Елімізде қанша вокзал бар?

Қауіпсіздік
08.11.2024, 09:06
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол вокзалдары магистральдың маңызды бөлігі және көлікпен тасымалдау тораптары бола отырып, әртүрлі көлік түрлерінің өзара байланысын қамтамасыз етеді. «Магистраль-Live» сараптама алаңында «Вокзал шаруашылығы: әлеуметтік қамсыздандыру және стратегиялық даму» тақырыбы талқыланды.

Вокзалдар қызметі қауіпсіздік, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасап, сервис құру және қолжетімді көлік ағынын қамтамасыз ету мүмкіндіктерімен байланысты. Әлеуметтік маңызы бар нысандар аптаның жеті күні 24 сағат жұмыс істейді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы филиалының вокзал шаруашылығы жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда 301 вокзал бар. Ал күн сайын Қазақстан темір жолдарымен 139 жұп жолаушылар пойызы өтеді. 59 вокзал кластарға жіктеледі және тиісінше қауіпсіздікті, оның ішінде терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарға сай келеді.  

– Мәселен, бірінші класты және кластан тыс 14 вокзал бар. Екінші-үшінші класты вокзалдарда заңнамаға сәйкес тексеру рәсімдері жүргізілмейді. Алайда, бұл вокзалдар бейнебақылау, өрт дабылы жүйелерімен жарақтандырылған. Жалпы, биыл қазан айындағы жағдай бойынша тексеру қызметтері 200-ден астам тыйым салынған заттарды алып өту әрекетін анықтады. Дегенмен мұндай жағдайлардың төмендеу үрдісі байқалады, – деп атап өтті ол.  

Көрпебаевтың айтуынша, компания ҚР ІІМ-мен бірлесіп, тиісті алгоритмдері бар «Ақылды камераларды» орнату мәселесін пысықтауда, мысалы бір жерде бірнеше адамның жиналуы, иесіз қалған заттар және т. б. Бүгінде бұл жоба ірі вокзалдарда пилоттық режимде іске асырылуда. Сонымен қатар бүгінгі таңда 7 вокзал әкімдіктердің қарамағында, олар – Алматы-1, Алматы-2, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Екібастұз және Ақсу вокзалдары. Бұл ретте жолаушыларды қабылдау және жөнелту, вокзал бойынша кезекшілер, анықтамалық қызметтердің жұмысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға жатады. Осы объектілердің ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану жауапкершілігі қала әкімдіктерінің құзырында.  

Сондай-ақ компания бүгінде сауда алаңдарын жеке павильондарға бөлу мәселесін қарастыруда. Жақын болашаққа жоспарланған жұмыстар қатарында Астана-1 вокзалын күрделі жөндеу, Шу вокзалында да бірқатар жұмыстар жүргізу бар. Қысқасы, саланың әлеуметтік объектілері болып саналатын, сондай-ақ негізгі стратегиялық рөл атқаратын теміржол вокзалдарының дамуына үнемі назар аударылып, оның қызметі басты назарда болады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды