Жол салатын техниканы жаңартып отыру маңызды – ардагер

Инфрақұрылым
09.08.2023, 09:01
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Қазір локомотивтер мен вагондарды жаңарту бойынша Штадлер және басқа да шетелдік компаниялармен біріккен жұмыстар жүріп жатыр. Алайда, жол салатын техниканы жаңартуды естен шығармауымыз керек. Егер жолың нашар болса, жаңа пойыздан пайда жоқ, олар жоғары жылдамдықпен жүре алмайды. Бұл туралы темір жол ардагері Бақтарбек Жүнісов айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Өткен аптада Астана жол дистанциясы 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік шараны тамашалауға аталған дистанцияда көп жыл еңбек еткен ардагерлер де келді. Жиын барысында ардагерлермен тілдесіп, дистанцияның кешегісі мен бүгіні жайлы әңгімелесудің реті келді.

Темір жол ардагері Бақтарбек Жүнісов аталған дистанцияға әрқашан үлкен көңіл бөлініп келгенін жеткізді. Бұрын бұл телім төрт жолдың торабы саналыпты. Атап айтсақ, Көкшетау, Атбасар, Қарағанды және Павлодар бағытындағы пойыздар жүрген.  

«Ол кезде он мыңға жуық вагон өтетін болса оның жұмысы жақсы деп есептелетін. Яғни, бұл дистанция тың темір жолының жүрегі іспеттес еді. Сол себепті жаңа техниканың барлығын осында бағыттайтын. Тағы бір атап өтерлігі, бұл дистанцияны қазақ темір жолының белді өкілдері басқарды. Сол себепті теміржолшылардың ұстаханасы саналды. Бұл жерден шыққан мамандар өзге өңірлерге басшылық қызметке аттанатын», – деп еске алады ардагер теміржолшы.  

Сонымен қатар ол, бұрынғы кезде пойыз ағыны қазіргіден жоғары болғанын және жыл сайын салынатын жол көлемі де едәуір көп болғанын атап өтті. Соған қарамастан жолшылар берілген уақытта жолдарды салып үлгеріп оытрыпты. 1980 жылдары станциялардың барлығы модернизацияланып, кеңейтілген. Шикізатты тасымалдайтын жүк пойыздары үшін қосымша жолдар салынып, соның арқасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіпті.

Ардагер сөз арасында локомотив, вагондармен қатар жол  салатын техникаға да көңіл бөліп, оларды ауыстырып отыру қажеттігін айтты. Жаңа пойызды алған кезде, жол салатын техникаларды да жаңартып отыру қажет деген ойда ақсақал.

«Жолсыз ешқайда бара алмаймыз. Алдымен жол, одан кейін жылдамдық керек. Егер жолың нашар болса жаңа тепловозды алғаннан пайда жоқ, олар көрсетілген жоғары жылдамдықпен жүре алмайды. Сол себепті алдымен инфрақұрылымды жөнге салу керек, оны жөндейтін техникаға көңіл бөлу керек. Біздің қолдағы техниканың алдыңғысына 70 жыл болса, соңғысының өзіне 50 жыл болып қалған. Мәселен, Қытай темір жол саласында неліктен алдыға шығып кетті дейсіз?, олар техникаға мән берді, соған күш салды. Қазір олардың жолы сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүруге қауқарлы», – дейді теміржолшы.  

Жиын барысында Астана ПЧ бастығы Дәурен Қабас дистанцияның атқарып жатқан жұмысына тоқталды. Айтуынша, биыл 800 км астам жолға 550 жол монтер қызметі көрсетілген.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді