Абай облысын өркендетуде теміржолдың маңызы зор болмақ

Аймақтар
01.07.2022, 11:41
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жаңадан құрылған Абай облысындағы өңдеу және өндіріс секторын қалпына келтіруде теміржол саласының ықпалы артатын болады. Аймақ логистикасында жылжымалы құрамдарды пайдаланудың үлесі ендігі жерде айтарлықтай жоғарыламақ.

Бұл туралы ҚР Парламенті депутаттары мен бірқатар министрлік өкілдерінің жаңа облыс орталығы Семей қаласына жасаған арнайы сапары барысында кеңінен талқыланды. Атап айтсақ, өңірді дамытуда жетекші орын алатын аграрлық секторға серпін беруде жүк тасымалын теміржол арқылы жүзеге асыру қазірдің өзінде кеңінен жолға қойылуда. Мәселен, үкімет мүшелері мен мәжіліс депутаттары майлы дақылдарды өңдеумен, тазартылған май өндірумен және шетелге экспорттаумен айналысатын «Qazaq Astyq Group» ЖШС-н аралау барысында теміржол тұйығы арқылы жүк жөнелтудің заманауи оңтайлы тәсілдерімен танысты.  

– Біздің зауыт бүгінде тазартылмаған өсімдік майын шығарады. Дайын өнім өзімізде құю және тазарту сызығы болмағандықтан бірден теміржол арқылы жөнелтіледі. Алдағы уақытта жоспарлар аясында қолға алынуы тиіс жаңа жобалар бар, – дейді кәсіпорын басшылығы. 

Зауыт өнімінің экспорттан артылған 20 пайызы республика көлеміне теміржол тасымалы арқылы таратылатын болады. Бұл шаралар алдағы күзден бастап орын алмақ. 

Қазіргі таңда жылжымалы құрам игілігін пайдаланудың тиімділіктері жан-жақты сарапталып жатыр. Қазіргі таңда қуаттылығы аса жоғары кәсіпорын аумағынан шығатын теміржол желісін Семей жол дистанциясының жұмысшылары жол машиналары арқылы ағымдық жөндеуден өткізіп, шпалдарын ауыстырып шықты. Ондағы қозғалыс Семей станциясының қадағалауында. 

Абай облысының басшылығы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәлімдеген Қазақстанды ауқымды жаңғырту тұжырымдамасына тікелей сәйкес келетін, жаңа инновациялық технологияларға инвестиция салуды қолдайды. Семей қаласы Шығыс пен Батыс арасындағы ең ірі транзиттік хаб, осыдан 100 жыл бұрын өлке арқылы Транссібір магистралі өткені кездейсоқ емес, сондықтан жергілікті атқарушы билік теміржол тасымалының мүмкіндіктерін барынша пайдалануды көздейді. 

Сол тәрізді теміржол тұйықтары, жалпы жылжымалы құрамдарды пайдалану арқылы аймақтың индустриялық әлеуетін дамыту, тіпті, азық-түлік пен өзге де тауарлардың баға тұрақтылығына ықпал ету мәселелері Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеңінен қарастырылуда. Мәселен, облыс басшылығының шешімімен Тараз және Көксу қант зауыттарынан 430-450 теңге/кг бағамен 28 вагон болатын құмшекер сатып алу үшін 839 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Жеткізу апта сайын жүк пойыздары арқылы жүзеге асырылады. Осылайша өнімдер тұрақтандыру қорының сауда павильондарына жөнелтілмек. Жалпы, жүк пойыздарына тапсырыс беру автокөлікке қарағанда анағұрлым арзанға түседі. Облыстағы инфляцияға қарсы әрекет бойынша шараларды іске асыру шеңберінде бұл мәселе бірінші кезекте қарастырылған. 

Аймақ логистикасы бойынша автокөліктен теміржол желісіне ауысып жатқан орта кәсіпкерлік субъектілері көп. Мәселен, Өскемен қаласындағы «Өркен-КШТ» индустриялық аймағын дамыту бойынша көптеген жаңа жобалар ішінде теміржол тұйықтарын салу ісі көзделінген. Мұндай шаралар қатары, Семей мен Аягөз станциялары бойынша да жыл сайын артып келеді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады