Алғашқы көмек – маңызды

Қауіпсіздік
26.09.2025, 09:25
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Магистральдық желі бөлімшесі дирекциясы мен филиалдарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қауіпсіздік шараларын күшейтуге қатысты оқыту сабақтары жүріп жатыр. Қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын оқу 300 қызметкерді қамтиды деп күтілуде.

«Магистральдық желі дирекциясы мен оның ел өңірлеріндегі филиалдары еңбеккерлерінің жұмысы тікелей өндіріспен, пойыздар қозғалысымен байланысты. Ауыр жұмыс, экологиялық жағдай, тағы басқа факторлар адамның денсаулығына кері әсер етіп жататыны жасырын емес. Кейде жұмыс орнында жұмысшының денсаулығы нашарлаған немесе өндіріс орнында жазатайым оқиға болған жағдайлар кездесіп жатады. Мұндайда не істеу керек? Әрине, жанындағы жұмысшылар шұғыл медициналық көмек келгенге дейін әлгі адамның денсаулығын және өмірін сақтап қалу үшін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсете білуі керек. Міне, қазір өтіп жатқан оқытудың басты мақсаты – осы.

Бұл оқытулардан алған білім мен дағдылар күнделікті өмірде де кез келген жағдайда пайдасын тигізетінін сөзсіз», – дейді Магистральдық желі дирекциясының Қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Баян Смайлова.  

Белгілі болғаны, Магистральдық желі дирекциясы мен оның ел өңірлеріндегі филиалдары қызметкерлерін адам өмірін құтқару және төтенше жағдайлар кезіндегі асқынулардың алдын алу үшін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету әдістеріне оқытуды «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің сертификатталған жаттықтырушылары және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің парамедиктерімен өткізуде екен.  

Оқу дәрісі бірнеше тақырыптарды қарастырады. Атап айтқанда, жарақат алғанда немесе денесін зақымдағанда, қан кеткенде, әртүрлі дәрежедегі жараларға, күйіктерге, дене мүшелерін үсітіп алса, құрысып тырысып қалса, жәндіктердің шағып алса, уланса, күн тисе, тыныс алуы тоқтаса, есін жоғалтса және инсульт алса көмек көрсету. Оқыту барысында қатысушылар келесі дағдыларды: зардап шеккен қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін денсаулық жағдайындағы факторларды анықтауды; жәбірленушінің жағдайын дұрыс тексеруді; алынған жарақаттың/зақымданудың сипатын көзбен бағалауды; зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін тез және дұрыс шешім қабылдай білуді; сондай-ақ, жәбірленушіге алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті, оның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын көрсетуді; автоматты сыртқы дефибрилляторды қолдануды үйренетін болады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты