Майлытоғай станциясында микропроцессорлы CTRL@LOCK 400 қондырғысы іске қосылды

Цифрландыру
19.10.2021, 10:23
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Оңтүстіктен солтүстікке, солтүстіктен оңтүстікке қарай күні-түні жүйткіген пойыздар легі кейде бекеттерге аялдамастан өтіп жатады. Ол қозғалыс кестесінің талабы болса, бүгін Майлытоғай бекетінен өткен құрамалар жылдамдығын бәсеңдетіп, кейде аялдап өтуде. Себебі, бекетте 48 сағаттық толаскез жүріп жатыр... Сандық жүйедегі Микропроцессорлы CTRL@LOCK 400 қондырғысын тұңғыш рет өндіріске қосу толаскезіне арнайы қатысу үшін астанадан Автоматика орталығының бастығы Бақыт Тойбаев, Эксплуатация басқармасының басшысы Тілеген Бисенов, Автоматика және телемеханика департаментінің бас инженері Евгений Федоров арнайы келсе, қондырғыны монтаждап дайындау жұмысын жасаған әрі іске қосушы мәскеулік ЛокоТех-Сигнал компаниясының техникалық шешімдер бөлімінің бастығы Антон Васильев бірнеше әріптесімен келіпті. Қызылорда қосалқы бөлімшесінің бас инженері Күлхан Белкібаев, бөлімшенің қауіпсіздік бөлімі басшысы Бекжан Өтеулиев, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Әкімжан Қосанов бастаған жергілікті теміржолшылар да осында жүр. Аймақта теміржол қолданысқан енгізген 1904 жылдардан бастап қозғалысы бір сәтке толастап көрмеген жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын арттыру үшін жолдың бабын жасап келе жатқан қызылордалық теміржолшылар 48 сағаттық толаскез кезінде бекеттің екі алқымына бөлініп жұмыс жасады. Бұған дейін байланыс құрылғыларының бекеттің екі басындағы алқымда орналасқанын ескерсек, енді су жаңа, сандық үлгідегі МПЦ CTRL@LOCK 400 қондырғысы бекеттің дәл ортасындағы модульге орналастырылады. Енді бекеттегі қозғалыс осы модульдегі заманауи құрылғымен басқарылатын болады. Оны басқарып отыратын ШЧ-39 мекемесінің арнайы дайындықтан өткен электромеханиктері толаскез кезінде-ақ қондырғы арқылы жіберілген сигналдарды монитор арқылы бақылап, тексеруден өткізе бастады. Оған дейін сынама, бейімдеу жұмыстарын Автоматика орталығының бастығы Бақыт Тойбаев өзі тексеріп, қадағалап отырды.

– Микропроцессорлы CTRL@LOCK 400 – ең соңғы үлгідегі сандық технология. Қондырғы италиялық Эч-Мар құрылғысының базасында жасалған. Ол осыған дейін бекеттегі қолданыста болған 25 реленің атқарған жұмысын бір өзі атқара алатын қауқары бар жүйемен жабдықталған. Мысалы, электрлік орталықтандыру (ЭО) жүйесіне қосылған бағыттамалық бұрманы қажетті бағытқа бұру үшін кемінде 25-30 реле керек. Ал енді оны сандық технологияның осы 25-30 реленің жұмысын қондырғы блогы ішіндегі бір ғана «микропроцессорлық өткізгіш-обьективті контроллер» деп аталатын тетік атқарады. Бұл қондырғы – үлкен ғимаратты қажет етпейтін жинақы, шағын заманауи технология жиынтығы. Сандық жүйедегі заманауи құрылғы еліміздің теміржол саласында тұңғыш рет және Қызылордада қолданысқа енгізілуі де ерекше оқиға болып отыр. Бүгінгі таңда аналогы жоқ қондырғының ерекшелігі орталықтандырылған процессорлардың «екі де екі» (2/2) тәсілімен жұмыс жасайтын еуропалық стандарттарға сәйкес жарақтандырылуында болып отыр, – деді Автоматика орталығының бастығы Бақыт Тойбаев.

Сондай-ақ, осы күннен бастап үш ай мерзім- де бейімделу, тәжірибелік дағдыландыру сынамасынан өтетін қондырғыны басқару алдағы уақытта Ақтөбеден жүргізіледі екен.

– Бүгінгі күнге дейін қолданыста болған Гтсц-52 қондырғысының қосалқы тетіктері шығарылмайтын жағдайға келді. Ол осыған дейін жөндеу, күтім көмегімен жұмыс жасап келді, енді олар тек мұражайға қоюға лайық. ҚТЖ компаниясы басшылығы осындай ескі құрылғыны ауыстыруды бастады. Мына заманауи құрылғы ТМД мемлекеттері ішінде біздің елімізде алғаш рет қолданысқа енгізілуде, – деді жаңа технология жетістігі жайлы Евгений Федоров.

Мамандар айтқан «екі де екі» технологиялық тәсіліне тоқталсақ, қондырғының негізгі программалық блогы жұмыс жасап тұрған кезде қосымша резервінде екінші блок жұмысқа дайын тұрады екен. Яғни, жұмыс жасап тұрған блокта қандай да бір кедергі болатын болса, резервте тұрған екінші блок автоматты түрде жұмысты жалғастырып кете береді. Керемет емес пе?!

Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы