Апалы-сіңлілі жолсеріктер

ҚТЖ келбеті
15.07.2021, 10:29
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бірі мінезі ұяң, биязы, кішіпейіл, екіншісі жүріс-тұрысы ширақ, сөзі мығым. Екеуі бір анадан туған. Олар – апалы-сіңлілі жолсеріктер Эльмира мен Гүлмира Тәжібековалар. Біздің таныстығымыз қос келіншекпен Қандыағаш станциясынан №37 Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытындағы пойызға мінерде басталды. Жолаушыларға туғанын көргендей жылы ілтипат танытып, қонақжай пейілмен қарсы алып жатқан жолсеріктер еріксіз баурап алды. Вагонға кіргенде құдды өз үйіңе кіргендей әсер аласың, жып-жинақы, тап-таза, жып-жылы. Купеге кіріп, орныма жайғаса беріп, ресейлік жаңа вагондардың ажарын жолсерік- тердің тазалығы мен ұқыптылығы толықтыра түскенін байқадым. Кіршіксіз ақ жайма төсек, үстел үстіндегі жайма да жаңа ғана үтіктелгендей теп-тегіс. Шаруамды сәтті жайластырып келе жатқан менің көңілім көтеріңкі еді. Тіпті жадырай түсті. Жол ұзақ. Не істеу керек, кәсіби дағды дамыл берер емес. Сосын жолсеріктердің қолы босаған сәтін пайдаланып сөзге тарттым. Бұл Гүлмираның ұзақ демалыстан кейінгі бірінші рейсі екен. Бір жарым жасар қызын ата-енесіне қалдырып, жолда ұзақ болатын қызметіне оралған ол аздап қобалжулы. Станцияларға тоқтағанда сәтін тауып қоңырау шалып, қызының қалін біліп тұрады. Қайтсін, ананың аты – ана. «Теміржолда жұмыс істеп жатқаныма 23 жылға кетіп барады. Қаршадайымнан келдім, анамның қасына орналастым. Ол кісі де өмір бойы жолсерік болып қызмет етті. Зейнеткерлікке шыққанына төрт жыл. Әрине жолдың ұзақтығы болмаса, жұмысым өзіме ұнайды. Әсіресе, қазіргі уақытта тіпті тамаша. Вагондар жаңаланып, жолаушыларға көрсетілетін сервис те жылдан жылға жақсарып жатыр. Адамдардың мәдениеті өзгеріп, түсініктері түзелген. Бұрынғыдай билетсіз пойызға отыруға мінбелемейді. Есімде, жұмысқа жаңа кірген кезім. 17-18 жастағы қыпша бел, арық қызбын. Вагон толы адам. Жүктің үстіне жүкті тықпалап жатқан етжеңді келген бір апайдан билетіңізді көрсетіңіз деп жанына келе бергенім сол еді, «кетші-ей бар, қайдағы билет» деп итеріп жіберген. Үш қызын жалғыз өсіріп жатқан анама жаным ашып, жұмыстың барлық қиындығына шыдадым», – дейді Гүлмира. Ал Эльмира теміржолға сіңлісінен үш жылдан соң келіпті. Жолсерік қызметіндегі біліктілігін теміржол- дың жоғары оқу орнында оқып, біліммен ұштастырған алғыр келіншек басқа жұмысқа барғысы жоқ. Табиғатынан ашық ол адамдардан алғыс алса, марқайып қалады екен. «Бір жылы Сайөтес-Бейнеу аралығында түнгі мезгілде пойызда бір орыс келіншегін босандырып алған жағдай болды. Мен штабтық вагонның жолсерігі едім. Сабылып вагоннан дәрігер іздеп, әйтеуір Астанаға квотамен келе жатқан келіншекті аман-есен босандырып, бас шаһарға дін аман жеткіздік. Ол станцияларда келген жедел жәрдем көмектерінен бас тартқан еді. Қоштасарда телефонымды сұрап алды. Бір қызығы, бір жарым жылдан соң әлгі келіншек қоңырау шалып, алғысын білдірді. Көптен күткен бала болғандықтан және жол үстінде босанып, қиындықты жеңе білгендіктен есімін Виктория деп қойғанын, қазір қызының жүгіріп жүргенін айтты. Соған мен кәдімгідей қуанып, марқайып қалдым», – дейді бүгінде жас та болса, бір қызын ұзатып, үш жиен сүйіп отырған жас әже Эльмира. Пойыз бастығы Қуатжан Исмағұлов та Эльмира мен Гүлмираның өз ісін жақсы білетін адал істейтін майталман мамандар екенін айтады. Жолсерік қызметінде жиырма жылды артқа тастаған қос келіншектің қызметтеріне кінәрат тағылған емес, керісін- ше, жолаушылардан ақ қардай жауған алғыстар көп дейді. Жолда жолаушыларға шын мәнінде жол серік бола білген апалы-сіңлілерге мен де денсаулық пен отбасы амандығын тілеп қоштастым.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті