3 паркке қызмет көрсетеді

Аймақтар
29.10.2020, 17:27
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан темір жолының Қытаймен шекарадағы маңызды стратегиялық нүктесі – Алтынкөл станциясында Алматы вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету қосыны бар. Тар және кең шанақты жолдар арқылы жүретін құрамдарға қызмет көрсететін шекаралық вагон шаруашылығында 53 адам еңбек етеді.

Олардың екеуі кең және тар шанақты ТҚКҚ-дары бойынша басшылар болса, қалғандары – оператор, компрессор қондырғысының машинисі, жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь, вагон қараушы-жөндеушілер. Соның ішінде ең көбі, яғни 36 адам – вагон қараушылар. 

Вагоншылар биыл өткен 9 ай ішінде кең шанақты жолмен Қытайға бет алған 1270 пойызды жөнелтіп, олардан 1271 пойызды қабылдап алған. 

Сонымен қатар тар шанақты жолмен 3136 пойызды жөнелтіп, 2846 пойызды қабылдап алып, барлық құрамға қажетті техникалық қызмет көрсеткен. Соның ішінде кең шанақты пойыздар бойынша 739 вагоннан ақау тауып, оларды ағымды ағытып жөндеуге жіберген. 

Тиеу жұмысы барысында 109 591 вагонды қараған және 1764 контейнерлік пойызға техникалық қызмет көрсеткен. 

Олардың 217-сі Германияға, қалғандары Словакия, Литва, Венгрия, Польша, Белоруссия, Нидерланды, Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан, Түркіменстан, Иран, Түркия, Италия, Әзербайжан және Грузия елдеріне жөнелтілген. 

 Тар шанақты жолдар бойынша ТҚКҚ бастығы Алтай Қасеновтің айтуынша, Алтынкөл станциясы жұмыс сипаты жағынан жүк, шекаралық тасымал және кластан тыс станция болып саналады. 

Станция жолдары бойлай орналасқан және онда 3 парк бар. Бірінші, кең шанақты жолдан тұратын «А» паркінде 13 жүк қабылдап-жөнелту жолы бар. 

Екінші, тар шанақты жолдан құралған «Д» паркінде 11 жол болса, шекаралық, кедендік бақылау үшін «Т» паркі қарастырылған, онда кең шанақты 3, тар шанақты 3 жол бар. 

Техникалық қызмет көрсету қосыны Жетіген-Алтынкөл телімінде орналасқан. Қызмет көрсету аумағы – 330,2 км. Одан бөлек тар шанақты жолдардан тұратын ТҚКҚ АлтынкөлҚорғас телімінде орналасқан. Оған қарайтын жолдың ұзындығы – 12 км.

Кең шанақты қосындағы техникалық диагностикалау құралы КТСМ-02 Д станцияға кіріп келе жатқан жолдың 278-шақырымында орналасқан. Ақауы бар жүк және жолаушылар вагондары құрамнан ағытылып алынғаннан кейін маневрлік локомотивтер арқылы №120, №121 ағымды ағытып жөндеу цехтарының жолдарына қойылады. 

Вагоншыларды кез келген өзгерістен хабардар етіп отыру үшін станция жолдарының аралықтарына екі жақты дауыс зорайтқыштар қойылған. Ал ТҚКҚ операторы мен станция кезекшісі телефон арқылы байланысады. А және Д парктері құрамдарды орталықтан қоршау құрылғыларымен жабдықталған. 

– Жолды орталықтан қоршауды вагон және контейнерлерді жөндеу бойынша оператор басқару пульті арқылы жүзеге асырады. Бұл оператордың жұмысы АРМ ТОВ, яғни автоматтандырылған жұмыс орны бағдарламасы арқылы жүргізіледі.

Аталған бағдарлама вагондар туралы ақпаратты жинап, сақтауға, жарамсыз вагондарды есептеуге және оларды тасымалды жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесіне хабарлап айтуға мүмкіндік береді. Пойыздың техникалық жағынан дайын екенін дауыс зорайтқыш арқылы ТҚКҚ операторы хабарлайды. Содан кейін аға вагон қараушы-жөндеуші станция кезекшісі қасындағы ВУ-14 формадағы кітапты толтырады.

АРМ ТОВ – пойыздық және жүк жұмыстарын жедел басқаруды жақсартуға, жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға, эксплуатациялық жұмыстардағы қиындықтарды алдын ала болжап, ескертуге, өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жарамсыз вагондар есебі бойынша техника мен оператор жұмысы осы бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, – дейді қосын бастығы.

 Кең шанақты жолдар бойынша қосынға басшы болып биыл ғана тағайындалған Алтай Кенжебекұлы – 25 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы. Ол басқаратын қосын тәулік бойына үздіксіз жұмыс істеп тұрады.

Мұндағы жұмыс 12 сағаттан 4 ауысыммен жүргізіледі. Ал 3 вагон қараушы үнемі қызметтік іссапармен Қорғаста жүреді екен.

– Жұмысшыларға арналған техникалық сабақтар бекітілген жоспарға сай әр ауысымға айына бір рет өткізіледі. Сонымен қатар жеделхат бұйрықтарына қарай кейде техникалық сабақтар жоспардан тыс та ұйымдастырылады. АлтынкөлЖетіген телімінде 5 КТСМ – 02 Д, яғни көпфункционалды техникалық құралдар кешені бар. Бұлар Құндызды, Ортакұдық, Жарсу және Шелек пен Тасқарасу станцияларына қойылған, – дейді қосын бастығы. 

Әлеумет
17.05.2026
Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебі салынуда
Инфрақұрылым
16.05.2026
Қазақстанның бес өңірінде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын
Әлемде
15.05.2026
Биыл Ресей теміржолдарында апат пен пойыздардың рельстен шығу жағдайлары көбейген
Жолаушылар тасымалы
15.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында жолаушылар пойызы қатынайды
Аймақтар
15.05.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін күзеткен теміржолшылардың аналарына құрмет көрсетілді
Инфрақұрылым
15.05.2026
Жаңаланған жолдар – қауіпсіздік кепілі
Аймақтар
15.05.2026
Көктемгі байқау кемшіліктерді анықтады
Аймақтар
15.05.2026
Семейлік теміржолшылар қаржылық сауаттылығын арттыруда
Жаңалықтар
15.05.2026
Астанада жас теміржолшылар үшін кәсіби бағдарлау курсы өтті
Аймақтар
15.05.2026
Әмбебап маман
Аймақтар
15.05.2026
Қауіпті сейілткен теміржолшының анасы алғысқа бөленді
Аймақтар
15.05.2026
Бір жұмысшы – бір өсімдік
Жаңалықтар / Мұрағат
15.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №37 15 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
14.05.2026
ТМД темір жолдары интеграцияны нығайтуда
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Көлік вице-министрі «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің іске асырылу барысын тыңдады
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Солтүстік Қазақстандағы вокзалдарды жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Аймақтар
14.05.2026
Маңғыстау теміржолының ардагерлері бас қосты
Әлемде
14.05.2026
Швеция жануарларды анықтайтын жасанды интеллект жүйесін сынақтан өткізіп жатыр
Инфрақұрылым / Инфографика
14.05.2026
Қазақстанда темір жолдарды жаңғыртудың жоспарланған көлемінің үштен бірі орындалды
Аймақтар
14.05.2026
Ардагерге тағзым – ұрпаққа өнеге