Атырауда тексеріс комиссиясының қорытындысы шығарылды

Аймақтар
19.05.2023, 10:16
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің көктемгі байқауды қорытындылау жиынында инфрақұрылымның, жылжымалы құрамның, өндірістік-техникалық нысандардың ағымдағы жай-күйі, қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау, жұмысшылардың кәсіби дайындығы, қызметтік-техникалық ғимараттардың жағдайы сараланып, кемшіліктер сөз болды.

Тексеру комиссиясының төрағасы, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аслан Базарғалиев атап өткеніндей, өткен 4 айда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, жұмысшылардың тәртібі – қанағаттанарлық. Тексеріс кезінде бөлімше бойынша барлығы 414 кемшілік анықталған. Бас инженер Бауыржан Картанның мәлімдеуінше, тексеріс кезінде станциялардың вагон, локомотив деполарының басшылары тарапынан қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша лауазымдық міндеттер жеткілікті деңгейде атқарылмайтыны анықталған. Қызметкерлердің білім деңгейі, стандартты емес жағдайлардағы іс-әрекетке дайындығы төмен, нормативті-техникалық құжаттамалар дұрыс жүргізілмейді. Еңбек және жеке норматив бойынша 56 кемшілік анықталып, 3 адам қайта аттестациялауға жіберілген. Оның бәрі техникалық сабақтардың сапасына мән беру қажеттігін ескертеді.  

Бөлімшенің бас ревизоры Жәнібек Көбеевтің баяндауынша, локомотив шаруашылығы бойынша Мақат және Атырау деполарында барлығы 83 кемшілік анықталған. Машинист-нұсқаушылар локомотив бригадаларымен тәрбиелік-алдын алу жұмыстарын жеткілікті деңгейде жүргізбейді, машинист жұмысын бақылау төмен, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді ұйымдастыру және техникалық шаралар жүзеге асырылмайды. Локомотив деполарының басшылары тарапынан өздеріне қарасты мәселелер бойынша қажетті шаралар алынбайды. Атап айтқанда, жұмыс технологиясын, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұйымдастырушылық және техникалық шаралар алу, цехтар мен учаскелерді тексеру, локомотивті жөндеу сапасын қадағалау, жылдамдықты реттеу лентасы мен кассетаның дұрыс көрсетуін тексеру, ТО-2 техникалық қызметінен кейін локомотивтердің жағдайын тексеру, т.б. мәселелер.  

«Сервистік қызметтен кейін локомотивтер кепілді мерзімге жете алмай қалады. «Қамқор локомотив», «Мақат локомотив жөндеу депосы», вагон деполарында бұрынғыша қосалқы бөлшектер жетіспейді. Атырау вагон депосында техникалық қызмет көрсету пункттерінің жұмысы нашар. Оның дәлелі ретінде қарауға берілген 12 жүк пойызының 52 вагонынан комиссия кемшілік тапты. Олардың ішінен 10-ы ағымдағы жөндеу ағытылып алынса, 2-і қайта өңдеуге жіберілді. Бұл – қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жайттар», – дейді резизор.  

Сондай-ақ қажетті қосалқы бөлшектер санының тізімі жоқтығымен қатар, Мақат, Құлсары пункттерінде крандар мен компрессорлы блоктар жарамсыз күйде болған. Вагон қараушылар тарапынан вагонды қарау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталмай жатады. Вагон қараушыларға фонарь жетіспейді. Рациялардың қашықтықты ұстауы төмен, сондықтан кейбірі оны қолданбайды. Жоспардан тыс техникалық сабақтар да уақытылы өткізілмейді. Сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагон қараушылар жұмысына бақылау жүргізу қажет.  

Сонымен қатар малға қарсы қоршауларды жөндеу дер кезінде жүргізілмей, бұзылған күйінде қалатыны сөз болды. Жолдарды құмнан тазартуды да үнемі жүргізіп отыру керек, атап айтқанда Құлсары – Бейнеу, Атырау – Исатай учаскелерінде жолды құмнан тазарту жұмыстарын технологиялық талапқа сай ұйымдастыру қажет, алайда олар соған арналған арнайы құралдармен жасалуы тиіс, әйтпесе өмірге қауіпті жағдай орын алуы мүмкін. Байланыс саласы бойынша СОБ қондырғысын күтіп-ұстау, оларды қолдану технологиясы мен нормативтер белгі беру және байланыс дистанциялары басшылары мен участок жетекшілері, аға электромеханиктер тарапынан жеткілікті дәрежеде орындалмайтыны, электроқұралдарда да ақау көп табылғаны сөз болды. Жолдардың сапасына да сын аз айтылған жоқ, жол шеберлері мен жол бригадирлеріне жауапкершілікті арттыру қажеттігі ескертілді.  

Жиын соңында аталған жайттар саралана келе, бөлімше басшылығы тарапынан көктемгі тексеріс анықтаған кемшіліктерді түзету, олқылықтарды қалпына келтіру уақыты белгіленіп, мамандардың білімі мен біліктілігін арттыру, өз міндеттеріне жауапты қарау, техникалық сабақтар сапасын жақсарту, еңбек және қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде шешімдер қабылданды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды