Даңқты династия өкілі

ҚТЖ келбеті
02.08.2022, 13:57
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей станциясының басы қашанда қарбаласқа толы. Бүгін де солай. Маневрлік жұмыстар саябырлаған бір сәтте ПЧ-39 – жол дистанциясы мекемесінің  жолшылар бригадасы ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге кірісіп кетті. Іргелес тұйық желіге келіп тоқтаған жол машинасынан сары желет пен күнқағар киген орта жастар шамасындағы жігіт ағасы түсті. Шалғай станциядан асығып жеткен жүзі шаршаңқы. Бұл – Семей жол дистанциясының бастығы Рахат Ботаспаев.

Арнайы жүргізуші куәлігі бар Рахат Нұрғазыұлы кез келген жол машинасының «құлағында ойнайды». Бұл жолшылар қауымы үшін таңсық емес. Сонымен қатар, техниканың әр тетігін білетіні, рельс үстінде жылжыған дефектоскопиялық тележка операторының жұмысын да оп-оңай атқарып кете алатыны – күллі бөлімшеге аңыз болып тараған адам. Бүгінде дистанция бастығының желі бойында жол өлшеуіш машинаның пультіне отырып, Дегелеңнен Жаңа-Семейге дейін түгел сүзіп шығатынына да ешкім таңғалмайды. 

– Ең алғаш осы дистанцияға қарапайым монтер болып келген кезде-ақ жол саласын бір кісідей білетін едім. Себебі, күллі Шар өңіріне әйгілі жолшылар династиясының өкілі болғандықтан, осы саланың майталмандары, Құрметті теміржолшы атақтары бар алдыңғы екі ағама қарап бой түзеп өстім. Осыны білетін сол кездегі басшымыз Жамбыл Баймұқашев шақырып алып, жол машинасының машинисі болуға кеңес берді. Осылайша, жол монтерінен соң машинист, механик, кейіннен жол шебері болып еңбек еткен жылдарым текке кетпеді, аз жылда әмбебеп жолшы болып шыңдалдым, – дейді біз әңгімеге тартқан Рахат Нұрғазыұлы.

Расымен, туа бітті жолшы болып қалыптасқандай әсер қалдыратын жас жолшы басшылықтың сенімін ақтайды. Тіпті, бір айға жуық жол жүріп Ресейдің түкпірдегі қалаларынан жол машиналарын Семейге жүргізіп әкелуді де басқа емес,  Ботасбаевқа тапсыруының да сыры осында жатса керек. Әйгілі «Шар ПМС» мекемесінің Дегелең-Ақсу телімін салуға қатысқан майталмандардан да үйренгені аз болмапты. 

«Нағыз жолшы қандай болуы керек?» деген сауалға дистанция бастығы Рахат Нұрғазыұлына қарап жауап беруге болады. Желі бойындағы кез келген маманның міндетін мүдірмей атқарып жүре беретіні өз алдына, басшы ретінде жұмысқа деген талапшылдығы сонша, қарамағындағылар үшін жұмыстан жалтару, ақталу деген мүмкін болмайды екен. 

Таңғы жетіден жол бойынан табылатын басшының тынымсыздығынан дейік, бүгінде ПЧ-39-ға қарасты 264 шақырымдық жол бойы алақандағыдай назарда тұр. Жалпы, Дегелең-Жаңа-Семей аралығындағы 141 шақырымдық жол соңғы бес жылдың ішінде толықтай жаңартылып, темір-бетонды шпалға ауыстырылыпты.

– Соның нәтижесінде жолаушылар пойызы біздің теліммен сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүйтки алады. Осыдан бес жыл бұрын бұл көрсеткіш сағатына 40 шақырым ғана болатын. Жүк пойыздарына сағатына 80 шақырымдық жылдамдық белгіленді. Жылжымалы құрамдар соңғы жылдары күрт көбейген, бүгінде толассыз ағылып жатыр, – дейді жол дистанциясының басшысы. 

Дегенмен қазіргі таңда бөлімшенің солтүстік тармағы – Локоть-Семей бағытын толықтай жаңарту қажеттілігі туындауда. Қазіргі әлемдік геосаяси ахуал ықпал еткен болуы керек, бүгінгі таңда Ресейден ағылатын жүк пойыздарының саны да күрт артып келеді. Семейлік жолшылар ендігі күшті осы телім бойын жаңартуға жұмылдырмақ. 

Әйтсе де, Рахат Нұрғазыұлының бастамасымен желі бойындағы инфрақұрылым көп жаңартылды. Жалпақ, Известковый, Шаған сынды шалғай станцияларда ауызсу модульдері, демалыс үйлері, балалардың ойын алаңдары салынды. Қысқы қармен күрес науқанында арнайы жұмысшы пойызы да жолға шығарылады. Ұжымның ауызбіршілігін, ынтымағын алға қоятын, мамандарды ынталандыруға баса мән беретін басшының идеясымен мекемедегі кәсіподақ ұйымы үздік нәтиже көрсеткен әрбір айналым мен участоктың жұмысшыларына әр алты ай сайын арнайы жүлде, сыйақы беріледі. Дистанцияда бүгінгі таңда 318 адам еңбек етеді.Ұйымшыл ұжым тек еңбекте ғана алда емес, спорттық жарыстардан бөлімше чемпионы атанып, қайрымдылық мақсаттағы қоғамдық іс-шараларда алдыңғы қатардан табылып келеді.   

Әр минуты санаулы ПЧ-39 бастығы жол машинасының жанындағы әңгімесін кілт үзді. Жол диспетчері хабарласып жатыр. Семейдің іргесіндегі жаңадан ашылған алып май зауыты сынды бірқатар кәсіпорындар үшін біраз жыл қараусыз қалған тұйық желілер қайта жаңғыртылған болатын. Бүгінде өңірдегі өнеркәсіптер жанданып, 90 жылдары тоқыраған кірме жолдарға да жан бітуде. Мәселен, тағы бір тармақ қайта пайдалануға берілмек. Ол үшін әлбетте Рахат Ботаспаев сынды маманның кеңесі қажет. Теміржол саласында 28 жыл еңбек өтілі бар «Үздік маман» және «Үздік басшы» марапаттарының иегері қызметтік көлігіне отырып,  асығыс кетіп бара жатты...

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі