Теміржол өткелдерінде жол белгісі жаңарады

Инфрақұрылым
14.03.2024, 11:40
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жол дистанциясы бойынша биыл теміржол өткелдеріндегі біраз жол белгісі жаңармақ. Оған қоса кейбірлеріне бейнебақылау құрылғысы қойылуы ықтимал. Бұл өткелдердегі жол-көлік оқиғасының алдын алуға оң ықпал етпек. 

Дистанция инженерінің сөзіне сүйенсек, былтыр жалпы еліміздегі теміржол өткелдерінде 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Ал Маңғыстау жол дистанциясы аумағындағы өткелдерде өткен жылдың бастапқы екі айында екі рет осындай жағдай кездесіпті. Қуантарлығы, биылғы жылдың екі айында мұндай деректер тіркелмеген. Алайда бұл арқаны кеңге салып, жайбарақат отыруға болады деген сөз емес. Осыны ескерген жолшылар жол-көлік оқиғасының алдын алудың қарекетінде. Автокөлік жүргізушілерімен кездесіп, жол-көлік ережесін түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтады. Жергілікті полиция инспекторларымен бірлесе екі айда 160 көлік жүргізушісіне осы тұрғыдан түсінік жүргізіпті. Жол дистанциясы мен байланыс және белгі беру, электрмен жабдықтау дистанциялары бірлесе теміржол өткелдерін тексеріпті. 

  • Теміржол өткеліне көлік шыққан немесе соған ұқсас басқа да жағдайлар болған кезде жоғары жылдамдықпен, қаншама вагонмен келе жатқан пойыздың бірден тоқтауы қиын. Сондықтан мұндай оқыс оқиғаны болдырмау үшін автокөлік жүргізушілеріне темір жолмен қиылысатын тұсына келгенде аса сақтықпен, асықпай, пойызға жол бере отырып қана қозғалу қажеттігін ескертеміз. Мұндай профилактикалық жұмыстарды қаңтар және ақпан айларында жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласында өткіздік. Тағы да жалғасатын болады, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Мұхтар Кульчанбаев. 

Алдағы уақытта Шетпе станциясындағы 314, 305 шақырым, Маңғыстау станциясындағы 2, 13, 399-шақырым, Жаңаөзен қаласы бойынша 179, 181 шақырымдардағы күзетпелі теміржол өткелдеріне жолдағы кез келген жағдайды дұрыс көрсететін арнайы бейнебақылау құрылғысын орнату қарастырылуда.  Сондай-ақ биыл Маңғыстау және Шетпе станцияларының теміржол өткеліне УЗП құрылғысын орнату жоспарда бар екен. Басқа да өткелдердегі «STOP» белгісі мен бір жолақты, көп жолақты теміржол өткелі белгісін ауыстыруға ұсыныстар жасалған. Дистанция аумағындағы 34 өткелдің көбінде осы белгілер ескірген. Енді олардың орнын жаңалары алмастыратын болады. 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты