Алдын алу шаралары нәтиже беруде

Қауіпсіздік
07.02.2025, 09:25
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жылы машинистер жолға шыққан мал мен жанды басып кетудің алдын алу үшін 4 700-ден астам шұғыл тежегіш қолданған.  

Локомотив бригадаларының сауатты әрекеттерінің арқасында 3 406 жағдайда пойыздың адам не мал басып кетуінің алдын алу мүмкін болды. Қауіп-қатердің алдын алу шараларының арқасында темір жолда жарақат алған адамдар саны да азайды.  

Өткен 2024 жылы Үйлестіру кеңесінің 298 отырысы ұйымдастырылып, оған прокуратура, полиция, көліктік бақылау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. 166 мыңнан астам адамды қамтыған тұрғындармен жұмыс аясында 12 мыңнан астам жиналыс өткізілді.  

«Темір жол – тек көлік жүйесі ғана емес, сонымен қатар қауіптілігі жоғары аймақ. Осыны біле тұрып көп адамның сақтық шараларын елемейтіні өте өкінішті. Бұл адамның өз өмірін, денсаулығын қатерге тігуі болып табылады. Теміржолшылар барлық аймақта профилактикалық шараларды үздіксіз жүргізіп, адамдарға жолдан өту ережелерін түсіндіріп, түрлі кездесулер, рейдтер өткізіп келеді», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің өкілі Мұрат Мусин.  

Маманның айтуынша, өткен жылы өндірістік емес жарақаттанудың 75 жағдайы тіркелген. Оқиғалардың ең көбі Шымкент, Ақтөбе, Жамбыл және Ақмола жол бөлімшелерінде тіркелген.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда