Тараз оқу орталығындағы жаңашылдықтар

Аймақтар
16.05.2025, 09:12
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қазір «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Тараз көліктегі оқу орталығында біліктіліктерін арттырып, кезекті оқу курсынан өткен теміржолшылар қайтадан жұмысқа оралып, тыңдаушылардың жаңа легі келіп жатқан кез. Осылай жыл бойы оқу процесі толастамайды.

– Орталыққа теміржолшылар еңбек алаңында енгізіліп жатқан жаңа технологиялардың тілін үйреніп, жұмыс барысында туындайтын сұрақтарына жауап алу үшін келеді. Сол себепті оқытушылар теориялық-практикалық тұрғыда тәжірибелі мамандар ма, соған назар аударады. Бізде жалпы 18 қызметкер, 13 мұғалім, жалпы 31 адам еңбек етеді. Олардың бәрі – осы саланың қыр-сырын жақсы білетін білікті кадрлар. Жалпы орталықтағы әрбір оқу кабинеті стандарттарға сәйкес барлық заманауи талаптарға жауап беретін арнайы оқу құрылғыларымен жабдықталған, – дейді Тараз көліктегі оқу орталығының директоры Лашынкүл Күзербаева. Оқу орталығында тиісті материалдық базамен жабдықталған 13 оқу кабинеті, тест тапсыратын бір компьютерлік сынып бар.

Компьютерлер қажетті ақпараттық жүйелерге қосылған. Әр компьютерге 3Д жүйесінде жаттығу бағдарламасы да жүктелген. Осы жаттығу жүйесі арқылы машинистер сынақ тапсырып, тәжірибелерін шыңдай алады. Оқу кабинеттері негізгі ғимаратта, ал электровоздың қондырғысы, пайдалануы және техникалық қызмет көрсетуі, іштен жану қозғалтқышы, орталықтандырылған дабыл және блоктау электромеханика сынды кластар қолданылатын техникаларына қарай өз алдына бөлек орналасқан. Сондай-ақ практикалық полигон мекеменің ауласында. Онда жолшылар мен жол шеберлері шпалдардың, бағыттауыш бұрмалардың, рельс бекітпелерінің орналасуын көріп, тәжірибелік сабақ өтеді.  

– Біздің орталыққа біліктіліктерін арттыруға Қазақстанның барлық облыстарынан келеді. Оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс аймақтарды түгел қамтимыз. Жылына 3000-ға жуық теміржолшы оқып шығады. Оқу процесінің мерзімі әртүрлі. Мысалы, біліктілігін арттыруға келсе, 1 ай оқиды. Ал дайындық курстары 3 ай, – дейді орталық басшысы.  

Курсқа келетін теміржолшыларды мамандығы бойынша сараласақ, 33 түрлі кәсіп иелері бар. Айталық, дефектоскоп арбасының операторынан бастап, жол бригадирі, жол шебері, дрезина жүргізушілері, СОБ электромеханиктері мен электромонтерлары, локомотивтердің түрлеріне қарай тепловоз, электровоз машинистері мен көмекшілері, жол машиналарын реттеуші немесе бағыттаушы жөндеуші, жылжымалы құрамды жөндеуші секілді әр салалық бағыттағы жұмысшы мамандықтардың бәрі орталыққа келіп, білім-білігін жетілдіре алады.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда