Жеті бастама жалғасын табады

Инфрақұрылым
12.02.2024, 14:22
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Магистральдық желі дирекциясы өткен жылы 7 стратегиялық бастамаға бастамашылық жасап, оларды іске асыруға шаралар қабылдаған. Олардың дені  ұзақ мерзімді қамтитын болғандықтан, биыл да, алдағы жылдары да жалғасын табатын көрінеді. Бүгін біз дирекция мамандары алға тартқан деректерге сүйеніп, осы бастамаларға, олардың тиімділігіне жеке-дара тоқталмақпыз.  

Бірінші бастама бойынша қолданыстағы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы әзірленген. Бағдарлама 184 теміржол станциясын дамытуды, 2 814 км автоблоктауды енгізуді, 338 км екінші және айналма жолдарды салуды көздейді. Бірінші кезеңде басымдыққа ие іс-шаралар жүзеге асқан. Атап айтқанда, Қызылжар станциясын дамыту бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, жолдың үстіңгі құрылымын төсеу жұмыстары аяқталған. Ақсу-1 станциясы бойынша жер төсемі дайындалып, эстакада кеңейтілген. Сонымен қатар Қостанай станциясының Солтүстік паркінің 10 жолы және Шеңгелді станциясы бойынша 5 жол қалпына келтіріліп, сондай-ақ, ЖСҚ әзірлеу үшін жобалық топ құрылыпты.  

Екінші бастама, теміржол инфрақұрылымы нысандарының тозуы мен моральдық тұрғыдан ескірген техникалық құралдарды пайдалану деңгейінің жоғары екенін ескере отырып, 2029 жылға дейін магистральдық теміржол желілерінің нысандарын жаңғырту және дамыту бағдарламасы жасалған. Бұл бағдарламаны дирекция мамандары Көлік және логистика академиясымен бірлесе отырып әзірлеген екен. Онда активтердің ағымдық жағдайы, нысандарды  жөндеу және күту сценарийлері жасалып, жаңа теміржол желілерін салу және жаңғырту қарастырылған. Бағдарламада көзделген іс-шараларды жүзеге асыру үшін тартылатын инвестиция көлемі 8 трлн теңгені құрайды. Алайда, аталған бағдарламаның іске асуы теміржол инфрақұрылымының, ең алдымен транзиттік бағыттардағы резервтік өткізу қабілетін жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.  

Үшінші бастама 2023-2029 жылдар аралығында темір жолдарды жөндеу бойынша өндірістік бағдарлама әзірлеуге арналған. Оның шеңберінде 11 мың км теміржолға  жөндеу жүргізу межеленген. Былтыр осы бағдарлама аясында 1443 км жол жөнделіп, нәтижесінде бекітілген қозғалыс жылдамдығын сақтауды қамтамасыз етумен қатар жолаушылар пойыздары үшін жылдамдықты 657 шақырымда, Тальго жолаушылар пойыздары үшін 581 шақырымда, жүк және контейнерлік тасымалдар үшін 605 және 481 шақырымдарда арттыра түскенін айтар едік. Десек те, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғаларының төмендегеніне қарамастан, өткен жылы рельстердің сынып кетуі көп болуына байланысты жұмыста қиындықтар туындағаны белгілі болып отыр. Әрине, оларға жасалған талдау жұмыстары, сынып кету оқиғаларының дені  ауа температурасының күрт төмендеуі кезінде болғанын және де аталған бұзушылық фактілерін жасыруға жол бермеу мақсатында былтыр жарияланған жұмысшыларды жазалауға мораторий енгізуімен байланысты көп анықталған.  

Осыған байланысты дирекция жолды диагностикалау орталығымен бірлесе отырып  рельстердің мұндай сыну жағдайларын болдырмау үшін 2024 жылға арналған тиісті іс-шаралар әзірлеп, оның ішінде жекелеген технологиялық процестерді қайта қарау және жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзу жағдайларын жасырғаны үшін басшылардың жауапкершілігін арттыруды  қарастыруда.  

Дирекцияның төртінші бастамасы жол және қалпына келтіру жұмыстарына арналған заманауи техника сатып алу бағдарламасы бойынша  ауқымды жұмыс атқарылды. Жылжымалы құрамды және ауыр жүк көліктерін жаңарту мақсатында әзірленген бағдарлама шеңберінде былтыр 4 млрд теңгеден астам сомаға 5 техника сатып алынса, биыл 197 бірлік техниканы сатып алу көзделінуде екен.  

Магистральдық желі дирекциясы өндірістік бағдарламаларды іске асырумен қатар  санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсартуға және еңбекті ұйымдастыру деңгейін арттыруға көп көңіл бөлуде. Сол себепті дирекцияның бесінші бастамасы еңбек жағдайын жақсарту, тағысын тағы мәселелерге арналған.

Мәселен, шалғай елді мекендерге барып жұмыс істейтін дистанция жұмысшыларын  орналастыру үшін барлық қажетті инженерлік желілер қосылған модульдік ғимараттар сатып алынған. Жол жұмысшыларының қысқа мерзімді демалуы үшін контейнерлер жылу пункттеріне ыңғайластырылып, жабдықталған. Бұдан бөлек, жұмысшылар мен қажетті құрал-жабдықтарды жұмыс орнына жеткізу үшін көліктер сатып алынған. Сонымен қатар қол еңбегінің үлесін азайту және өндірістік процестерді жеңілдету мақсатында шағын көлемді механикаландыру құралдары сатып алынса, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға қолайлы еңбек жағдайларын жасау шеңберінде жиһаздар мен тұрмыстық техникалар, ал желілік және өңірлік  бөлімшелердің әкімшілік-басқару персоналының кабинеттерін жабдықтау үшін оргтехникалар алынған. Жалпы, дирекция тарапынан 2023 жылы Санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту және еңбекті ұйымдастыру деңгейін арттыру бағдарламасына 19,1 млрд теңге бөлініпті.  

Алтыншы бастама ғимараттарды жөндеу бағдарламасын жүзеге асыруға арналған. Оның шеңберінде өткен жылы көлемі 59 мың м² құрайтын 208 өндірістік және әкімшілік ғимараттарға ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген.  

Ал жетінші бастама, Компанияның басты құндылығы қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Дирекция мамандары алған тартқан деректерге сүйенсек, өткен жылы 2022 жылғы 8 жағдаймен салыстырғанда 7 жазатайым оқиға тіркелген. Алайда, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейінің жалпы жақсара бастағанына қарамастан, өкінішке орай, адам өлімімен аяқталған екі жазатайым оқиға орын алыпты. Сол себепті Дирекция 2024 жылды «Еңбек қауіпсіздігі және технологиялық процесті сақтау жылы» деп жариялады. Осыған байланысты «Еңбек қауіпсіздігі – 2024-2027 жылдарға арналған өндірістегі басты басымдық» бағдарламасы әзірленіп отыр.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді