Өткел жөндеуден өтті

Инфрақұрылым
15.10.2024, 10:38
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Қарақоңыр – Түркістан мен Арыс аралығындағы теміржолдың 3 188 шақырымның 9-шы пикетінде орналасқан шағын станция. Аталған учаскенің күтімін жасап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Арыс жол дистанциясы станциядағы өткелге де қызмет көрсетеді.

Жалпы, 3-ші санатқа жататын бұл нысанда бүгінде көліктің барлық түрінің өтуіне рұқсат етіледі және облыстық маңызы бар жолмен түйісетін өткелдегі механизмдердің барлығы да автоматтандырылған. Мұнда кезекшілікке түсетін 4 жұмысшы 12 сағаттық ауысым негізінде жұмыс істейді. Яғни шлагбаум автоматты түрде ашылып-жабылумен қатар, жол жиектері тиісті қоршаумен қауіпсіздендірілген. Автокөлік жолы мен темір жолдың түйіскен тұсынан тәулігіне мыңнан астам түрлі көлік пен 30 жұпқа жуық жүк және жолаушылар пойызы өтетін көрінеді. Сондай-ақ 10 шақты жолаушылар автобусы қатынайтын өткелдегі жүк пойызының жылдамдығы сағатына 70 шақырымды құрауы тиіс. Ал жолаушылар пойызы 90 шақырымдық жылдамдықпен өтуіне болады.  

Тағы бір айта кетерлігі, 46 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан аталған нысандағы жұп және тақ жолдың екеуі де басты жол санатына жатады екен.  Биыл осында жұмыс істейтін жұмысшылардың өз күшімен өткел ғимаратына жөндеу жүргізілген. Нәтижесінде шағын болса да жұмыс істеуге жайлы, іші жылы әрі жарық жұмыс орны тиімді пайдаланылуда. Айрықша атап өтерлігі сол, өткел кезекшісі кеңсе төңірегіне еркін шолу жасауына барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Дистанцияның бас инженері Думан Әсілханұлының айтуынша, бұл – пилоттық жоба, егер нәтижелі болып жатса, келесі жылы басқа да өткелдерде осы тәсіл қолданылмақ. Ғимаратқа жөндеу жұмысы үшін жергілікті кәсіподақ ұйымының өкілдері де қаржылай және материалдық қолдау-көмек көрсеткен.  

Телімнің жол шебері Абзал Түгелбайұлы осы жұмысшы топтың жетекшісі екен.  

– Өткел бізге қарайды. Осы жазда орта деңгейдегі жөндеуден өткізіп, төңірегін қауіпсіз әрі таза аумаққа айналдырып алдық. Қазіргі кезде Түркістан немесе Арыс бағытынан қандай пойыз келе жатса да өткелге жақындағанда кезекшіге арнайы белгі беріледі. Осы сәтте бағдаршам түстері әдеттегіден жылдамырақ жанып-сөнгенін көрген жүргізушілер сақтана отырып, шапшаң өтуі тиіс. Ал пойыз бен өткелдің арасындағы қашықтық 1,5 шақырымға қысқарғанда шлагбаум автоматты түрде жабылады. Жоғарыда аталған қашықтықтағы қос рельстің жалғанған тұсынан доңғалақ жұптарының алғашқы легі өткен сәтте шлагбаумға арнайы белгі беріледі. Содан автоматты түрде жабылады. Ал өткел кезекшісі осы маңда қандай да бір оқыс жағдайдың орын алмауын қадағалайды. Бұның бәрі де жұмысты жеңілдетудегі жетістіктер болып табылады, – дейді жол шебері Абзал Түгелбайұлы.  

 

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz