Жылу маусымына қажетті көмір жеткілікті көлемде тасымалданып жатыр

Жүк тасымалы
08.10.2021, 10:53
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алдағы жылыту маусымына ел өңірлері дайын ба? Еліміздегі «ҚТЖ» ұлттық компаниясы көмір тасымалын қалай ұйымдастырып отыр? Вагондар жеткілікті ме? Міне, осы сияқты басқа да сауалдарға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов 2021 жылдың 5 қазанында «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында өткен онлайн-брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 9 айында көмірдің жалпы тиелімі өткен жылмен салыстырғанда 4% өсіп, 76,6 млн тоннаны құраған. Қазақстандық тұтынушыларға 53,5 млн тоннасы жеткізіліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың үш тоқсаны деңгейінен 2% жоғары болған.

«Бірінші кезекте, темір жол ЖЭО мен тұрғындардың қажеттіліктерін толық көлемде жабады. Бүгінде Қазақстанның негізгі ЖЭО-ларына 47,4 млн тонна, ал халыққа 6,1 млн тонна қатты отын тиеліп, жеткізілді. Біз жоспардан сәл артта қалып отырмыз. Оған себеп, Қазақстанның оңтүстік өңірлері көмірді жеткізуге енді өтінім бере бастады. Өйткені елдің оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы байқалып отыр. Ал Қазақстанның солтүстік өңірлеріне келсек, коммуналдық-тұрмыстық көмірмен толық қамтамасыз етілген», – деген Қанат Көбесов, елімізде жұмыс істеп тұрған 28 ЖЭО-да көмірдің нормативтік қоры қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Ол сондай-ақ, ЖЭО-ларға көмір тиеу жұмыстары тәулік бойы бақылауда екенін, айналма маршруттар ұйымдастырылып, жүк вагондарымен қамтамасыз ету тиісті деңгейде жүргізіліп жатқанын жеткізді. Спикердің сөзіне қарағанда, көмір тасымалдауға қажетті ашық вагон паркі жеткілікті көлемде. Мәселен, ел аумағында 64 мыңнан астам ашық вагон бар болса, соның 55%-ы қатты отынды тасымалдауға жұмылдырылған. Жүк жөнелтушілердің ашық вагондарды жалдау бойынша шарттық жұмысты уақытылы жүргізіп, көмір маусымына ертерек кірісуі де жұмысты жеңілдетіп, вагондар тапшылығын болдырмауда. Осы арада, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның көмір тасымалын көктемнен бастап ұйымдастырып, жүк жөнелтушілермен және қабылдап алушылармен, сондай-ақ көмір разъездері басшыларымен жиі-жиі кездесіп, сұхбаттасуы жемісті нәтижесін беріп отырғанын айтар едік. Оның үстіне, темір жол әлеуметтік маңызды жүк – көмір тасымалына тарифті өсірген жоқ және бұл тенденция жыл соңына дейін сақталмақ. Нақты деректер, көмір тасымалы тарифінің қара металдарды тасымалдау мөлшерлемесінен бес есе, орман жүктерінен 2,5 есе төмен екенін көрсетіп отыр. Десе де, бұл көмір тасымалына қатысты проблема мүлдем жоқ деген сөз емес. Қанат Көбесов, кірме жолдарда вагондардың көмір тиеуге қатысты нормадан ауытқып, ұзақ тұрып қалуы «жоғалтылған пайда» екенін айтады. Мәселен, «Востокугольпром» ЖШС кірме жолдарында вагондардың тұру нормасы 15,6 сағат болса, олар 18 сағат тұрып қалады, орташа есеппен тәулігіне 18 вагон немесе 1260 тонна көмір тиелмейді. Ай қорытындысы бойынша жоғалған пайда 38 мың тоннаны құрап отыр. Ал «Шұбаркөл көмір» АҚ бойынша 24 сағат нормасында вагондар 36 сағат тұрып қалған, тәулік сайын 68 вагон немесе 4760 тонна көмір тиелмей, бір айдың қорытындысы бойынша жоғалған пайда көлемі 143 мың тоннаны құраған. Жылыту маусымы қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратында көмір тасымалдау жөніндегі жедел штаб апта сайын көмір жөнелтушілердің қатысуымен отырыстар өткізіп, вагон айналымын бақылап, вагондардың жүк операцияларында тұрып қалуын қысқарту жөніндегі шараларды қабылдайды. Биылғы жылы жол бөлімшелерінде құрылған мониторингтік топтар көмір тұйықтарының кірме жолдарында көмірдің болуы туралы ақпарат жинап, проблемалық мәселелерді анықтайды және оларды бірлесіп шешуге көмектеседі. Демек, бұл барлық темір жол қызметтері тәулігіне 24 сағат жұмыс істеп жатқанын айқындай түседі.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты