Әлемдегі ең жылдам жүретін үш пойыз

Әлемде
12.01.2023, 18:25
Оқуға 3 мин

Ағылшындар жасап шығарған әлемдегі алғашқы пойыз сағатына 38 шақырым жол жүріп, халықты таң қалдырған еді, оған қоса атарбамен ұзақ жол жүруді артқа қалдырды. Бүгінде алыс сапарға шығатындар негізінен әуе көлігіне басымдық береді, десе де сағатына 603 км жылдамдықпен жүретін пойыздың пайда болуы көлік түрін таңдаудағы көзқарасты түбегейлі өзгертуі мүмкін.  

Технологиялық тұрғыдан пойыздар келесі реттілікпен дамып отырды: паровоз, электрлі және магнитті төсем. Арада 90 жыл өткенде паровозды электрлі локомотивтер толықтай алмастырды. Қазіргі магниттік левитацияны меңгергеніне қарамастан электрлі локомотивтер әлі де кеңінен қолданылып келеді.  

Темір жол көлігін дамытуда жапондық инженерлер бірден екі бағытта жұмыс істеді: қолданыстағы технологияларды жетілдіру және жаңаларын әзірлеу. Сонау 1964 жылдың өзінде Жапонияда жоғары жылдамдықты Синкансен пойызы іске қосылған. Аэродинамикалық сипаттаманың жақсартылуы, қозғалтқыштың жаңа түрлері және басқа құрылымдық өзгерістердің арқасында қазір пойыздардың жылдамдығы сағатына 320 км жетіп отыр. Жоғары жылдамдықты пойыз шығаратын өзге де компаниялар осы бағытта дамыды: француздың Alstom-ы, америкалық Bombardier, испандық Talgo және немістердің Siemens-і. Бұл компаниялардың әрбірінде сағатына 200 км жылдамдықпен жүруге қабілетті жүрдек пойыздары бар. Дегенмен, жапониялық Синкансен пойыздары әлемдегі ең жылдам пойыздар рейтингінде үшінші орында.

Қазір магниттік желімен жүретін ең жылдам пойыз Қытайда, ол – Шанхай маглевы. «Маглев» сөзі магнитті левитация деген сөздердің қысқартылған түрі. Бұл технологияның сыры магниттердің өзара әрекетінде жатыр, олардың бірдей полюстері кері тебеді. Осылайша теміржол пойыздарының басты мәселесі, яғни жер бетіндегі үйкелісі оңай шешіледі. Жаңа технология тек доңғалақ жинағы жоқ жаңа пойыздарды ғана емес, сонымен қатар жаңа инфрақұрылымды қажет етті: бетон төсеміне Т-тәрізді рельс желісі тартылды. Шанхай маглевы 30 км жылдамдықты 7 минут 20 секундта еңсереді. Жоғарғы жылдамдығы сағатына 430 шақырымға дейін жетеді. Шанхай маглевы жылдам пойыздар рейтингінде күміс жүлдегер.  

Жақында жоғары жылдамдықты еңсерген көшбасшы анықталды, бұл тағы бір жапон пойызы JR-Maglev болды. Сынақ барысында ол сағатына 603 шақырым жол жүрген. Жапондық магниттік левитацияның технологиясы Қытайлардікінен біршама ерекшеленеді - левитация жоғары өткізгіш магниттер арқылы жүзеге асырылады. Іс жүзінде бұл қозғалыстың үлкен тұрақтылығын білдіреді. Оған қоса темір жолдың сыртқы түрі мен пойыздың дизайны өзгерген.  

Қазір JR-Маглев әлемдегі ең жылдам пойыз саналады. Оны коммерциялық пайдалану 2027 жылы басталады деп жоспарлануда. Пойыздың ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 603 км дейін жетеді.  

Көптеген ел қазір жоғары жылдамдықты электр пойыздарын енгізуді қолға алып жатса, ғалымдар магнитті левитацияны дамытуды талқылап жатыр. Егер магнитті левитациялы пойызды вакуумдық туннельде жүргізсе, ауа кедергісіннен құтылуға болады, дейді ғалымдар. Іс жүзінде мұндай пойыздардың жылдамдығы сағатына 6000-8000 км-ге дейін жетеді екен.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл