Биыл компания қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қолдауға 17 млрд теңге бөлінген

Әлеумет
05.12.2023, 11:04
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жұма күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің жетекшілігімен және Ұлттық компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдары басшыларының қатысуымен Консультативтік кеңес мүшелерінің отырысы өтті.

Жиын ардагер теміржолшылар Александр Степура, Қадыл Таласпеков және Ескендір Рахметжановты «Құрметті ардагер теміржолшы» белгісімен марапаттаудан басталды. Жиын барысында ардагерлер алдында теміржолда түрлі қызметтің тізгінін ұстаған басшылар биылғы жылдың жұмысын қорытындылаған есеп берді.  

Қанат Әлмағамбетов Компанияның биылғы он айдағы жұмыс қорытындысына тоқталып, пайдаланымдағы жүк айналымы осы жылы өткен жылдың есепті мерзіміне қарағанда 7,2%-ке, транзит 19%-ке, контейнерлік транзит 15%-ке өсіп, керісінше жолаушы айналымы 4,2%-ке кеміп кеткенін мәлімдеді.  

Айтуынша, қазір темір жол саласында 116 мың қызметкер жұмыс істейді, олардың әлеуметтік тұрақтылығы мен ынтасын арттыру үшін еңбекақыны көтеру арқылы қаржылық қолдау көрсетілуде. Мәселен, төмен жалақыдағы лауазымдар үшін 2022 жылы сараланған жалақы өсімі, сондай-ақ әр аймақта жалақыны теңестіру іс-шаралары іске асырылса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақы 5%-ға және 1 наурыздан бастап 15%-ға көтерілді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысын арттыруға қаражат көзі қарастырылуда.  

Компания қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қолдауға келсек, биылғы жылы әлеуметтік қолдауға компания тарапынан 17 млрд теңге бөлінген. Оның 4,6 млрд теңгесі салалық жәрдемақы, яғни зейнетке ерте шығу жобасына жұмсалса, емделуге, бала тууға, жерлеуге және тіс протездеуге материалдық көмек беруге – 2,5 млрд теңге; балалар мерекесі, жаңа жылдық сыйлықтарға – 2,2 млрд.; санаториялық-курорттық сауықтыру шараларына – 1,4 млрд теңге; теміржол көлігімен жол жүру және жалға берілетін тұрғын үй шығындарын өтеуге 1,4 млрд теңге қаржы бөлінген. Бірнеше миллиондаған теңге көлеміндегі қаржы Халықаралық әйелдер күні мен көлік қызметкерлері күніне біржолғы сыйақы, спорттық шаралар өткізуге, зейнетке шыққандарға біржолғы өтемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді құраған. Қанат Есмұханұлы, 2024-2026 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін, ҚТЖ жалпы сомасы 5 млрд теңгеге қолданыстағы әлеуметтік жәрдемақылар көлемін айтарлықтай арттыра отырып, 72 ұсынысты қолдағанын жеткізді.  

Сонымен қатар магистральдық теміржол желісінің техникалық жағдайы, проблемалары туралы баяндап, тасымалдың өсуі инфрақұрылымды белсенді дамыту мен жаңартуды талап етіп отырғанын жеткізіп, 2030 жылға дейін МТЖ-ні дамыту бағдарламасына тоқталды. Жылжымалы құрамдар паркін, соның ішінде локомотив, жүк және жолаушылар вагондарын жаңарту бағытында орындалып жатқан және атқарылатын шаруалар легімен де таныстырды. Цифрландыру технологиясы қарқынды дамып жатқан заманда ұлттық компания да уақыт көшінен қалмай, «Huawei» және «Wabtec» компанияларымен бірлесіп «Ақылды» темір жолды құруға кіріскенін мәлімдеді. Қ.Әлмағамбетов баяндамасын алдағы 2024 жылға жоспарланған іс-шараларды таныстырумен тәмамдады.  

Ал Консультативтік кеңес мүшелері компания басшыларына өздерін толғандырған сауалдарды жолдап, ұсыныс-тілектерімен бөлісті.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды