МДК диагностиканың нәтижелері

Цифрландыру
23.11.2020, 20:55
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мобильді диагностиканың маңызы зор

Биыл 10 айда кешен арқылы шамамен 222 000 км жолға диагностика жүргізілді, соның барысында 1200-ден астам өткір ақаулы рельс анықталды.

Жаңа МДК-дер былтыр іске қосылғалы бері түйіспесіз жолдың істен шығар алдындағы жағдайын талдау және бақылау бойынша КАПС-БП бағдарламалық қамтамасыз ету жобасы енгізілді. Соның жұмысының нәтижесінде 2019 жылдың мамыры мен 2020 жылдың қазан айы аралығында жолдың істен шығар алдындағы жарамсыздығымен 1335-тен жері және 20 мүлдем пайдалануға болмайтын тұсы анықталды. Бұл нәтижелер рельс бунақтарына күш түсіп тұрған жерлерді уақытылы анықтап, оларды жоюға мүмкіндік берді. 

МДК енгізу бойынша жоба аясында регистраторы жоқ алынбалы қостінді ақаутапқыштарды кезең-кезеңімен оңтайландыру, әрі қарай жол шаруашылығын диагностикалаудың жаңа жүйесіне көшу қарастырылған. Бүгінде сондай ақаутапқыштардың ескілері, ақаутапқыш арбалары операторларының штаты, жол өлшегіш вагондар, сонымен қатар жол өлшегіш 5 вагон, 444 ақаутапқыш арба операторы оңтайландырылды. Бұл ретте бір айта кетерлігі – жұмысшылардың ешбірі де табыссыз қалмады. 144 жұмысшы Бағдарлама бойынша ерте зейнеткерлікке шықты, 162 жұмысшы басқа қызметтерге ауыстырылды. 15 жұмысшымен зейнеткерлік жасына байланысты және өз еркімен еңбек келісімшарты бұзылды. 

2020 жылдың соңына дейін 136 ақаутапқыш арбалары операторларының штатын оңтайландырудың үшінші кезеңін жүргізу жоспарлануда. 

Қорыта келгенде, заманауи мабильді диагностиканы (МДК) қолдана отырып темір жолды диагностикалаудың берер нәтижесі мол екендігіне көз жетті. Атап айтқанда, МДК жұмысының арқасында темір жол жағдайында бақылайтын параметрлерді арттыру есебімен пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді арттыруға, диагностика нәтижелерін өңдеу үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік туды. Сонымен қатар түйіспесіз жолдың істен шығар алдындағы жағдайын анықтау және жер төсемдері жағдайын мониторингілеу үшін қосымша талдау бағдарламасын енгізуге септік етті. Оған қоса жол жағдайын өзгерту мониторингі және жол дистанцияларының да, мердігер ұйымдардың да тарапынан жүргізілетін барлық жөндеу жұмыстарының түрлерін бағалау мүмкін болды. 

МДК негізінде басымдықтарды дұрыс қойып, қысқамерзімді және ұзақ мерзімді жөндеуді жоспарлау, темір жолдағы тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстарының технологиясын сақтау мүмкіндігі пайда болды. 

Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті