Құрметті теміржолшы Жансерік Сағдиев 80 жаста

ҚТЖ келбеті
16.06.2023, 11:07
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Оның табаны күректей қырық төрт жыл ғұмыры теміржолда өтті. Теміржол оның бойына жауапкершілікті сезінетін, қатаң тәртіпті ұстанатын мінез қалыптастырды. Өмірге үлкен жауапкершілікпен қарайтын теміржолшының «Менің жолым» атты өмірбаяндық естелік кітабын оқып шығып, әр адам өз тағдырының иесі деген сөздің шынайылығына тағы көз жеткіздік.

Біздің кейіпкеріміз – ертең 17 маусым күні 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Құрметті теміржолшы Жансерік Сағдиев. 1943 жылы Ақмола қаласындағы Северный вагон деген көшеде орналасқан шағын ғана балшықтан соғылған үйде жарық дүниеге келген кейіпкеріміз көп балалы отбасыда туып-өскен екен. Өзінің жүріп өткен өмірі мен еңбек жолын баяндаған кітабында ағамыздың анасы Орынжанға жақын болғанын және оның тұлға болып қалыптасуында анасының ықпалы зор болғанын байқауға болады.  

«Қарапайым қазақ әйелінің рухының жасандылықтан ада мықтылығына, тектілігіне, адалдығына, тапқырлығына, алысты болжай білетін көкірегі ояу көрегендігіне, темірдей төзімділігі мен еңбекқорлығына тәнті болып, перзенті ретінде басымды иетінмін. Отан секілді Ана да адамда жалғыз!» – деп анасы туралы жүрекжарды лебізін білдіреді мерейтой иесі «Менің жолым» кітабында.  

Жансерік деген есімін ақтап расында да ата-анасының жанына серік болған ағамыз мектепте оқып жүріп еңбекке араласыпты. Теміржолшы мамандығын таңдауына осы жасөспірім шақта істеген жұмысы себепші болыпты.  

«9-сыныптан кейін жазғы каникул кезінде мен, 16 жастағы жасөспірім жол дистанциясына жұмысшы ретінде қабылдандым. Бұл шамамен 10 адамнан тұратын шағын көпір бригадасы еді. Біз көпірлер мен құбырлардың төсеніштерін тазарту, көпір аралықтарының жекелеген учаскелерін сылау, арматура дайындау, бетон құю, тағысын тағы жұмыстарды орындадық. Алғашқы жалақыма анама әдемі шарф сатып әпердім, қалғанын қолына ұстаттым. Сол сәттегі анамның қуанышын көрсеңіз!» – деп теміржолдағы алғашқы еңбек жолынан сыр шертеді кейіпкеріміз.  

Мектепте үздіктер тақтасынан түспей, оқуда алда болған Жансерік 10-сыныпты бітірген соң сол көпір бригадасына жұмысқа оралады. Көп ұзамай дистанцияның кадрлар бөліміне жастарды теміржол институтына оқуға жіберу үшін екі жолдама келіп, біреуі бұйырыпты.  

«Менің тәжірибемнің аздығына қарамай, екі адамның бірі болып мені Алматыға Новосибирск, Свердловск, Ленинград және Ташкент теміржол институттарына емтихан тапсыру үшін жіберді. Емтиханды ойдағыдай тапсырып, 25 ұпайдан 24 жинадым. Сөйтіп Ташкент институтының «Теміржолдар құрылысы мен жол шаруашылығы» факультетіне жолдама алдым», – деп еске алады студенттік өмірге қадам басқан шағын Жансерік ағамыз.  

Ол дипломды маман ретіндегі еңбек жолын жол бригадирінен бастап, Тың темір жолында жол бөлімшесінің бастығы, «ҚТЖ» ЖАҚ құрылғанда Бас басқарманың өндірістік бөлім бастығы, Жол қозғалысы қауіпсіздігі департаментінің ревизоры, аудитор, жедел-талдау бөлімінің бастығы сияқты қызметтік сатылардан өтіп, темір жол саласына саналы ғұмырының 44 жылын арнады. Теміржолдағы табысты да үздіксіз еңбегі, өндірістік көрсеткіштерде қол жеткізген жетістіктері үшін 2000 жылы Жансерік Сағдиев теміржол көлігіндегі ең жоғары награда «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталады.

Мерейтой иесі Жансерік ағамыз құдай қосқан жары Кәмәлмен Мират, Асхат есімді екі ұлды дүниеге әкеліп, өсіріп жеткізді. Мират теміржол саласында еңбек етсе, Асхат экономика ғылымдарының кандидаты, Ресейде танымал бизнесмен.  

«Мен өмірімді босқа өткізген жоқпын. Әр адам – өз бақытының жасаушысы. Ұрпағыма бақытты болудың үлгісімін деген ойдамын», – деп сөзін түйіндейді сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер-теміржолшы.  

 

Жаңалықтар
19.10.2026
Теміржол вокзалдарындағы сары белгі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі
Аймақтар
19.10.2026
Маңғыстау жол дистанциясына – 60 жыл
Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия