Бопай станциясының байланыс электромеханигі суретшілік өнерімен жұртты тәнті етіп жүр

Әлеумет
20.12.2021, 08:20
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолының шалғайдағы Бопай станциясы – шағын ғана елді мекен. Осы станцияда байланыс электромеханигі болып еңбек ететін Талғаттың өнеріне тамсанбайтын жан жоқ. Бала кезден қылқаламмен әуестенген теміржолшы жігіт – бүгінде төңірекке танымал суретші. Қарапайым қарындашпен шимайлаған суреттері шеберлігін жетілдіре келе майлы бояуға көшіп, туа бітті дарыны мен талантын танытқан жас жігіттің атын шығарды. Әсіресе Талғаттың бағын ашқан – портрет жанры. Сондықтан оған сұраныс берушілер де көп. Бірнеше жыл бұрын «Каскортранссервис» мекемесінің Ақтау қаласындағы фитнес-залын безендіруге ұсыныс түсіп, қабырғадағы мүсіндердің бейне бір тірі адамдай әсер ететін шебер орындалғанын көрген жанның бәрі таң қалып, таңдай қағысқан. Өзі еңбек ететін мекеменің, Бопай станциясының карта, стенд, компания эмблемасы, жазу-сызу сияқты сұраныстарын да өтеп жүр. Талғаттың әкесі Мұратбай Оразов – Бопай станциясының бастығы. Баласының суретшілік өнерін әу баста жай әуесқойлық деп қабылдағанымен, бертін келе бағын байламай үлкен қалаға барып оқуға кеңес те берген. Бірақ 2014 жылы М.Тынышпаев атындағы Ақтау көлік колледжін тәмамдаған Талғат туған жерден ұзап кете алмады, жеті жылдан бері Маңғыстау белгі беру және байланыс станциясының Бопай станциясындағы КТСМ электромеханигі болып еңбек етіп келеді.

– Талғат – жұмысына тиянақты, жауапкершілігі мол жастардың бірі. Өз кәсібіне жетік маман. Өнерін көріп отырсыздар. Жалғыз Бопай емес, жан-жақтан аттай қалап келіп сурет салдыруға тапсырыс беретіндер көп, Құдай берген таланты бар, тек кәсіби білім алмаған. Мен өнер адамы болмасам да Талғаттың қолынан шыққан дүниелер ешбір суретшіден кем емес дер едім. Әттең, кішкене жоғары жақтан талантты қолдау болса, мүмкін Бопайда қалмай, жұртқа танылған суретші болар ма еді, – дейді ол туралы Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясы бастығының орынбасары Рүстем Теңізов.

– Сурет салу ұнайды. Біраз дайын дүниелерім де бар. Егер компания қолдап, демеушілік етсе, еліміздегі мегаполистерде көрме ұйымдас- тырғым келеді. Осы салада үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалармен танысып, шеберлік сабақ алсам деп армандаймын, – дейді Талғат.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды