Ақтөбе өңірінде 140 шақырымнан астам теміржол жаңартылады

Биыл жоспарлы жазғы жол жұмыстары аясында Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жөндеудің барлық түрімен 140 шақырымнан астам теміржолды жаңартады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Рельс-шпалдық тор мен балласт қабатын толық ауыстыра отырып, күрделі жөндеумен Әйтеке би - Үйтас, Жіңішке – Ақтөбе, Қарашоқат-Ақкеспе және т. б. учаскелерінде шамамен 73 км теміржол төсемі қамтылады.  

Күшейтілген орташа жөндеу жұмыстарымен Ақтөбе-2 және Шалқар станцияларында сұрыптау мен қабылдау-жөнелту жолдары жаңартылады.  

Сенімділікті арттыру, құрылымның қызмет ету мерзімін ұлғайту, пайдалану шығындарын азайту үшін теміржолшылар темірбетон арқалықтары бар бағыттамалық бұрмалардың жаңа 106 жиынтығына ауыстырады.  

Сондай-ақ, ұзындығы 70 км асатын учаскелерде рельстік жолтабанды, рельстік торларды және басқа да жұмыс түрлерін ауыстыру жоспарланған.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары жануарлардың темір жолға шығуын болдырмау үшін 133,7 км қоршау салады.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады