Майдан мен тылды жалғаған

Темір жол тарихы
07.05.2024, 09:20
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Кеңес үкіметі 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 600 мыңы – қазақстандықтар. Олардың 70 пайызы соғыс даласында мерт болып, тек 30 пайызы ғана елге оралған. Сол қиын жылдары темір жол стратегиялық маңызы аса зор объект ретінде маңызды рөл атқарды.

Ұрыс даласы мен тылды жалғап, соғыс техникасы мен жауынгерлердің жедел тасымалдануы және жабдықталуы тікелей темір жолға тәуелді болды. Соғыс жүрген 4 жылда әскери тасымалдар 19,7 млн вагоннан асып кеткен. Темір жолдың арқасында халық пен өндірістік кәсіпорындарды жау басып алған аудандардан ішке көшіріп, оқшаулау мүмкін болды. 1941 жылдың екінші жартысының өзінде осы мақсатқа шамамен 1,5 млн вагон тартылған. Күрделі соғыс жағдайында батыстан шығысқа 2,5 мыңнан астам өндірістік кәсіпорын, миллиондаған тонна азық-түлік пен басқа да жүктер теміржолмен жеткізілген. Теміржолшылардың үлкен күш-жігерінің арқасында Қазақстаннан Сталинград майданы бағытына әскери жүктер эшелонын жөнелту мерзімінен бұрын жүзеге асырылып, қару-жарақ, киім-кешек және азық-түлік тиелген 30 эшелон жөнелтілді деген дерек айтылады.  

Соғыс кезінде теміржолшылар тасымалды бір минут та тоқтатпай, үздіксіз жүргізе отырып, жау ұшақтары талқандаған станциялар мен тораптарды, локомотивтер мен вагон деполарын, көпірлер мен өзге де имараттарды қалпына келтіріп отырды. Соғыс жылдарында кеңес елінің теміржолшылары 120 мың км жолды қалпына келтіріп, 10 мың км жуық жаңа теміржол магистралін салған. Сонымен қатар теміржолшылар соғыс кезінде солдаттар мен ұрыс техникасы, азық-түлік тиелген 20 миллион вагонды тасымалдаған. 1939-1943 жылдары қазақстандық теміржол магистралі 10 мың км құрады.  

Республика темір жолдары бойынша тек Қазақстан мен Орталық Азияға шамамен 1,5 миллион тұрғын эвакуацияланып, құрал-жабдықтар мен 308 кәсіпорын көшірілді. Тыл мен майданды керек-жарақпен қамтамасыз етуде басты күш темір жолға түсті. Қазақстандағы темір жолдардың рөлі орасан артты. Ол тылды майданмен, орталық аудандармен байланыстырып, көмір, мұнай тасымалдауда басты арнаға айналды.  

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан темір жолдарының ұзындығы 25% өсіп, 1941 пен 1944 жылдары әр өңірде онға тарта жаңа желі іске қосылды.

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді