Атакәсіпті жалғастырушы арыстық машинист 25 жылдан бері пойыз жүргізіп келеді

ҚТЖ келбеті
15.03.2022, 12:20
Оқуға 2 мин
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Арыс локомотив пайдалану депосының аға электровоз машинисі Қуатбек Әбілдаевтың темір тұлпарды тізгіндегеніне аттай 25 жыл өтіпті. Өз кәсібін жақсы көреді, сондықтан ширек ғасыр локомотив жүргізуден жалыққан емес.

Оның айтуынша, машинист болудың қиындығы өз алдына, жүйкеге түсетін салмақ, денсаулыққа зияны да бар. Неге десеңіз, электровоз – 27 мың вольт ток көзі қосулы тұрған сымдардың ортасында жүреді. Қуатбек Мықтыбекұлы бұл салаға орта жолдан қосылмаған. Оның атасы, әкесі, ағалары, қысқасы, әулеттің бәрі түгел дерлік теміржолшылар. Атакәсіпке айналғалы қашан.

– Осы жиырма бес жылда қанша мың км жол жүргенімізді кім санапты, жақсыны да, жаманды да көрдік, қауіп пен қатер де қатар жүреді. Талай рет мал басып, тіпті адам басып кеткен жағдайлар да кездесті. Мал қағып кеткен кезде пойызды шұғыл тежеп, жолдан алып тастаймыз. Содан соң артымызда келе жатқан өзге машинистерге рациямен хабарлап кетеміз. Кейде жол үстіне бөгде зат қойып кететін қаскүнемдер болады. Бірде сондай затты көмекшіміз екеуміз алып тастауға шамамыз келмей жақын маңда жүрген жолшыларды көмекке шақырдық, – дейді машинист.

Қуатбеков бүгінгі таңда машинистердің жалақысы жақсы көтеріліп жатқанын, ол қиындығы мен қауіп-қатері көп атқарып жатқан еңбектеріне сай екенін айтып өтті.

– Мен үшінші класты машиниспін. Егер Таразға баратын болсақ – 10-11 сапар, оңтүстік Сарыағашқа баратын болсақ 15-17 сапар жасаймын. Осы аралықтағы жолды әрбір қадамына дейін жаттап алғам десем болады, қай жерде жылдамдықты арттыру, қай жерде төмендету – бәрі санада жазулы тұр. Кедір-бұдыр жолдарда электровоздың жылдамдығын азайтамыз, тура жолда   көтереміз. Бұйырса, 57 жаста салалық зейнеткерлікке шығамын деген ойдамын, оған дейін денсаулық жетіп тұрса, еңбек еткенге не жетсін, – дейді кейіпкеріміз.

Машинистің айтуынша, Қазақстанның теміржолдары негізінен сапалы, дегенмен арасында сапасы төмен телімдер де бар, олар жолшылардың күтіміне байланысты. Жақсы күтім болса – қауіпсіз, нашар болса – қауіпті.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті