Рұхани құндылыққа жататын техникалық кітапханалар қашан да қажет
Әлеумет
23.09.2021, 10:59
«Кітап – алтын қазына» деген сөздің қадірі бүгінгі ақпараттық техника дамыған заманда өз бағасын жойып алған жоқ па? Ғаламторды ашып керегін тауып алып, қажетін оқи беретін ұрпақ шынымен болашақта кітап оқудан қала ма? Теміржол саласының құнды кітаптарға толы бай кітапхаларына төнген қауіп осындай ойларға жетелейді.
Бір ғасырға жуық теміржолшылардың рухани азығы болып келген жолдық кітапханалар соңғы жылдары қайта-қайта құрылымдық өзгерістерге ұшырап, 2000 жылдардан кейін кітапхана деген атауынан да ажырап, бүгінде тағдыры қыл үстінде тұр деуге болады. Өйткені, профильдік емес әлеуметтік сала нысаны ретінде бүгінде шаруашылық есептегі мекеме құзырына берілген жер-жердегі кітапханалар немесе ғылыми техникалық орталықтардың тағдыры жыл соңына дейін шешілуі керек. Ең өкініштісі, теміржол саласы бір ғасыр бойы жинаған асыл қазынасынан айрылса, орны толмас өкінішке ұрындырары хақ. Өйткені, тұтас бір ғасырлық тарих, құнды жәдігерлер жойылады деген сөз. Теміржол кітапханаларындағы өте сирек кездесетін кейбір техникалық оқулықтар, методикалық кітаптар жалғыз данадан және оны басқа еш жерден, Ұлттық кітапханадан да, Ғылым академиясының кітапханасынан да таба алмаймыз.
Бір ғасырға жуық уақыт бұрын шыққан құнды әдебиеттер, локомотивтер мен жол құрылымына, вагон, сигнализация саласына қатысты оқулықтар, нұсқаулықтар схемалар мен макеттер, қала берді тарихи құжаттар, фотосуреттер бар, егер осының бәрін сақтай алмасақ, келер ұрпақтың алдында үлкен ұятқа қаларымыз анық. Сонау Түрксіб теміржолы басқармасы құрылған өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап жұмыс істеп келе жатқан Алматы теміржол кітапханасының мұрағаты өте бай, өндіріспен тығыз байланысты жұмыс істеген ғасырға жуық уақыт ішінде ол теміржолшылардың нағыз рухани ордасы болды.
1934 жылы Түрксіб құрылысы аяқталғаннан кейін, Түрксіб оңтүстік бөлігінің құрылыс басқармасының техникалық кітапханасы базасында, сондай-ақ Орта Азия темір жол көлігі инженерлері институтының (қазіргі ТашИИТ) әдебиеттерінің көмегімен Алматыда жол кітапханасы құрылды. Жиынтық есеп кітабындағы алғашқы жазба 1934 жылдың қыркүйегінде жасалған. Бірте-бірте кітапхана қоры көбейіп, оқырмандар саны да өсті. Бас техникалық кітапхананың ұйымдастырумен Шымкент, Жамбыл, Аягөз, Қызылорда, Семей, т.б. станцияларда желілік кітапханалар ашылып, теміржолдың кітап қоры жыл сайын өсе берді.
Жаңа техниканың қарқынды өсуі, ел темір жолдарында және шетелде қолданылатын озық еңбек әдістерін енгізу техникалық әдебиетсіз мүмкін болмайтынын сол кездегі жол басшылығы жақсы түсініп, түрлі тақырыпта техникалық әдебиетті, анықтамалықтарды, энциклопедияларды сатып алуға және тапсырыс беруге қомақты қаражат бөліп отырды. Мыңдаған теміржолшылар кітапхананың көмегімен білімін жетілдіріп, жоғары және орта оқу орындарын бітірген жас мамандар кандидаттық диссертацияларын қорғады. Көп жылдар бойы Алматы ДНТБ кітапханасы жұмыс көрсеткіштері бойынша Қатынас жолдар министрлігіне қарасты теміржолдар арасында кітапханалардың үздік үштігі қатарында болды. Жергілікті және желілік министрліктің байқауларына қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болды.
Содан бері көп нәрсе өзгерді, цифрлық технологияның дамуымен кітапханалар жұмысы да компьютерлендіру жүйесіне көшті. Халық электрондық пошта мен интернет пайдаланады, оқырмандар "ИРБИС" және КИП АСУ НТИ жүйелері арқылы қажетті кітапты немесе ақпаратты таба алатын мүмкіндікке ие. Дегенмен, электрондық кітапхана сирек техникалық кітаптар мен анықтамалықтары бар, жылдар бойы жинақталған мол тәжірибесі бар және кез келген уақытта бай білім қорын қолға ұстатып ұсына алатын бірегей салалық қор – кітапхананы алмастыра алмайды. Сондықтан, теміржолшылар техникалық кітап- хананы сақтап қалуды сұрайды.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті