Екі мәрте «Құрметті теміржолшы» атанған майталман

ҚТЖ келбеті
03.08.2021, 11:28
Оқуға 6 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Әке қанымен, ана сүтімен берілген киелі кәсіпке саналы ғұмырын сарп етіп, теміржолмен тағдырын табыстырған Борис Есенаманов есімі магистраль еңбеккерлеріне кеңінен танымал. «Құрмет белгісі», ІІІ дәрежелі «Барыс» мемлекеттік ордендерінің иегері, КСРО және тәуелсіз Қазақстанның – екі мәрте «Құрметті теміржолшы» атанған жан – техника ғылымдарының кандидаты. Бірде Ұлттық компанияның жастар лагерінде өткен интерактивтік ойын барысында жастарға теміржолшылар арасында «кумирің кім?» деген сұрақ қойылды. Сонда алыс түкпірден келген жас маман «Борис Есенаманов» деп жауап бергені есімде. Иә, өмір бойы теміржолда еңбек етіп, жаңа магистральдар құрылысын басқарған кәсіби маман, білікті басшы Есенамановтай болсам деп армандайтын жас баршылық. Нағыз теміржолшыға одан асқан қандай марапат керек?! Адамдар болашақ өмірін байланыстыратын мамандыққа әртүрлі жолмен келеді. Бірін балалық шақтың арманы жетелесе, екіншісі ұяда көргенін ұшқанда іліп, әке-шешесі салған сүрлеуден өзінің кәсіби бейімділігін тауып жатады. Борис Александрұлының да теміржолға деген махаббаты бала кезінен басталды. Ес білгеннен ата-анасын тек теміржолшы формасында көрген ол осы кәсіпті таңдады және онысына еш уақытта өкінген емес. Ол Орынбор облысының Новопокровск ауданындағы Сара станциясында теміржолшылар Ескендір мен Мәнімнің шаңырағында дүниеге келген. Әкесі жол жөндеуші, бригадир, жол мастері, ал анасы өткел кезекшісі болыпты. Әкесі Ескендірді станция тұрғындарының көбісі басқа ұлт өкілдері болғандықтан Александр деп атап кеткен екен. Ал 1943 жылы шілдеде дүниеге келген ұлына нәрестені босандырып алған акушерка «Бұл сәбидің аман-есен өмірге келуіне мен де үлес қостым. Сондықтан оның есімі Борис болсын» деген екен. Уәде – құдай сөзі, Есенамановтар отбасында осылайша Борис есімді ұл пайда болыпты. Қазақстанда Гурьев-Қандыағаш-Орск теміржолының салынып біткен жылы Александр Есенаманов Никельтау жол дистанциясына жұмысқа жіберіледі. Никельтау станциясында жеті жылдық мектепті бітірісімен әке жолын қуып Борис Ақтөбе теміржол техникумына жол мамандығы бойынша оқуға түседі. 1961 жылы оқу орнын бітірген ол еңбек жолын өндірісте бастап, жол бригадирі, жол мастері қызметтерін атқарады. Ал ел алдындағы борышын өтеуге кетіп, әскерден оралған соң 1967 жылы сол кездегі Орталық Азия мен қазақстандық жоғары оқу орындары арасында атағы дүрілдеп тұрған Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтына, күндізгі бөлімге оқуға түседі. Табиғатынан алғыр, жалынды жас студенттер арасында бірден көшбасшылық қабілетімен танылып, екі мәрте құрылыс факультетінің комсомол ұйымының хатшысы болады және Мәскеуде өткен жоғары оқу орындары- ның үздік студенттерінің Бүкілодақтық слетіне қатысады. Жол қатынасының инженер-құрылысшысы мамандығын алып, Ақтөбеге оралады. Осыдан бастап оның темір жол саласындағы мансаптық еңбек жолы басталған екен. Бастапқыда ол шаруашылық жағдайымен қатар кли- маттық жағдайы өте күрделі Никельтау жол дистанциясында еңбек етіп, қызмет сатысымен өсе бастайды, Ақтөбе жол бөлімшесінде жол бөлімінің бастығы, бас инженер қызметтерін атқарады. Өз ісіне тыңғылықты, жігерлі әрі ұйымдастырушылық қабілеті зор жасты басшылық бөлімше бастығының орынбасары етіп тағайындайды. «Сол жылдары Қандыағаш, Ембі, Ақтөбе-2 тораптық станцияларын бөлу және екінші жолдар мен екі жолдық ендірмелерді салу, локомотив депосын кеңейту және жол бөлімшесінің барлық шаруашылықтарын техникалық дамыту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын толық іске асыруға қол жеткіздік», – дейді ол. 1984 жылы Борис Александрұлын аса жауапты қызметке – Батыс Қазақстан темір жолы бастығының орынбасарлығы- на тағайындайды. Сегіз жыл ішінде ол 8 жалпы құрылыс трестері мен әскери құрылыс құрылымдарының, ондаған жобалау ұйымдарының жұмысын жолды пайдалану қызметкерлерімен бірлескен ынтымақтастықта ұйымдастырады. Осы уақыт ішінде жүздеген әлеуметтік-мәдени тұрмыстық, тұрғын үй, өндірістік қуаттар, екінші жолдар, Батыс Қазақстан темір жолының тасымалдау көлемін тұрақты игеруін қамтамасыз ететін станцияларды дамыту нысандары салынған болатын. Тоқсаныншы жылдардағы қиын да күрделі уақытта Борис Есенаманов өзінің туған жеріне айналған Ақтөбе жол бөлімшесінің тізгінін қолына алады. Ол күндерді ардагер былай деп еске алады:

«Жағдай шынымен қиын еді. Жұмыс орындарын сақтап қалу үшін жөндеу-қосалқы қызмет көлемін ұлғайттық, қосалқы шаруашылықтар құрдық, жанар-жағармай материалдары мен электр энергиясын қатаң үнемдеуге көштік. Локомотив және вагон деполарында жөндеу сапасын жақсарттық, барлық шаруашылықтарда жөндеу аралық мерзімдерді қайта қарадық, бұл шығындарды күрт қысқартуға мүмкіндік берді. Осы іс-шаралармен қатар әр кәсіпорынды, шеберхананы ТПЕ және эстетикалық мазмұнға келтіру курсы қабылданды, бұл да оң нәтиже берді. Өндірістік жарақаттану жағдайларына жол бермедік және жұмыстағы ақаулар қысқартылды».

1997 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК құрылғаннан кейін Борис Есенаманов бас директордың Техникалық саясат жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. «Сол кезде «Қазақстан темір жолы» компаниясының 2000-2030 жылдарға арналған техникалық дамуы- ның ұзақ мерзімді жоспар-болжамының жобасын әзірлеуге бұрынғы үш темір жол өкілдерінен жақсы команда жиналды», – дейді Құрметті теміржолшы. Ал 1997-2001 жылдар аралығында Борис Есенаманов ҚТЖ-ның бас ревизоры қызметін атқарып, бұл қызметтің де қыр-сырына қанық болған еді. 2001 жылдың маусымында қазақ темір жолы тарихында алтын әріптермен таңбаланған «Хромтау – Алтынсарин» жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Бұл магистраль Қазақстанның солтүстігі мен орталығынан Ақтау халықаралық теңіз портына дейінгі жүк тасымалының қашықтығын анағұрлым қысқартқаны белгілі. Міне, осы құрылыс басталғанда, біздің басты қаһарманымыз Жаңа желі құрылысы бойынша дирекцияны басқарған еді.

– «Хромтау – Алтынсарин» жаңа темір жол магистралінің іске қосылуы – жергілікті тұрғындардың, әсіресе Әйтеке би станциясы халқының ұмытылмас қуанышты сәттерінің бірі болды. Олардың арасында теміржолды алғаш рет көріп, рельстерді ұстап көріп жатқандар да болды. Сол кезде көпті көрген менің көзіме еріксіз жас келді, мен бұл адамдардың өмірінде жақсы өзгерістер болатын уақыт жеткенін сезіндім, – дейді сол уақытты еске алған кейіпкеріміз.

2008 жылы Борис Есенаманов «Компания «Жол жөндеуші» ЖШС-да еңбек етіп жатқан жылдары, мемлекеттік маңызға ие «Жетіген-Алтынкөл» жаңа теміржол желісінің құрылысы басталады. Бұл жұмыс та жол құрылысы саласында тәжірибесі мол Борис ағамызға сеніп тапсырылған болатын. Кейінгі «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа теміржол желісінің құрылысында да оның басы-қасында жүріп, басшылық еткен ардагер теміржолшының қолтаңбасы жатыр. Борис Александрұлы – өзінің еңбек жолында кәсіби маман, білікті басшы болумен қатар көптеген жастардың қызметтік сатыда көтеріліп, басшылық қабілетінің ашылуына, білім-біліктіліктерін арттыруға себепші болған тәлімгер ұстаз. Оның шекпенінен шыққан шәкірттерін Қазақстан темір жолында ғана емес, Ресейден де кездестіресің.

«Борис Александрұлы – теміржолдың «мэтрі». Ол еңбекқор және өте жауапты адам, өз мамандығына берілген жан және әділ басшы болды. Сондай-ақ, теориялық білімді тәжірибемен керемет ұштастыра білген үлкен ғалым», – дейді теміржол тарланын ұстаз тұтқан «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышев.

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, өз кезегінде Борис Александрұлы да Қанат Омаров, Сермұхамбет Есекеев, Маулен Жаппарқұлов, Павел Синица, Марат Хамзин, Мылтықбай Досмамбетов, Құдайберген Көпжасаров, Рымбек Тұрғанбаев, Нығметжан Исингарин, Көбжан Мұхаметжанов, Юрий Панов, Борис Родионов, Александр Захаров сынды ұстаздары мен әріптестерін ілтипатпен еске алады.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды