Пойыз қаққан малға иесі жауапты

Қауіпсіздік
15.05.2024, 12:42
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистралды желі бөлімшесіне қарасты жолдар Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Мақат, Қызылқоға, Жылой аудандарын қамтып жатыр. Бөлімшенің «бас ауруы», бүгінгі басты мәселенің бірі жолға қараусыз ірі қара малының шығуы және темір жол өткелдеріндегі жол көлік оқиғаларының орын алуы  болып отыр. Биылғы жылдың төрт айында Атырау магистралды желі бойынша жолға мал шығу салдарынан тепловоз машинистері шұғыл тежеу қолданып 9 мал басу оқиғасы орын алып отыр. Ал өткен жылы жыл бойына 48 мал басу оқиғасы орын алған. Бөлімше тарапынан жолға мал шығуын болдырмау мақсатында 2023 жылы 149,2 шақырым малдан қоршау тұрғызылса, 2024 жылға 93,7 шақырым қоршау тұрғызу жоспарланып отыр.

- Жолға малдың шығып кетуі теміржолшылар үшін үлкен проблема болып отыр. Қараусыз малдардың өріске шығып темір жол бойына жайылуы, локомотивтердің шұғыл тежеу қолданып тоқтауы пойыздардың қозғалыс кестесінің бұзылуына әкеліп соғады. Малды теміржолдың айналасында бағудың өз тәртібі бар. Әр елдімекеннің, шаруа қожалықтың мал жаюға арналған белгіленген учаскесі болуы тиіс. Мал сол белгіленген учаскелердің ішінде бағылады. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Теміржол көлігі туралы» және теміржол көлігіндегі басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қоршалмаған учаскеде малды теміржолдан 300 метр қашықтықта арқандаулы күйде бағуға ғана рұқсат берілсе, теміржолдан 2000 метр қашықтыққа дейінгі малдар үнемі қадағалаумен бағуға рұқсат етілген. Егер осы заңдылықтар сақталмаған жағдайда, теміржол жиегіне мал жайып, жолды қардан қорғайтын ағаштарды, құмнан қорғағыш қамыстарды және басқа да теміржолдың материалдарын бүлдірген болса мал иесіне ҚР ҚК «Көлік және жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  559-бабына сәйкес әкімшілік шара қарастырылған, - дейді бөлімше бастығының бірінші орынбасары Аманқос Жылқыбаев.  

Бөлімше тарапынан малдың теміржол бойына шығуын тоқтату мақсатында аудан әкімшіліктеріне хат жолданып, малды теміржолдан тыс жерлерге шығарып бағу орындарын белгілеу ұсынылған. Алайда, одан қорытынды шығып жатқан жоқ. Көптеген мал иелері жергілікті табиғат жағдайына байланысты малды бос жайылуға жіберетінін айтып ақталады. Олар ірі қара малдың пойыздардың алдынан жол бойына шығуының артында ең бірінші  азаматтардың өмірі, экономикалық-материалдық шығындар жатқанын түсіне бермейді.  

«Кейбір басылған малдардың құлақтарында сырғаларының болмауы немесе ветеринарлық базадан табылмайтыны мал иесін таптырмай кетеді. Сондықтан да аудан әкімшіліктері ауылшаруашылық малдарын теміржолдан тыс жерлерге шығарып бағу орындарын белгілеп, мал иелерінің өз міндеттерін орындауын қатаң қадағалауға алса игі», - дейді А.Жылқыбаев.

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді