Ерлікке пара - пар еңбек

ҚТЖ келбеті
08.12.2020, 10:15
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолдың вагон шаруашылығында жұмыс істейтін еңбек адамдары – вагон қараушылар кейде өздері де байқамай ерлік жасап жатады. Жолаушылар немесе жүк вагондарының жүріс бөлігіндегі құрамдас бөлшектерге түскен көзге көрінер-көрінбес ақауды табу арқылы үлкен қауіп-қатердің, ықтимал апаттың алдын алу – ерлік емей, немене?! 

Қозғалыс қауіпсіздігінен аса қауіпті осындай ақауды биыл 26 қарашада Маңғыстау вагон депосының Бейнеу станциясындағы ТҚКҚ вагон қараушысы Еркінбек Тұрамбетов тапты. Күндізгі ауысымға жұмысқа шыққан ол сағат 16.00-де станцияға келіп тоқтаған №3502 жұп пойызының «Қазтеміртранс» АҚ-на тиесілі бос вагонына техникалық қызмет көрсету барысында дрессор үсті білеуге ұзындығы 85 мм болатын сызат түскенін бірден байқайды. Дереу аға вагон қараушы Сәбит Байменовке хабар беріп, бірнеше маман тексере келе оның аса қауіпті ақау екенін растайды. Ақаулы вагон ағытылып, акт толтырылып, жөндеуге жіберілді. 

Бұл вагон қараушы жігіт Еркінбектің тапқан тоғызыншы ақауы екен. Соның көбін 2019 жылы тапқан. Цистерна вагоннан да, автотізбек бөлігінен де табылған түрлі ақаулар. Бұған дейін екі рет «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісіне ие болған қырағы вагоншыға басшылық алғыс жариялап, сыйақыға ұсынатындарын жеткізді. 

Маңғыстаудың Тұрыш ауылында дүниеге келген Еркінбек теміржолда 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бейнеу станциясындағы колледжде локомотив шаруашылығы бойынша арнаулы орта білім алған. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, еңбек жолын Бейнеу станциясында белгі беруші болып бастаған. Сосын пойыз құрастырушы, Құрсайда станция бастығы, қайтадан белгі беруші болып, 2017 жылы вагон депосының ТҚКҚ-не вагон қараушы болып орналасқан. Вагоншылар арасында ақау табу – ерлікке пара-пар. Өйткені, сол арқылы олар қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына тікелей үлес қосады. Еркінбек әрбір тапқан ақауы үшін компания тарапынан сыйақыға ие болып келеді. 

– Ешкім де ерлік жасасам деп ойламайды, бір ауысымда 15 шақты вагон қараушы шығамыз. Сол бір ауысымда 10-15 пойыз келіп кетеді. Ол дегеніңіз, шамамен 600-700 вагон, мақсатымыз – осынша вагонды дер кезінде қарап шығып, ақаусыз жолға салып жөнелту, – дейді тоғыз ақау тапқан теміржолшы жігіт.

Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті