Жол жөндеу бойынша жаңа әдістерді енгізген білікті маман

Инфрақұрылым
19.08.2022, 11:05
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

  Еңбек майданына жол монтері болып кірген Амангелді, міне, отыз жыл осы саланың барлық ыстық-суығын бастан кешіп келеді. Теміржол – талайды шыңдаған сала. Оның темірдей тәртібіне бойұсынып, қиындығына шыдай білгендер қарапайым жұмысшыдан сатылай өсіп, басшылық лауазымға көтерілуі – сол адал еңбектің өтеуі.

 1993 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы мамандығы бойынша бітіріп, Ганюшкино жол дистанциясына жұмысқа келген Амангелді Рахмеденов ол кезде 23 жастағы жас жігіт еді. Жұмысты ең төменгі сатыдан бастап, алдымен жол монтері болып істеді, сосын екі жыл жол шебері, аға жол шебері, учаске бастығы болып еңбегі мен тәжірибесіне орай сатылай көтерілді.  

Жол шаруашылығының ішкі «кухнясын» толықтай меңгеріп, жүздеген шақырымға созылған темір жолдардың сапасын сақтау, станция аралығын және станцияның ішкі жолдарын күтіп-баптаудың барлық тәсілдерін меңгергенше он шақты жыл өтті.  

 – Ол кезде көп жұмыстар қол мен жасалады, қазіргідей автобұғаттау, электрлендірілген орталық дегендер әлі енгізіле қоймаған. Көп жерлерде ескі рельстер, олардың бір-біріне түйіскен жерлерін уақытында балқытып, теңестіріп отырмаса, пойыздардың жүрісіне де, дүмпу әсерінен жол құрылысына да кері әсерін тигізеді. Күрделі не орташа жөндеуді қажет ететін жол телімдері көп болды, жол жөндеу құрал-жабдықтарының жетіспей жататын кездері де аз емес. Міне, осындай жағдайларды бастан өткізе жүріп жұмыс істедік, – дейді Амангелді Мәдениетұлы.    2002 жылы Ганюшкино жол дистанциясының бас инженері болып тағайындалған тәжірибелі маман, арада тағы жеті жыл өткен соң, 2009-2014 жылдар аралығында дистанция директоры болып бір кездері еңбек жолын бастаған ұжымды басқарды.  

Бұл кезде жол жөндеу бойынша машиналар кешені пайдаланылып, технологиялық процесс жетілдіріле бастаған кез. Жол шаруашылығына канадалық Oliver Wyman әдісі енгізіле бастаған тұс. Амангелді Рахмеденов жолшылар   ұжымының басшысы ретінде осы әдістің өндіріске енгізілуіне өз үлесін қосты. Бұл әдістің артықшылығы адам ресурстарына мейлінше аз салмақ түсіріп, басымдылықты техникамен сапалы жұмыс жасауға бөлу болды. Ауыр жүктерді көтеріп түсіруге арналған КЖ-562 маркалы кран өндіріске қосылды. Франциялық «Жейсмар» фирмасының қол еңбегін жеңілдететін механикаландырылған рельстескіш, рельскескіш құралдары пайда болды. Жол жөндеушілер үшін таптырмас жабдық. Австриялық техникалар, ДУОМАТ, ДГС, ПБР машиналарымен жүздеген шақырым жол жөнделді. Бөлімше бойынша негізгі бағыттардың бәрінде рельстер жаңаланды. Пойыздар қозғалысы әлдеқайда қауіпсіз де сенімді бола түсті.  

2014-2019 жылдары жол ревизоры болып, бөлімшеге қарасты теміржолдың қауіпсіздігі мен күтіміне жауапты болған Амангелді Мәдениетұлы 2020 жылы Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері болып тағайындалып, күні бүгінге дейін жемісті қызметін жалғастырып келеді. Биылғы Көлік қызметкерлері күніне орай саланың мәртебелі марапатына ие болып, «Құрметті теміржолшы» атанды.  

 

Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті