«Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі: Парсы шығанағына бастайтын жол

Жүк тасымалы
06.12.2022, 09:43
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Солтүстік–Оңтүстік» халықаралық транзиттік көлік дәлізі Балтық жағалауы елдерін Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстан және Иран арқылы Үндістанмен байланыстырады. Жалпы ұзындығы – 7,2 мың км. Өткізу қабілеті жылына 30 млн тонна жүкті құрайды. Мультимодальды бағдар арқылы жүк көліктің алуан түрімен, атап айтқанда автомобиль, темір жол, теңіз арқылы жеткізіледі.

Аталған дәліздің пайда болғанына биыл 20 жыл. Оны құру жөніндегі келісім 2000 жылы Ресей, Иран және Үндістан арасында жасалып, 2002 жылы бекітілген. Кейін бұл жобаға Қазақстан (2003), Әзербайжан, Түркия, Тәжікстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Оман, Украина мен Болгария қосылды. Қазақстан үшін бұл жобаға қатысу ел аумағы арқылы транзиттік жүк ағынының қосымша көлемін тартуға және Парсы шығанағы порттарына шығуға мүмкіндік береді.  

Биыл қазан айында Астанаға келген Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Үнді мұхиты мен Парсы шығанағына шығатын «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін Қазақстанмен бірлесіп құруға дайын екенін жеткізді. Дәліздің негізгі үш тармағы бар. Біріншісі, Транскаспий – Каспий теңізі арқылы, екіншісі, Батыс – Каспий теңізінің батыс жағалауы бойымен және үшіншісі, Шығыс – Каспий теңізінің шығыс жағалауы бойымен жүретін тармақтар.  

АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?  

«Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің бағыттарын пайдалану ең алдымен жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартады, яғни ол тауарларды тасымалдау мерзімін 1,5 есеге және Суэц каналы мен Жерорта теңізі арқылы дәстүрлі жолмен салыстырғанда олардың құнын 10-15%-ға азайтуға септік етеді. Сонымен қатар, темір жол көлігі теңіз көлігіне қарағанда экологиялық таза болып саналады. Контейнерлік тасымалдарды теңіз көлігінен теміржол көлігіне қайта бағыттау улы газдар бөлінуін кем дегенде 25%-ке азайтады.  

«KTZ-Express» АҚ бас директорының контейнерлік тасымал жөніндегі орынбасары Бақыт Успаевтың айтуынша, Қазақстан үшін «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі Иран және Үндістанмен көлік-экономикалық байланыстарды дамытудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Оның басты артықшылығы, жоғарыда атап өткеніміздей, жеткізу мерзімінің айтарлықтай қысқа болуы.  

– Аталған дәлізді дамыту үшін біз биыл қараша айында РТЖ мен Түркіменстан темір жолдарының көлік-логистика орталықтарындағы серіктестермен үш жақты меморандумға қол қойдық. Сол құжат шеңберінде осы дәліз арқылы контейнерлік сервисті белсенді дамытуға келістік. Негізгі бағыттарға үш жақты және транзиттік қатынаста ұдайы жүк тасымалын ұйымдастыру, халықаралық импорттық-экспорттық жүк тасымалы көлемін арттыру және көлік-логистикалық инфрақұрылымды бірлесе қолдану жатады. Дәліз әлеуетін жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға барынша мүдделілік танытамыз, – дейді Б.Успаев.  

Сонымен қатар ол бұл дәлізді дамытуға Қазақстанның қатысуы арқылы түрлі номенклатурадағы транзиттік жүктердің қосымша көлемі тартылатынын жеткізді. Атап айтқанда, бұл азық-түлік өнімдері, отын-энергетикалық тауарлар мен химия өндірісінің өнімдері және металдар.  

– Еуразиялық экономикалық одақ – коммуникацияларды ұштастырудың құқықтық және техникалық шарттары тұрғысынан «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін толтырудың негізгі субъектісі. Дәлізге Қытай, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан, Иран, Беларусь сияқты елдер қатысатын ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық қосымша мазмұн әкелуі мүмкін. Еуразиялық даму банкінің бағалауы бойынша контейнерлік тасымалдардың әлеуеті 2030 жылға қарай шамамен 325 мың ЖФЭ-ден (базалық бағалау) оптимистік бағалау бойынша 662 мың ЖФЭ-ге жетуі мүмкін екенін атап өткім келеді, – дейді Б.Асанұлы.  

ДАМУЫНА НЕ КЕДЕРГІ?  

Алайда дәліз жолы өтетін елдердегі теміржол табандарының әртүрлі ені, Үндістан және Пәкістанмен заңнамалық базаның жоқтығы, Каспий теңізіндегі жоғары порт алымдары және жүк тасымалдау құнының салыстырмалы түрде қымбат болуы дәліздің толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіріп келгені жасырын емес. Қазіргі уақытта тараптар Келісім шеңберінде көлік шығындарын оңтайландыру, сервистің сапасын көтеру жүк және жолаушылар тасымалдау жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс істеуде.  

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл қазан айында Орталық Азия елдері және Иран еліндегі әріптестермен Тегеранда өткен кездесуде осы дәліздің бойындағы «тар жерлерді» жою арқылы оны кеңейту туралы бастама көтерді.  

– «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі арқылы транзиттік әлеуетті көтеруге мүдделіміз. Бүгінгі таңда Ақтау порты мен Иран, Анзали, Амирабад порттары арасында тұрақты көлік қатынасы жолға қойылды. Контейнерлік тасымалды дамыту үшін Ақтау порты тарапынан порт қызметтеріне, 40 футтық контейнерді түсіріп, тиеу тарифтеріне жеңілдіктер ұсынылды. Қазақстан осы бағдар бойынша транзиттік тасымал сапасын және жылдамдықты арттыруға бағытталған барлық қажетті жағдай мен инфрақұрылымды жасауда, – деді министр.  

БІРЛЕСКЕН ЖОСПАР ҚАБЫЛДАНАДЫ  

ҚР ИИДМ Көлік саясаты және инфрақұрылым департаментінің бас сарапшысы Жайнар Әсілбекова министрлік тарапынан осы дәлізді дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.  

– «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі Қазақстан үшін экспорттық және транзиттік жүктерді әртараптандыру үшін қолданылып жатқан бірден-бір баламалы бағыт болып есептеледі. Қазіргі таңда министрлік осы дәліздің шығыс бұтағы болып салынған Қазақстан мен Түркіменстан шекарасындағы Болашақ станциясы арқылы өтетін «Қазақстан – Түркіменстан – Иран» көлік бағытының одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізуде. «Қазақстан – Түркіменстан – Иран» бағдарын дамыту үшін министрлік инфрақұрылым мен терминалдық қуаттарды жақсарту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді жою және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша синхронды іс-шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастыруда, – дейді Ж.Әсілбекова.  

Министрлік берген мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылдың 10 айында Қазақстан – Түркіменстан – Иран құрлық бағыты бойынша 80,25 мың тонна жүк тасымалданған, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 есе көп (9,93 мың тонна) және 5 пойыздың құрамында 360 ЖФЭ контейнер (2021 жылы тасымалдау болған жоқ) болды. Биыл қазан айында түркімен және иран тараптарымен бірлесіп, осы маршрутты 2025 жылға дейін дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленді. Осы құжатты іске асыру 2025 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған Жол картасының жобасы Ресей, Түркіменстан және Иран Көлік министрліктеріне нотамен жолдау туралы ҚР СІМ-ге хат жіберілді.  

 

Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті
Аймақтар
29.05.2026
Алты жасар ақнұрдың жетістігі
Жаңалықтар / Мұрағат
29.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №41 29 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
28.05.2026
ҚТЖ мен РЖД жүк тасымалын цифрландыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Аймақтар
28.05.2026
Жақсылықтың жаршысы еді...
Спорт
28.05.2026
Қызылорда теміржолшылары арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жүк тасымалы
28.05.2026
ТХКБ арқылы жүк тасымалы алты есеге артып, Қазақстанның ықпалы күшейді
Әлемде
28.05.2026
Vossloh компаниясы Швецияда бағыттамалық бұрма шығаратын зауыт ашты
Қауіпсіздік
28.05.2026
Жыл басынан бері 24 адам пойыз астына түскен