Локомотив бригадаларының демалыс үйлері жөнделді

Инфрақұрылым
19.01.2024, 10:17
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өткен жылы демалыс үйлерін жөндеу бағдарламасы шеңберінде ел өңірлеріндегі станциялардағы локомотив бригадалары тынығатын 38 демалыс үйіне ағымдық жөндеу жүргізді.

Жөндеу жұмыстарына 778 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Локомотив бригадаларының қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілген жөндеу жұмыстары барысында инженерлік желілер жаңартылып, терезелер мен есіктері ауыстырылған. Ғимараттардың шатыры мен қасбеттері жөнделіп, қызметтік үй-жайлар: асханалар, кір жуатын орындар, жуынатын бөлмелер және душ бөлмелері де жөндеуден өткен.  

Мамандар жөндеу жұмыстары құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізіліп, қолданылатын материалдардың сапасы техникалық ерекшеліктердің талаптарына сәйкес болуы назарға алынғанын айтады. Машинистер мен олардың көмекшілерінің демалуы үшін жасалған жайлылық пен қолайлылық, өз кезегінде олардың өнімді жұмысының кепілі болмақ.  

Қазір Сарыөзек станциясындағы демалыс үйін жөндеу жұмыстары аяқталуда екен. Ауданы 552 шаршы метрден асатын ғимараттың бірінші блогы бөлшектеліп, ғимараттың екінші (ауданы 84, 5 шаршы метр) және үшінші (739, 2 шаршы метр) блоктары жөнделген. Іргетас құрылымдары нығайтылып, шатыры, терезелер мен есіктер, еденнің ағаш негізі алынып тасталған. Дәліздер мен сантехникалық бөлмелерде керамикалық плиткалар, демалыс бөлмелерінде ламинат төселген. Жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, электр қуаты сияқты инженерлік желілер ауыстырылып, қасбеттің қабырғаларына сәндік сылақ жүргізілген. Жылу шығынын болдырмау үшін демалыс үйінің ғимаратына қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін екі қазандық орнатылды. Аумақты абаттандыру және қоршау жұмыстары жүргізілуде.  

Сонымен қатар өткен жылдың соңында Атбасар, Есіл, Арқа, Ақадыр, Қызылжар, Мойынты, Отар, Достық, Матай, Орал, Қандыағаш, Жем, Атырау, Ганюшкино, Сағыз, Бейнеу станцияларындағы 16 демалыс үйін күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шарттар жасалды. Сараптаманың оң қорытындысы шығысымен ғимараттарды жоспарланған жөндеу «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің 2024 жылға арналған күрделі салымдар жоспарына енгізілетін болады. Бұл нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге шамамен 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінбек.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды