Тараз вокзалының қос қабаты түгел жаңарады

Инфрақұрылым
12.08.2025, 09:12
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Республика бойынша вокзалдарды ауқымды қайта құру жобасына Жамбыл облысынан енгізілген бес ғимараттың бірі – Тараз вокзалында қазір күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Нысанның айналасы түгел қоршалып, бас мердігер «СпецСтройЭксперт» ЖШС-нің бірнеше құрылыс бригадасы екі қабатты ғимараттың ішкі сылағын қырып, келесі топ шатыр астындағы ескі тіреу тақтайшаларды ауыстыруға кіріскен. Сметалық жоба бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтау көзделген.  

– Вокзал ғимаратының екі қабатына түгел күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезекте шатырын, есік-терезелерін ауыстырады. Жасыратыны жоқ, сыртқы есіктер бір қабатты әрі жылу жүйесі ескі, сол себепті күту залдарында қыста салқын еді. Сондықтан алдымен осы мәселені ретке келтіруді сұрадым. Жолаушылар үшін күту залында қыста жылы, жазда салқын болғаны маңызды. Вокзалдың екі қабаты түгел жаңарады, бірақ сыртқы қасбеті осы күйінде қалады. Тек қана жарықтандырулар қойып, төбесіндегі «Қазақстан темір жолы», «Тараз вокзалы» деген жазуларды жаңартады. Сырттағы дизайнды түрлі жарықтандырулар арқылы шешеді. Сондай-ақ бірінші және екінші перронның брусчаткалары толықтай жаңартылады. Аулаға төбесін жауып, күту орындықтарын қою мәселесін де ұсынып жатырмын. Өйткені көктем-жаз айларында жолаушылар пойызды далада тұрып күткенді жөн көреді, – дейді Тараз вокзалының бастығы Дидар Мусреталиев.  

Вокзалда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, жолаушылардың жайы да ұмыт қалмаған. Билет кассалары, күту залдары және басқа да сервистік аймақтар уақытша ауыстырылған. Вокзал бастығы сыртқа орналастырылған екі касса мен бір анықтама бюросын көрсетті. Ал касса алдына төбесі жабылып, күту орындықтары қойылыпты.  

– Қазір сырттағы екі билет кассасы мен анықтама бюросындағы қызметкерлерге қажет жағдайларды жасап бердік. Компьютер қойылды, керек бағдарламалар орнатылып, интернетке қосылған. Сыртқы күзет бар, Тараз желілік полиция қызметкерлері кезекшілікпен өз міндеттерін атқарып жатыр. Қауіпсіздік мәселесі назарда. Бір сөзбен айтқанда, халыққа қызмет көрсетуге мүмкіндік бар, – деп түсіндірді Дидар Ағаділұлы.  

Бұған дейін вокзалда 9 мемлекеттік, 4 жекеменшік касса жұмыс істеп келген. Енді алдағы уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 2 кассасы ғана қалдырылады екен. Себебі билет алу және оны кері қайтару секілді процестердің дені онлайн жүйеге көшкен. Сатылым электронды жүйе арқылы жасалуда. Ал әлі де кассаның қызметіне жүгінетіндер үшін қалған екеуі жеткілікті болмақ. Ғимарат толық жаңғыртудан өткеннен кейін қызмет көрсету сапасы арта түсері анық. Дидар Ағаділұлының айтуынша, вокзалда 9 кассир, 20 жұмысшы, жолаушылардың жол жүгін тексеріп-бақылау пунктінің (жеке меншік компанияға қарасты) 27 қызметкері, аутсорсинг арқылы бекітілген 10 тазалықшы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 7 маманы, жалпы 90-ға жуық адам жұмыс істейді екен.  

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті