Елорда теміржолындағы барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бас қосты

Әлеумет
26.11.2021, 10:38
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жылына орай «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігіне қарасты «Астана» филиалы арнайы семинар өткізді. «Бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақ қозғалысының тірегі» атты семинарға елорда теміржолындағы барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысып, саладағы маңызды жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Rail-news.kz. «Астана» торабы кәсіподақ филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев семинарды ашып, кезекті баяндамашыларға берді. Жаз бойы өңірлерді аралап, аймақтағы теміржолшылар жағдайымен танысқан «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов төрт рет өткізілген комиссия қорытындысын баяндады.

– Өңірлерде өткен жиындар кезінде салалық жәрдемақы беру мәселесі көтерілді. Сол кезде біз локомотившілер сияқты салалық жәрдемақыны жолшылар мен пойыз құрастырушыларға да тағайындау туралы ұсыныс көтердік. 2013 жылғы Үкіметтің қаулысымен теміржолда зиянды қызметке жататын 23 мамандық бекітілгені белгілі. Солардың ішінде осы сала жұмысшылары бар. Енді жаңа жәрдемақы көмегімен осы кәсіп иелерін де зейнеткерлікке ертерек шығару туралы идея басында қолдау тапқанымен, компания үшін миллиардтаған теңге сома шығын келетіндіктен әзірге бұл бастама кейінге қалдырылды. Дегенмен біз мұны мемлекет деңгейінде көтеріп, қазіргі таңда депутаттар аталған мамандық иелерін мерзімінен бұрын зейнетке шығару мәселесін қарастыру үстінде, бәлкім алдағы уақытта оң шешімін тауып қалар, – деді ол «Қалың қалай, бастауыш кәсіподақ?» атты баяндамасымен таныстыру барысында.

Жас және тәжірибелі теміржолшылардың жалақы көлемінің бірдей болуы әділетсіздік, еңбекақы еңбек өтіліне қарай төленуі керек деген бастауыш ұйымның бастамасына құптау білдірген Жұпарбек Сәбитов кәсіподақ әр жұмысшының он жыл сайын жалақысын екі есе көбейтіп отыру мәселесін көтеріп отырғанын жеткізді. Алайда ұлттық компанияның қазіргі таңдағы қаржылық қиындықтарына байланысты бұл бастамалар кейінге ысырылып қалды. Дегенмен кәсіподақ қолға алған бастамаларын аяқсыз қалдырмай, алдағы уақытта да көтеріп, шешімін табуға тырысатын болады. Семинар- да компания тарихында бірінші рет биыл жалақы бір жылда екі рет көтерілгені де айтылды.

– Жалақы теміржолшыға қайдан түседі? Мейлі он жерден керемет жол салынып, инфрақұрылымды дамыт. Алайда сол жолмен пойыз жүрмесе, ақша да жоқ. Қаржының көлемі тасымалдың, оның ішінде басты табыс көзі транзиттік тасымалдың көлемі мен шамасына қарай белгілі болады. Қазіргі таңда Қазақстан теміржолы еңбек өнімділігі жағынан ресейлік көршілерден 2,5 есе артта қалып келеді. Бұл дегеніміз, көршілерде бір адам атқаратын жұмысты бізде 2,5 адам істейді деген сөз. Демек, қаржы да сонша адамға бөлінеді. Қазір ұлттық компанияда кәсіподақпен бірлесе оңтайландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Біз әрбір адамның тағдырына мұқият қарап, қысқарған жағдайда басқа жұмыс ұсыну немесе өтемақы төлеу мәселесін назарда ұстаймыз. Бұрын компанияда 150 мың адам еңбек етсе, қазіргі таңда 110 мың адам қалды. Компания алдағы жылдың басынан жалақыны 5 пайыз көтеруді қарастырып отыр, бірақ біз кем дегенде 10 пайыз көтеру керектігін талап етудеміз, – деп атап өтті тағы да кәсіподақ өкілі.

Семинарда Қазақстанның еңбек заңына, қауіпсіздік пен еңбек қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге қатысты сауалдар көтерілді. Биыл 10 айда теміржолшылардан осы тақырыптарда 100 өтінім келіп түскен. Солардың ішінен іріктеліп дайындалған ең маңызды деген 33 сұрақтың жауабын «Қазкөліккәсіп» ҚБ бас техникалық инспекторы Қайрат Мұқанов баяндап берді. Ал Іс-шара бағдарламасына сай «Татуласу орталығы» жұмысы туралы аталған орталық басшысы Әсел Басырова мәлімдеді. Бірлестіктің бас құқықтық инспекторы Назира Серікқызы Ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті. «Кәсіподақтағы ұйымдастырушылық жұмыстары» жөнінде «Қазкөліккәсіп» ҚБ департамент директоры Нұрлан Нұрпейісов баяндап, кәсіподаққа мүшелікке тарту, кәсіподақ билеттерін ресімдеуден бастап кәсіподақ міндеттері мен құқықтарын түсіндіру, жұмысын жоспарлау, кәсіподақ активін оқытуды ұйымдастыру, арыз-шағымдар мен өтінімдерді талдау және тағы басқа да мәселелерге тоқталды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды