ҚТЖ басшылығы Балқаш – Достық және Алтынкөл – Жетіген учаскелеріндегі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

Инфрақұрылым
19.05.2025, 09:49
Оқуға 1 мин

2025 жылғы 13-17 мамыр аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Алдыбергенов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Сәкен Рахметов мердігер ұйымдар өкілдерімен бірлесіп дрезинада Балқаш – Достық және Алтынкөл – Жетіген маршруты бойынша жұмыс сапарын жасады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Балқаш, Ақтоғай, Достық және т. б. станцияларында Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдарын салу шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің дайындығы тексерілді.  

Сондай-ақ, аралау барысында «Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін жаңғырту», «Алматы айналма жолының құрылысы», «Достық – Алашаңқай шекарамаңы станциялары арасындағы екінші жолдардың құрылысы» жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. Мердігер ұйымдарға учаскелерде инфрақұрылым объектілерін салу кезінде кемшіліктер көрсетілді, ескертулерді жою мерзімдері белгіленді.  

Компаниялар басшылығы Алтынкөл – Шелек учаскесі бойынша үш жүк құрамының тепловоздарымен жүрумен СИРДП-Е радиоблоктау  жүйесі жұмысымен танысты.

Өңірлік басшылар бөлімшелердің проблемалық мәселелері және  инфрақұрылымды күтіп ұстау мен дамыту, механикаландырумен қамтамасыз ету, жұмыскерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды, вокзал шаруашылығын күрделі жөндеу жөніндегі жоспарларды орындау жөніндегі ұсыныстар туралы баяндады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті