткен жылы швейцариялықтар бір тұрғынға шаққанда 71 рет пойызбен сапар жасаған. Бұл Еуропадағы орташа көрсеткіштен төрт есе, ал Румыниямен салыстырғанда 17 есе көп.

Швейцарияның нәтижелері мемлекеттік саясат пен теміржол инфрақұрылымы моделінің тиімділігін тағы да дәлелдеді. Бұл жүйе халық санына шаққанда әлемдегі ең қарқынды қолданылатын жолаушылар желісін қолдап отыр.

Еуропаның көптеген елдері «жасыл экономикаға» көшу аясында теміржол көлігін жандандыруға тырысып жатқанда, Швейцария инвестиция көлемі, желі тығыздығы, тарифтердің интеграциясы және халықтың сенімі тұрғысынан нағыз эталон болып қала бермек.

Тұрақты өсім: Швейцария өз рекордын жаңартты

2024 жыл швейцариялық теміржол мобильділігі үшін жаңа белес болды. Бір адамға шаққандағы 2519 жолаушы-шақырым көрсеткішімен ел Еуропадағы көшбасшылығын сақтап қана қоймай, жаңа рекорд орнатты. Бұл өсім сапарлар санының артуымен де расталады: бір адамға шаққандағы сапар саны 2023 жылғы 68-ден 2024 жылы 71-ге дейін өскен.

Мұндай үйлесім — яғни салыстырмалы түрде қысқа қашықтықтарға жиі сапарлау — өте тармақталған, рейстері жиі және өзара тығыз интеграцияланған теміржол жүйесіне тән сипат. Бұл жүйе қала ішіндегі және қала маңындағы қатынасқа, сондай-ақ қалааралық жедел байланысқа бағытталған. Швейцарияның теміржол желісі ұлттық қоғамдық көлік жүйесіне толық кіріктірілген, бұл пойыздарды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға мүмкіндік береді.

Аустрия мен Мажарстан — Еуропалық Одақ көшбасшылары

Еуропалық Одақ (ЕО) аясында Аустрия бір адамға шаққандағы 1614 жолаушы-шақырым көрсеткішімен бірінші орында тұр. Одан кейін 1571 шақырыммен Мажарстан (Венгрия) келеді. Мажарстан 2015 жылдан бері алғаш рет Евростатқа толық деректер ұсынып, көшбасшылар қатарына қайта қосылды.

Жоғары көрсеткіштер мына елдерде де тіркелген:

Франция (1564 км)

Германия мен Швеция (әрқайсысы 1287 км)

Дания (1081 км)

Финляндия (965 км)

Бұл елдер Еуропадағы орташа көрсеткіштен (1048 жолаушы-шақырым) едәуір жоғары.

Көрсеткіштің ең төменгі сатысында Грекия (70 км), Литва (153 км), Болгария (233 км), Эстония (281 км) және Хорватия (296 км) тұр. Бұл елдерде пойыздар өте сирек қолданылады.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды