Қазақстан-Қытай: шекарадағы шиеленісті жағдай қашан шешіледі?

Жүк тасымалы
29.10.2021, 10:39
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 26 қазанында қазақстан-қытай шекарасындағы жағдай бойынша кеңес өтті. Бейнеконференция форматында өткен кеңеске «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қытай темір жолдары», «Үрімші темір жолы» ЖШҚ және ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. Кытай тарапы ҚХР-дан Қазақстанға бағытталып, бірақ тоқтап тұрған импорттық контейнерлерді жөнелтуді жеделдету ниеттерін жеткізді. Жүктердің жартысын қазан айының соңына дейін жөнелту жоспарланып отыр екен. Көптен бері күрмеулі мәселеге айналған бұл жағдай ел басшылығының бақылауында. 21 қазанда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасында жүктерді қабылдау мен тапсыруды қайта бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Ал 22 қазаннан бастап ҚХР жүк қабылдауды тәулігіне 6 пойыздан 8-ге дейін арттырды. Көрші елге металл кендері, түсті металдар, кокс т.т, жүк жөнелтілді. казахстан китай поезд «ҚТЖ» ҰК» АҚ шекарадағы шиеліністі мәселені шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отыр. Мәселен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Үрімші темір жолының басшылығы деңгейінде апта сайын кездесулер және шекара маңындағы станциялар бастықтары деңгейінде күнделікті кеңестер өткізіледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның негізгі міндеті Қытай тарапына тапсыруды күтіп тұрған пойыздар санын азайту болып отыр. Сондай-ақ, ұлттық компания өз құзыреті шегінде Қазақстанның импорттаушыларына жан-жақты көмек көрсетуде. Еске сала кетсек, ҚХР Үкіметі коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында «Достық-Алашанькоу» және «Алтынкөл-Қорғас» шекаралық өткелдерде алдын алу және бақылау шараларын күшейтуі салдарынан пойыздарды тапсыруды орташа есеппен тәулігіне 16-дан 13-ке дейін төмендеткен болатын. Бір ғана Достық-Алашанькоу шекаралық өткелінде Қазақстаннан Қытайға пойыздарды қабылдау тәулігіне 16-дан 5-6 құрамға дейін төмендеп кетті. Соның салдарынан шекарада шамамен 7 мың вагон жиналып қалған. Ал «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тасымалды жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов биылғы 15 тамыздан бастап қытай тарапы Алашанькоу станциясында «Сovid-19» індетінің жаңа жағдайлары анықталуына байланысты контейнерлік пойыздарды ғана қабылдай отырып, басқа пойыздарды қабылдауды шектегенін, бұл өз кезегінде Қазақстан тарапындағы вагон ағынының ұлғаюына және тастанды пойыздардың өсуіне әсер етіп отырғанын айтады. Нәтижесінде, 5 қазандағы жағдай бойынша Достық станциясына бағытталған пойыз саны – 147 пойыз 7 326 вагонды құраған, оның ішінде 100 пойыз, 5 000 вагон жол үстінде қаңтарылып тұр. Билік өкілі Ә.Смайловтың сөзінше, барлық жүк тиелген вагондар қытай тарапынан алдын ала қабылдауға келісілген. Ол сондай-ақ теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде тасымалдау жоспарын келіскен тарап орындауға, яғни жүкті өз аумағына қабылдауға міндетті екенін еске салды. Нұржан Келбұғанов 9 айдың қорытындысы бойынша ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалы 15,8 млн тоннаны құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 2%-ға немесе 0,3 млн тоннаға төмендегенін, бұл ретте Қазақстан тарапынан пойыздарды қабылдау бойынша шектеулер жоқ екенін жеткізді. Ал қазақстандық кәсіпкерлер қазақстан-қытай шекарасында жүктердің тұрып қалуы миллиардтаған шығынға ұшыратып отырғанын айтып дабыл қағуда. Қазақстаннан Қытайға тауар экспорты төмендегенімен, импорт күрт өскен. Импорттаушылар мен логистердің айтуынша, Қытай Еуропаға жөнелтетін және ол жақтан келетін транзиттік жүктерге басымдық бере отырып, Қазақстанға келетін және керісінше қытай еліне кететін жүктердің тасымалдануын тоқтатып, өту жылдамдығын едәуір төмендеткен. Бизнесмендер барлық логистика құнының өсуі, жүктерді жеткізу мерзімінің айтарлықтай ұлғаюы, ағымдағы шығындар мен қаражаттың тоқтауы бизнеске ауыр соққы болып тиіп отырғанын жет- кізіп, өз міндеттемелерін орындау үшін ҚХР-да ақшасы төленіп қойған тауарлары болса да, сол тауарды басқа елдерден әлдеқайда қымбатқа сатып алуға мәжбүрміз дейді. Бизнес өкілдері шекарада теміржол тепе-теңдігін орнату қажет деп санайды. Мәселені шешуге қатысты өз ой-пікірлері бар және олар ел Үкіметіне бұл ұсыныстарын жолдап та отыр. Мәселен, Еуропаға 1 транзит = Қазақстанға 1 импорт = Қазақстаннан 1 экспорт; Қытайдан Қазақстанға азаматтық және жүк тасымалдарын қалпына келтіру; контейнерлік пойыздар санын аптасына 10-ға дейін (қазір аптасына 1) арттыру қажет дей келіп, ауыр салмақты автокөліктермен де жүк тасымалын арттырудың жолдарын ұсынады. Ал импорттық тасымал мәселесі- не қатысты Нұржан Келбұғановтың айтары мынау.

«Экспедиторлар мен жүк алушылардан Қытай темір жолдары тарапынан жоспарды келі- суге және ҚХР-дың ҚР шекаралық өткелдері арқылы тасымалдауға уақытша шектеулер бар екендігі туралы көптеген өтініштер келіп түсті, бұл тауарлар жеткізілімінің бұзылуына әкеп соғады. Әлеуметтік маңызға ие жүктердің қатарында азық-түлік қажеттіліктері және екіжақты ынтымақтастықтың түрлі салалары бойынша бірлескен қазақстандық-қытайлық мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарлар (жабдық, құрылыс материалдары, мыс бұйымдары) бар. Жүк қабылдап алушылардан келіп түскен өтініштерді дереу қытай тарапының атына қайта жіберудеміз, соған қарамастан тасымалдауға арналған жоспарлар толық көлемде шығарылмай отыр, сондай-ақ Қазақстанға бағытталған импорттық жүктерді жөнелтуге конвенциялық тыйымдар үнемі жариялануда», – дейді ол.

Ал қазақстандық бизнесмендер болса, Қытайдан өткізу пункттерінің карантинге жабылғаны туралы, баға саясатының өзгеруі және қайта тиеуге қойылатын талаптар туралы ресми растау құжаттарын ұсынуды сұрап отыр.

«Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнеспен жедел өзара іс-қимыл шеңберінде тұрақты кездесулер өткізуде, іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, ірі клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі арнайы өкіл енгізілді. Астық трейдерлерімен бірге қазақстандық астық тиелген бірінші контейнерлік пойыз іске қосылды, тыйым салу кезеңінде жүкті қайта бағдарлау қарастырылуда. Сондай-ақ, темір кенін экспорттаушылармен бірлескен Жол картасы әзірленді, соның нәтижесінде барлық мәлімделген жүктерді тасымалдау қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ аталған мәселені шешу үшін жүктердің 80%-ын Алтынкөл-Қорғас станциясына қайта бағыттау; контейнерлік жүктер үлесін арттыру сияқты барлық қажетті шараларды қабылдап отыр. Келіссөздер қорытындысы бойынша, Үрімші темір жолының басшылығы қазіргі уақытта осы мәселеге қатысты жергілікті үкіметпен жұмыс жүргізіліп жатыр деп сендіріп отыр», – деген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өкілі, карантиндік іс-шаралар 2022 жылғы ақпанда өтетін қысқы Олимпиада ойындарымен байланысты күшейе түсуі және бұл жағдай келесі жылдың көктеміне дейін сақталуы мүмкін деген болжам да бар екенін жасырмады.
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис
Инфрақұрылым
30.01.2026
Жаңа порт құрылысы басталмақ
Станция тынысы
30.01.2026
Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі
Қауіпсіздік
30.01.2026
«Бір қателік өмірімді өзгертті»
Жаңалықтар
30.01.2026
Туризмді дамыту сөз болды
Аймақтар
30.01.2026
Оқу орындарымен меморандумға қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
30.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №7 30 қаңтар 2026 жыл
Жаңалықтар
29.01.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы Араб теңізіне шығу жолдарын қарастырып жатыр
Жаңалықтар
29.01.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті
Аймақтар
29.01.2026
Білімді маман – білікті маман
Жолаушылар тасымалы
29.01.2026
ҚТЖ бірқатар бағыттағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді
Әлеумет
28.01.2026
Билетке жеңілдік: жоғары орындар сұраныста
Темір жол тарихы
28.01.2026
Метоллоломнан табылған жез қоңырау
Әлемде
28.01.2026
Сағатына 600 шақырым: Теміржол тарихын қайта жазған жапондық жоба
Жаңалықтар
28.01.2026
ҚТЖ-ның LED-экранында батыр-теміржолшылар туралы бейнеролик ұсынылды
Жаңалықтар
27.01.2026
Сенат депутаттары жолаушы вагондарының өндірісімен танысты
Жолаушылар тасымалы
27.01.2026
Халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырады
Жаңалықтар
27.01.2026
Машинистер машығы жетілдірілуде
Аймақтар / Қауіпсіздік
27.01.2026
Инфрақұрылым қауіпсіздігі күшейтілді
ҚТЖ келбеті
27.01.2026
ЖИ мүмкіндігі шексіз