Практикалық сабақта тежегіш жабдығының қыр-сыры түсіндірілді

Қауіпсіздік
21.04.2023, 10:44
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мақат локомотив пайдалану депосында Атырау вагон пайдалану депосы мамандарымен бірлескен «Тежегіш жабдығына – ерекше бақылау» атты айлық аясындағы практикалық сабақ өтті.

Ганюшкино, Атырау, Ақжайық, Махамбет, Мақат, Сағыз, Құлсары өндірістік-техникалық қызмет көрсету пункттерінің басшылары, нұсқаушы, техникалық, өндірістік оқыту шеберлері, слесарь-жөндеуші, аға вагон қараушылар, инженер-технологтары қатысқан теориялық сабақ барысында жылжымалы құрамның тежегіштерін пайдалану бойынша нұсқаулықтар, тежегіштерді пойыз жүріп бара жатқанда басқару, станцияларда автотежегішті толықтай тексеріп шығу, пойыздың әр жүз тонна салмағында тежегіштерді басу, стандартты емес жағдайларда локомотив бригдаларының әрекеті қандай болуы керек деген сынды мәселелер айтылып, түсіндірілді.  

Ал практикалық сабақ барысында пойыз тежегіштерін бақылап тексеру тәртібі көрсетілді. ТЧЭ-4 және ВЧД-1 мамандары 2ТЭ10МК №0222 сериялы тепловоз кабинасында табло арқылы тепловоз магистралінің тежегіштік және қоректік тығыздығын, теңдеуші резервуардың (ТР) тығыздығын тексеру, ТР қысымының артуын, тепловоз қысымының тұрақтылығын сақтау сынды тежегіштер жұмысының қыр-сырымен танысты. Сабақ барысында Мақат локомотив пайдалану депосының нұсқаушысы Аралбеков Жанболат вагоншыларға тежегіштер жүйесінің жұмысын тәптіштеп түсіндіре айтты, көрсетті, сұрақтарға жауап берді. Нұсқаушының айутынша, бұрынғы ТМ тепловоздары қарапайым, қондырғысы оңай болса, Эволюшн тепловоздары толықтай компьютерлендірілген. Мұнда тепловоздың май деңгейі, шығын, тежегіш жұмысы, басқа да мәліметтерді таблода көрсетіп тұрады. Сондықтан жөндеу жұмыстары да күрделі.  

«Қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда пойыздар тежегіші бойынша технологиялық талаптар толық сақталуы қажет, ол бұлжымас қағида. Сондықтан оның құрылымы мен жұмыс жасау жүйесін тек машинистер ғана емес, вагоншылар да білгені абзал. Пойыз тоқтап қалса, оның неден болып тұрғанын, тепловоздан ба, әлде вагоннан ақау болды ма, соны анықтау қажет. Мұндай жағдайда вагоншылар мен локомотившілер бірлесе әрекет етуге тиіс. Бірлескен техникалық оқу алдағы уақытта да жалғасатын болады. Пойыз тұрып қалған жағдайда локомотив бригадасы мен вагоншылар өз салалары бойынша ақау себебін табуға табуға тырысады. Ал мұндай практикалық сабақ ақауды тезірек тауып, бірлесе әрекет етуге жұмылдырады», – дейді Атырау вагон пайдалану депосының бас инженері Рашид Мұсабаев.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды