Тоқсанды табысты қортындылады

Аймақтар
10.04.2020, 13:47
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Әлемді үрейлендірген қауіпті вирустың ушығып кетуіне және елдегі төтенше жағдайға қарамастан Атырау жүк тасымалы бөлімшесі үшін биылғы жылдың алғашқы тоқсаны табыссыз болған жоқ, жоспар тиімді орындалып отыр.

Өткен үш айда техникалық жоспарға сай негізгі 13 көрсеткіш 100 пайыздан аса орындалған. Яғни, пайдаланым жүк айналымы 2426,5 млн.т-км.нетто болып, 105,1 %-ды құрады. Жүк тиеу көлемі 2739,5 мың тонна болып, орындалуы -101,5 пайызды көрсетті. Пайдаланым жүк айналымымен қоса, жұмыс вагонының айналымы 101,5, жергілікті вагон айналымы 101,2, ал жүк вагонының өнімділігі 100,4%, тиелген вагонның динамикалық салмағы 101,4, вагонның орташа тәуліктік жүрісі 99,9,%, вагонның статистикалық салмағы 101,8%, жүк пойызының орташа салмағы 4019 тоннабрутто, яғни 101,4 % көрсетіп, аймақта жүк тасымалы көлемінің үш айда тәп-тәуір артқанын байқатты.

Локомотив жүрісі 100,1%, пойыздың учаскелік жылдамдығы 100,2%, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы 100,4%, вагонның бір жүк операциясына тұруы 101% болып орындалды. Аталған он үш көрсеткішке қарап, өңірде тасымал тасқыны ойдағыдай екенін байқауға болады.

Ал енді Директорлар кеңесі жоспары бойынша қарасақ, пайдаланым жүк айналымы 2426,5 млн.т-кмнетто болып, 99,9 %-ды құрады. Жүк тиеу көлемі 7793,5 мың тонна болып, орындалуы 106,8 пайыз болды, жүк вагондарының айналымы 100%, пойыздың орташа салмағы 102,1%, сол секілді негізгі басқа көрсеткіштер де жоғары деуге негіз бар. СД бойынша 11 пайдаланым көрсеткіші орындалған. Межеге жетпей қалғаны – төрт көрсеткіш.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Темірхан Аманқұловтың айтуынша, жылдың бастапқы екі айында пайдаланым жүк айналымы жүз пайызға орындалған, тек наурыз айында жүк вагондарының азаюынан (тәулігіне 60 вагон) жүк вагондарының жүрісі кеміген. Жүк вагондарының айналымы бөлімшенің ішкі және сыртқы торабында бос вагондардың көбеюінен болған.

СД бойынша вагондардың орташа тәуліктік жүрісінің азаюы жүк және бос вагондардың қысқаруынан, сонымен қатар Құлсары, Қиғаш тораптары бойынша бос жартылай вагондардың, цистерналардың, астықтиегіштер мен жергілікті вагондардың көбеюінен орын алған. Пойыздар қозғалысының орташа учаскелік және техникалық жылдамдығының кемуіне кейбір учаскелерде жылдамдықты шектеуге ескерту берілгендігінен болған. Оған шпалдың ақаулығы, Сағыз түйіспесі бойынша пойыздардың көбейіп кетуі (тәулігіне 13 пойыз орнына 14 пойыздан, ал кей күндері 19 пойыздан келген) себеп болып, аралық станцияларда пойыздардың тұрып қалуына алып келді. Жылдамдықтың кемуіне ауа-райының қолайсыздығы да әсер етіп, облыста желдің күшеюі секундына 15-22 метрге жетті.

Мақат, Атырау, Құлсары, Махамбет, Сағыз, Ақжайық, Қарабатан станцияларында жүк операциясына келген вагондардың тұрып қалуы, жиналуын күту, локомотивтерді жалғау жұмыстары да учаскелік жалдымдықтың төмендеуіне әсер еткен. Алайда, жалпы алғанда өңірде жүк айналымының қарқыны алғашқы тоқсанда көңіл тоғайтарлық болған. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды