Атырау станциясы. Жұмыс өнімділігі артқан

Фоторепортаждар
17.07.2020, 09:33
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қаланың басты қақпасы саналатын Атырау станциясы бірінші класты учаскелік станция болып саналады. Елдегі төтенше жағдай кезінде де станция жұмысын тоқтатқан жоқ, ешбір теміржолшы жұмысынан шеттетілмеді. Станцияда бүгінгі күні пойыз құрастырушылар, станция кезекшілері, жүк кассирлері, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторлары, жүк-багаж қабылдаушы, белгі беруші, ЭВМ операторлары, т.б. бар жүзге жуық адам жұмыс істейді.

Станция бойынша жұмыс өнімділігі өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда өскені байқалады. Маусым айында орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспарда 0,4 вагон болса, нақты 2,4 вагон тиеліп, 600,0 пайызды құраған. Тоннамен есептегенде 87,2 тонна жүк тиеліп, жоспар 348,8 пайызды құрапты. Айлық көрсеткіш жаман емес. Ал, жүк түсіру тәулігіне 58,8 вагон болып, 94,1 пайызға жетті. Жергілікті вагондардың тұруы 26,20 сағат орнына 26,04 сағат болып, 100,6 пайызға жеткен. 2020 жылғы жартыжылдық көрсеткішке келсек, орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі өткен жылғыдан кеміген. Жоспардағы 5,4 вагон орнына 2,6 вагон болып, 48,2 пайызды құраған. Тоннаға шаққанда 120,5 тонна болып, 47,3 %-ға орындалған.

Станцияның бас инженері Бекжан Жиенбетовтің айтуынша, жүк тиеу көлемінің кемуіне тапсырыс беруші бірқатар мекемелердің жүктерінің келмеуі себеп болған. Оған COVID-19 індеті кесірінен өңірдегі көптеген мекемелердің жұмысының уақытша тоқтауы да себеп болып отыр. Мәселен, «Драм Металл Групп» ЖШС 62 вагонға тапсырыс бергенімен, оның 26 вагоны жүк жоқтығынан тиелмей қалған. Сол секілді «Тенгиз Трейд», «Казвторконтракт», «НурЖолТрансЛогистик» ЖШС сынды бірқатар тапсырыс беруші мекемелердің вагондары жүктің жоқтығынан тиелмеген.

Ал, жүк түсіру көлемі Атырау станциясында әлдеқайда жоғары болды. Өткен 6 айда орташа тәуліктік 44,8 вагон орнына 49 вагон болып, орындалуы 109,4%. Статистикалық салмақ 98,3 пайызға орындалды. Жұмыс паркі 249 вагонды құрап, 97,2% болды. Жергілікті вагонның бір жүк операциясына тұруы да 102,0 пайызды құрап, жоғары межеден көрінді. Жалпы алғанда, станцияда вагондарды пайдалану, маневрлік жұмыстар, жоспардан тыс вагонның бөлінуі, вагондарды уақытылы ағытып-тіркеу, жүкті және жылжымалы құрамдарды сақтау, вагондардың құжаттарда көрсетілген уақытынан артық тұрмауы – табыс көзін арттырған.

Бүгінде Атырау станциясында жөнелтілетін пойыздардың саны, яғни өткізу қабілеті 20-22-ге тең. Десе де, проблемалық мәселе де бар. Станцияда ұзындығы 1250 метр болатын қабылдап-жөнелту 9 жолы, 6 сұрыптау жолы, аз қуаттағы дөңес, №26, №27, №35 үш тартымдық жол бар. Соңғыларына 85-90 вагон сыйса, №26 тартымдық жол қысқа, тек 54 вагон ғана сыяды. Ал ол вагондарды тарату кезінде екіге бөлініп, қиындық туғызады. Оның үстіне техникалық жағынан бұзылып келген-тұрған пойыздарды көп вагон ішінен екшеп бөлек шығару да оңай емес екен. Тартымдық жолдың қысқалығы осындайда қолбайлау болады. Оны ұзарту мәселесі көптен айтылып келе жатқанымен, шешілген жоқ.

Станцияда жүк және қозғалыс цехтары да жұмыс жасайды. Станциядан жеті халықаралық, алты жергілікті пойыз өтеді. Бірақ наурыз айынан бері елдегі төтенше жағдайға байланысты жолаушылар қатынасы біраз сиреді. Соған сәйкес бүгінде тәулігіне 13-15 пойыз жөнелтіледі. Сондайақ Қарабатандағы «Болашақ» зауытының жұмысшыларының уақытылы барып-келуіне «АтырауҚарабатан» қатынасында вахталық пойыз қосылған болатын, бірақ Теңіз кенішіндегі коронавирустың өршуіне байланысты, ол да жүрісін азайтты.

Станция тек өндірістік немесе мемлекеттік маңыздағы тасымалмен ғана емес, сонымен қатар жеке кәсіпкерлік субьектілерімен де жақсы қарым-қатынаста еңбек ете білуде. Мәселен, станцияға әр тараптан келетін жүктердің тұрақты тұтынушылары болып саналатын «Кеденстранссервис» ААҚ, «Бертас» ЖШС, «Батыс транс», «СВХ Мерей» ЖШС, «Қазстройсервис» АҚ, «Атыраумұнайгазгеологиябурение», «Гурьевснаб» АҚ, ЦБКО «Ембімұнайгаз», «АТК», «Атырау көлік» ЖШС секілді және тағы да басқа ірілі-ұсақты компаниялар мен фирмалар арасында өзара қарым-қатынас орнату арқылы екі жаққа да тиімді істер атқарылуда.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді