Шалғайдағы Қашқантеңіз станциясында бар шаруаны үш-ақ маман тындырады

ҚТЖ келбеті
30.07.2021, 13:37
Оқуға 2 мин
Асхат Райқұл

Мойынқұмның маң даласында төртінші класты Қашқантеңіз станциясы бар. Арқаның жазық сілемдерін бойлай жатқан Сарышағанға жақын. Балқаш көлінің оңтүстік-шығысына қарай бұйығы жатқан ауылдың іргесіндегі шағын бекет. Небәрі 20-30 түтін қоныс тепкен ауылда негізгі кәсіп иесі – балықшылар мен теміржолшылар. Шымкенттен, Алматыдан солтүстікке – Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларына ағылған пойыздардың барлығы дерлік осы Қашқантеңіз станциясын басып өтеді. Мұнда бар-жоғы үш-ақ маман еңбек етеді. Олар – станция басшысы Қасымжан Кенжеев және екі станция кезекшісі. Үшеуі кезектесіп ауысымға түседі. Станцияның күнделікті қайталанатын қым-қуыт тіршілігі мен вагондардың қауіпсіздігін де, барлық шаруашылық жұмыстарын да тындыратын үшеуі. Қырық жылдан астам уақыттан бері теміржол саласының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген Қасымжан 1981 жылы Сарышағанда мектеп бітірген соң әскер қатарына шақырылады. Келген соң Жамбыл қаласындағы техникалық училищені бітіріп, Сарышаған станциясына кезекші болып орналасады. «Ол кезде Кеңес өкіметінің ережесімен өмір сүрдік қой. Біліктілігің келіссе, қызмет сатысымен ауыстыра беретін. 1986-89 жылдар аралығында жол бригадирі болып еңбек еттім. Алып империяның іргесі сөгіле бастаған тұс еді бұл. Еліміздің тәуелсіздігі жарияланғанда Шығанақ станциясына жақын маңдағы Қайраткөл бекетіне ауысқан едім. Сол тұста ғой замандастарымыздың дені мамандықтарынан жерініп, сауда-саттыққа бет бұрып кетті. Бізде еліміздің ертеңіне деген бір сенім болды. Болашаққа үмітпен қарадық. Теміржолдың өсіп-өркендеуіне мүдделі болдық. Осы бағытта еңбек етіп, терімізді сарқыдық. Әйтеуір, бір жарық таңның ататынына күмәнданған жоқпыз. Нәтижесі, міне, көптеген қиындықтар мен машақаттар артта қалды», – деп ағынан жарылды Қасымжан Кенжеев. Ол 1992 жылдан 2015 жылға дейін Қашқантеңізге қайта оралып, вагон жөндеуші, станция кезекшісі сынды қызметтерді атқарды. 2016 жылдан бері станция бастығы. Сан жылғы жұмысы, төккен тері, еткен еңбегі ескерусіз қалған емес. 2011 жылы ел егемендігінің 20 жылдығына орай «Үздік маман» мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Айтпақшы, Қасымжан теміржол саласына төтеннен келген жоқ. Оның әкесі Жекежан «Құрметті теміржолшы» атанып, теміржолға қырық бес жылын сарп еткен. Вагон шаруашылығында ұзақ жылдар еңбек етіпті. Анасы да осы салада жиырма жылдай жұмыс істеген. «Бүгінде ол аяулы адамдарымның көздері жоқ. Десе де, мен оларға қарыздармын. Менің теміржолшы болмауға құқым да жоқ еді», – деп жүрекжарды сөзін айтты станция басшысы.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды