Рысқұл Әлімқұловтың өмірі: еңбекпен келген бақыт

ҚТЖ келбеті
20.06.2019, 11:05
Елена Колдасбаева

Собственный корреспондент по Алматинской области

Нағыз теміржолшы екі нәрсеге тәуелді. Ол – отбасы және жұмысы. Рысқұл Әлімқұлов үшін басты құндылық осы екеуі, басқаның бәрін елемейді де, мойындамайды да. Міне, өзінің жетпісжылдық мерейтойын отбасы мен жақындарының ортасында қарсы алғалы отыр. Бүкіл саналы ғұмырын теміржолда өткізген жан үшін одан артық не керек? Өйткені, оның отбасынан бастап ортасы, аралас-құралас дос-жаран, туғантуысы – түгел теміржолшылар...

Ташкент теміржол көлігі инженерлері институты түлегінің еңбек жолы Арыста басталып, Шымкентте, одан Алматыда жалғасып, тіпті бірнеше жыл Орта Азия теміржолы басқармасында да еңбек етіп, Өзбекстанның Хавас станциясында ПМС (ЖМС-жол машиналары станциясы) басқарды. Шынтуайтына келсек, туған жері де Өзбекстанның Ташкент облысы Аққорған ауданы. Бұрын қазақтың жері болғанмен, бертін келе көрші елдің иелігіне өтіп кеткен. Бірақ жергілікті халық түгел қазақтар болатын. Рысқұлдың әкесі Әлімқұл Ұлы Отан соғысының ардагері, Сталинград майданының жауынгері болған. Соғыстан кейін ұзақ жыл колхоз төрағасы болды, ал анасы кітапханашы болып жұмыс істеген соң бұл отбасындағы басты құндылықтар – кітап оқу, білімге талпыныс, бір-біріне сенімді қарым-қатынас, өзара көмек және өмірге деген құштарлық болған. Балалық шақтан есінде қалғаны – хош иісті жаңа піскен нан мен палау, көршілердің мейірімді жүздері, сосын жүзім, ақ жүзім, қара жүзім әр үйдің ауласында самсап өсіп тұратын.

1966 жылы Рысқұл Әлімқұлов Ташкент теміржол институына «Құрылыс, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, білімге құштар жас еш қиналмай оқуды бітіріп, жоғары білімді инженер дипломын алады. Еңбек жолын жол шаруашылығында ең кәсіби және бұқаралық мамандық – Арыс станциясындағы ЖМС-155 мекемесінде жол монтерінен бастайды. Жол шеберіне дейін өсіп, жол күтімі мен құрылысын бес саусақтай меңгеріп, мол тәжірибе жинайды сол жерде. Бірнеше жылдан соң мекеменің бас инженері болып тағайындалады. Бірақ көп ұзамай оны Өзбекстандағы Хавас станциясындағы ЖМС-243 мекемесінің бастығы лауазымына тағайындап, бұл кәсіпорында бес жыл қызмет атқарып, шет жақта жүруге тура келеді. Дегенмен, Рысқұл Әлімқұлұлы өзін басқарушы ретінде шыңдаған өмір мектебі болған сол кезеңді, сол жылдарды ұмытпақ емес, ризашылықпен, ерекше қимастықпен еске алып отырады.

Рысқұл Әлімқұловтың іскерлік қасиеті мен тамаша ұйымдастырушылық қабілетін көріп, Орта Азия темір жол басқармасына қызметке шақырады. Жол бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалып, бірнеше жыл тағы еңбек етуге тура келеді. Тек 1984 жылы ғана Рысқұл Әлімқұлұлы Қазақстанға қайта оралып, Арыс станциясындағы өзі еңбек жолын бастаған туған ұжымы ЖМС-155 мекемесінің бастығы болады.

Оның қызметінің жаңа сатысы тоқсаныншы жылдары Шымкентте жалғасып, жол және құрылыс бөлімшесі бастығының орынбасары болды. Жаппай қысқарту жүріп, кәсіпорындар жабылып, нарықтық экономика жаңа шарттар мен талаптарды алға тартқан қиын да күрделі кезеңде теміржолдың жұмысы тоқтамаса, Әлімқұлов секілді жоқтан бар жасап, өндірісті өрге сүйреген нағыз теміржолшылардың арқасы екені рас. Осы жылдардағы жанкешті еңбегінің өтеуі болар, темір жол көлігін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Қазақстан темір жолы құрылған тоқсаныншы жылдардың соңына қарай Алматы темір жолына ауысып, бөлімше бастығының бірінші орынбасары, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі бас ревизор, Алматы жол бөлімшесі кадр бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар тәжірибелі теміржолшының ұстаз болып шәкірт тәрбиелеуге қабілеті ашылып, педагогикалық дарыны байқалған да осы жылдар болды. Өндірісте жүріп болашақ теміржолшыларға дәріс берді. Әрі қарай М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында проректор және Қатынас жолдары университеті жанындағы Техникалықэкономикалық колледждің директоры болып жұмыс істеді. Бүгінгі таңда техника ғылымдарының кандидаты, доцент Рысқұл Әлімқұлов Қазақ жол қатынастары университетінде кеңесші, педагогикалық ұжым мен студенттер арасында үлкен құрмет пен беделге ие.

Теміржолшы – жеке өмірде де жолы болған бақытты жан. Жұбайы Рахат екеуі бес бала тәрбиелеп өсірді, оның үшеуі темір жол саласында қызмет етуде, бүгінде Әлімқұловтар әулетінде 12 немерешөбере өсіп келеді. 15 маусымда 70 жасқа толып отырған Рысқұл Әлімқұлов «өмірдегі ең үлкен байлығым, да бақытым да менің отбасым» дейді. Еңбекпен келген бақыт деген осы. 

Жаңалықтар
20.06.2026
Ақтау порты: Иран ҚР теңіз инфрақұрылымымен танысты
Жаңалықтар
20.06.2026
Қазақстан мен Иран порт инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
19.06.2026
ҚТЖ Huawei-мен серіктестікте магистральдарды цифрлық трансформациялауды күшейтеді
Жаңалықтар
19.06.2026
ҚТЖ және итальяндық DBA Group терминалдарды басқарудың цифрлық жүйесін енгізу бойынша таныстыру кездесуін өткізді
Инфрақұрылым
19.06.2026
Бозшакөл станциясында жолаушылар платформасы жаңартылды
Жолаушылар тасымалы
19.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы жоғалған отырғызу талонын қалпына келтіру жолын түсіндірді
Басты жаңалықтар
19.06.2026
Үкімет: сала дамуы сөз болды
Аймақтар
19.06.2026
Ақтөбеде локомотив паркі жаңаруда
Қауіпсіздік
19.06.2026
Дегелең мен Семей станциялары аралығында теміржол мүлкі мен жүк қауіпсіздігі тексерілді
Спорт
19.06.2026
Теміржолшылар арасындағы футбол турнирінде «Батыс» өңірлік филиалы жеңіске жетті
Инфрақұрылым
19.06.2026
Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі
Жаңалықтар / Мұрағат
19.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №47 19 маусым 2026 жыл
Спорт
18.06.2026
ҚТЖ-да футзалдан чемпионат өтуде
Жаңалықтар
18.06.2026
ҚТЖ пойыздарды басқарудағы Испанияның цифрлық тәжірибесін зерттеді
Әлемде
18.06.2026
Өзбекстанда тағы екі бағытта жоғары жылдамдықты пойыздар қатынайды
Аймақтар
18.06.2026
Тараздық түлектер теміржол саласындағы бос жұмыс орындарымен танысты
Аймақтар
18.06.2026
Жақсының аты өлмейді
Аймақтар
18.06.2026
Теміржолдағы 40 жылдық еңбек
Әлемде
18.06.2026
Қытайдың CRRC компаниясы Түрікменстанға алғашқы үш секциялы жүк тепловоздарын жеткізді
Инфрақұрылым
18.06.2026
Ақсу – Жаңа-Семей теміржол учаскесінің инфрақұрылымын жаңғырту жүзеге асырылды