Транзиттік жүктерді діттеген жеріне уақтылы жеткізуде дөңестегі жұмыскерлердің үлесі зор

Жүк тасымалы
21.12.2021, 10:43
Оқуға 3 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі күні тынымсыз тірлігі бір сәт те толастамай, күні-түні жұмысы қайнап жататын Маңғыстау станциясының сұрыптау дөңесіне бардық. Станция басында бірі келіп, бірі кетіп жатқан жүк және жолаушылар пойызы уақыт кестесімен жүріп жатыр. Сұрыптау дөңесінде жұмыс қызған. Қаз-қатар тізілген вагондар бір жолдан екінші жолға ауыстырылып, вагондар тарқатылып, кайта құрастырылып жатқан күнделікті қарбалас жұмысты дөңес кезекшісі мен оператор қос қабатты ғимараттан бақылап отыр. Бұл жерден төмендегі жұмыс алақанға салғандай түгел көрініп тұр. Бүгінде тоғыз жолдың торабына айналған Маңғыстау темір жолының жүк өткізу қабілеті еселеп артқан. Маңғыстау станциясы арқылы теміржолмен – Қазақстан, ТМД, Қытай, Иран, Түркіменстан, Өзбекстан елдеріне, ал теңізбен – Ақтау және Құрық порттары арқылы Әзербайжан, Грузия, Түркия, Еуропаға тасымалданатын жүктің бәрі өтеді. Сондықтан вагондардың тұрып қалмай, кідіріссіз, дер кезі көздеген жеріне жетуі дәл осы сұрыптау дөңесіндегі мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Бұл күні дөңесте 5 пойыз құрастырылып кетуі жоспарланған. Соның екеуі Ақтау портына, екеуі Болашаққа, біреуі – Тамақ бекетінен басталып Бейнеуге дейін еліміздің ішіне қарай тақ бағытқа кететін пойыз. Сол бағыттарға жинақталып жіберілетін вагондарды қай жолға қалай жинау, құрастырып шығарумен қатар, сонымен қатар дөңесте еңбек ететіндердің қауіпсіздігі сақталуын қадағалап отырған дөңес кезекшісі Ақтолқын Бекесованы сөзге тарттық.

– Ауысымда 2 вагон құрастырушы, 3-4 жылдамдық реттеуші бар, белгіленген жоспар бойынша келген құрамаларды шашып, қайтадан әрбір бағытқа жинаймыз. Жалпы жоспар бойынша Ақтау порты бағытынан төрт пойыз алып, төрт пойыз тапсыруымыз керек. Қазір түске дейін дайын болған бір пойыз кетеді. Тағы екеуін Ақтау порты бағытына дайындап қойдық. Бір пойыз Болашақ бағытында тұр. Енді біреуін әзірлегелі жатырмыз. Құрық портына да біреуін жібердік. Бүгін Болашақ бағытына қарай 3511 тонна салмақпен 57 вагон кетті. Өзеннен бізге екі пойыз келе жатыр. Біріншісі артық ұзындықпен болғандықтан бұйрықпен қабылданады. Екінші пойыз 31 вагонмен жолға шықты. Осыларды алдын ала жобалап отырамыз. Себебі дөңесте пойыз күтіп, іркіліп қалмау керек. Бір пойызды дайындауға орташа бір сағаттай уақыт кетеді, – деді тәжірибелі дөңес кезекшісі.

– Бүгін де таңғы сегізде келіп, түнгі ауысымнан кезекті қабылдап алдық. Диспетчер тапсырмасымен пойыздарды жасақтауға кірістік. Кешеден қалған вагондар бар, тақ және жұп бағытпен келген пойыздарды шашып, жинаудамыз. Оның ішінде Болашақ, Ақтау порты бағытына пойыз дайындаймыз. Менің міндетім – ұзындығы мен салмағын асырмай пойызды құрастырып шығару. Әр бағытқа қарай өз салмағы мен ұзындығы бар. Келген пойызда сол көрсеткіштерден вагондар артылып қалса, оны келесі пойызға қосамыз. Жіберетін жердің кезекшісімен келісе отырып жұмыс істейміз. Мәселен, Болашақ станциясы 57-63 ұзындыққа дейін пойыз қабылдай алады. Ол жобамен 40-50 вагон. Қазір бізде Болашаққа қарай 11-жолда 33 вагон тұр. Әлі де 7 вагон қосу керек. Сонда құрамның салмағы 3700 тоннаға жетеді. Сондай-ақ, 14-жолға 45 вагон, 51 ұзындықпен 2254 тонна салмақта пойыз дайындап отырмыз. Негізінен пойызды 57 ұзындыққа дейін жеткіземіз. Кейде диспетчерлер одан асыруға тапсырыс береді. Ондай жағдайда 68-71 ұзындыққа дейін барады. Бірақ ол арнайы бұйрықпен жүзеге асады. Барлық станцияға ұзын пойыз баратыны жайлы алдын ала ескертіледі, – дейді теміржолға он жыл бұрын пойыз құрастырушы болып келіп, соңғы бір жылда дөңес кезекшісі жанындағы оператор болып отырған Қайсар Оңайшаев. Бүгін ұлттық мереке – тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Дөңесте қызу жұмыс…

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды