Қайта түлеген Ұлы Жібек жолы

Жүк тасымалы
01.09.2023, 09:23
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл «Бір белдеу, бір жол» жобасына 10 жыл толып отыр. Сарапшылар Ұлы Жібек жолының қайта жандануымен пара-пар деп баға берген бастама Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін аса маңызды жоба болып табылады.

Өткен аптада БРИКС саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша серіктестерді «Солтүстік-Шығыс» пен «Шығыс-Батыс» көлік дәліздеріне қатысты экономикалық, сауда, көлік және инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырып, маңызды жобаға тоқталып өтті.  

– Аса маңызды «Бір белдеу, бір жол» бастамасын толықтыратын Транскаспий халықаралық көлік дәлізі сауда саласындағы ынтымақтастыққа кең мүмкіндік ашады. Мұндай ықпалдастық өңіраралық сауда-саттықтың дамуына және біздің аймақтардың көлік-транзит әлеуетін толық танытуға септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.  

Расымен «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асыру үлкен көліктік логистикалық перспективаға жол ашады. Қазірдің өзінде жүзеге асырылған бастамалардың арқасында еліміздің аумағы бойынша Еуропа мен Азияны байланыстыратын халықаралық маңызы бар 6 автомобиль, 9 теміржол және 4 әуе дәлізі өткен. Жоба есебінен еліміздің оңтүстігінде жол төсемін ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілді. Алайда бүгінгі таңда отандық транзит көлемі бізде бар әлеуетпен салыстырғанда салыстырмалы түрде төмен. Бұл көлік логистикасын дамыту жөніндегі бастамаларды одан әрі белсенді іске асыру қажеттігін көрсетеді. Екіншіден, Қытаймен ынтымақтастық отандық бизнес үшін оның әлемдік нарыққа шығуы тұрғысынан кең мүмкіндік береді. Бұл Еуропа нарығына шығудан бөлек, Қытай аумағында өз өнімдеріміз бен қызметтерді шығаруға жол ашады. Осылайша, сауданың жеңілдетілген ережелері мен қаржылық интеграция отандық өнеркәсіп ауқымын арттырады.

Былтыр екі ел арасында теміржол арқылы 23 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Биыл бірінші тоқсанда жүк транзиті 35 пайызға артып, 7 миллион тоннадан асты. Қытай – әлемдегі ең үлкен нарықтың бірі. Елде халық саны көп болғандықтан, сырттан келетін соны тауарларға мұқтаж. Екі ел арасындағы тауар айналымы, сауда-саттық артып келеді. Былтыр 31 млрд долларға жетті. Бұл – рекорд. Бұрын Қазақстан үшін Ресей экономикада басты серіктес болса, енді оны шығыс көршіміз басады. Жалпы жиынтығы Қытай компанияларымен құны шамамен 22 млрд долларды құрайтын келісімдер жасалды. Басым бағыт сол ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, көлік дәліздерін дамыту салаларын қамтиды.  

Осы аптада ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ҚХР-ның ҚР-дағы Елшісі Чжан Сяо Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Осы кездесуде ҚХР-ның Қазақстандағы Елшісі ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Астанада жариялаған «Бір белдеу, бір жол» бастамасына биыл 10 жыл толатынын еске салды.  

– Қазақстан бұл бастамаға алғашқылардың қатарында қосылып, оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысты. Бастама аясында көптеген жұмыс атқарылды. Бүгінде бізді 11 теміржол және автомобиль жолдары, үш мұнай-газ құбыры және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы біріктіріп отыр. Кез келген серіктесіміз қол жеткізген жетістіктерімізге қызыға қарайды деп айтсақ, артық емес. Биылғы жыл да екіжақты қарым-қатынастарды дамыту тұрғысынан жемісті болмақ», – деді Чжан Сяо.  

«Қытай зерттеушілер қауымдастығының» құрылтайшысы Қазбек Майгелдиновтің айтуынша, Қазақстанмен ынтымақтастық Қытай үшін зор қаржылық пайда әкелетіні сөзсіз, өйткені еліміз – Еуропа нарығына тікелей көпір. Қазақстан мен Қытайдың сауда амбицияларын іске асыру Ұлы Жібек жолының қайта жандануымен пара-пар келетін «Бір белдеу, бір жол» бастамасында көрініс тапты. Бұл бастаманы жүзеге асыруда Қытай Қазақстанның ішкі тұрақтылығының сақталуына мүдделі. Шын мәнінде, аталған елмен тиімді екіжақты ынтымақтастықты іске асыру еліміздің экономикасы үшін де айтарлықтай пайда әкеледі.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты