Эстониялық Operail операторының сатылымдағы вагондарының басым көпшілігін Қазақстан алған

Инфрақұрылым
01.02.2023, 15:08
Оқуға 1 мин

Эстонияның Operail мемлекеттік операторы еншілес ұйымы Operail Finland-ты финдік Nurminen Logistics компаниясына сатқаннан кейін өз активтерін сатуды жалғастыруда. Оператор 22,1 млн еуроға 807 вагон сатқан, оның басым көпшілігін Қазақстан сатып алған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оператор сатылымға шығарған 807 вагонның 410-ын қазақстандық ATASU логистикалық концерны сатып алса, қалған 397-ін эстондық Skinest Rail компаниясы алған.

Бұл Operail Leasing кәсіпорын активтерінің сатылымға шығарылған екінші кезеңі, еншілес мекеме бұған дейін вагондарын жалға беріп келген. Бұның алдында 522 вагон екі компанияға сатылған. Ол кездегі келісімнің жалпы сомасы 6,51 млн еуро көлемінде болды.

Operail операторының мәліметінше, жалға берілген вагондар негізінен Қазақстан, Тәжікстан, Моңғолия және Балтық елдеріне қатынап отырған және көп табыс әкелген.

2016 жылы Эстония мемлекеті вагондарды жалға беру бизнесінен кету жөнінде шешім шығарған, биліктің айтуынша бұл маңызды стратегиялық салаға жатпайды. Дегенмен, бұл бизнестен кету 2021 жылдың көктемінде басталды. Бір жылдан кейін Operail Leasing кәсіпорнын жартылай жекешелендіріп, оның мүліктерін сатылымға шығару жөнінде шешім қабылданды.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат