Әлемдік рекордтарды бағындырған теміржолшы

Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолды романтика, қолөнерін – ұлттық ұстаным деп қарайтын Жетібай станциясының жүк қабылдап-тапсырушысы Күнсұлу ханымның жетістігі бүкіл әлем назарын аударып жүргенін біреу білсе, біреу біле бермейді.

Бір қызығы 8 наурыз – Күнсұлудың туған күні. Жиырма жылға жуық Маңғыстаудағы Жетібай станциясында еңбек ететін келіншек бұл күні қос мерекесін қатар атап өтеді.  

Бес жасынан бастап үйренген қолөнері Күнсұлуды көкке көтерді. Қазір жұрт өнеріне тамсанып таңдай қағатын шебер. «Асыл мұра» оқу орталығы арқылы еліміздің түкпір-түкпірінен қолөнершілерге көнеден жеткен құрақ құрау, оюды ою, басқа да бұйымдарды дайындаудан онлайн, офлайн түрде сабақ береді.  

Қолөнермен айналысатын «URSHIK» республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстаудағы филиалының директоры. Соңғы үш жылдан бері өнерін көпшілік алдына паш етіп, Қазақстан мен әлемдік деңгейде рекорд орнатып жүр. 2023 жылы Астана қаласында бір уақытта 200 көрпе құрап, КИнЭС – Қазақстандық рекордтар кітабына енген құрақшылардың бірі осы Күнсұлу ханым. Оның қатысуымен 2024 жылы V дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көлемі 11 200 шаршы метрлік көрпе құралып, еліміздің қолөнершілері әлемдік рекордтар кітабына енді. Кейіпкеріміз оған маңғыстаулық шеберлерді бастап барған еді. Өткен жылы Күнсұлу апамыз бен оның шәкірттері және өзге де қолөнершілерден құралған 660 ісмер бір мезетте сонша санды көрпе құрап, «Медеу» мұз айдынының төрінде құрақ тігуден тағы рекорд жасады. Енді Күнсұлу Медетбаева өз командасымен бірге осы жылы Семейде қазақтың қолөнерінен жаңа рекорд қоюға дайындалуда.  

– Ағаш үйіміз бен көкпарымызды, қазымыз бен басқа да ұлттық тағамдарымызды басқалар патенттеп алып жатқаны жанға батады. Сол себепті қолымнан келгенше ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, сақтауына үлесімді қосқым келеді. Бар мақсатым – аналарымыз бен әжелеріміз қолданып келген өнерді көрсетіп, жыл сайын рекордтар кітабына енгізіп, әлемді бізде сондай өнер бар екеніне мойындату. Әр барып келгеніміз, қатысқанымыз отбасы бюджетіне әжептеуір шығын болса да, бұл өнер қазақтыкі екенін дүниеге таныту – мақсатымыз. Рахмет, ҚТЖ жылына бір рет еңбек демалысы кезінде теміржол билетін төлеп береді. Мен жылына екі рет, біреуінде құрақ, екіншісінде оюмен осындай іс-шараларға қатысатындықтан еңбек демалысын да екі бөліп аламын, – дейді сонау түбектің түкпірінде тұрса да ұлттық өнерді әлемге паш етіп жүрген Күнсұлу.  

Құдай қосқан қосағы, Маңғыстау жол дистанциясының жол монтері-жүргізуші Зорбай Қанкөшековпен екеуі төрт бала өсіріп, екі келін түсірген Күнсұлу – үлкен шаңырақтың отанасы.  

Бала кезден арманым темір жол өтетін жерде тұру болатын. Әлі есімде, бірінші сыныптың «Ана тілі» кітабында «Разъезд» тақырыбын өткенбіз. «Менің әжем разъезде тұрады» деген мәтінге пойыздың, станцияның суреттері берілген. Тақырыптың қызықтырғаны соншалық, жүз рет қайталап оқығанмын. Есейгенде теміржол бекетінде өмір сүру мен үшін бір романтикаға айналды. Ата-енем бізді бөлек шығарғанда бірден Жетібайды таңдап, осында қоныстандық. Оған еш өкінген емеспін, – дейді Күнсұлу.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады