Сапалы инфрақұрылым – қауіпсіз қозғалыс кепілі

Инфрақұрылым
19.02.2026, 09:52
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Республика көлемінде қарқынды жүргізіліп жатқан инфрақұрылымды жаңғырту жобасы шеңберінде Жамбыл жол дистанциясында да ауқымды жұмыстар атқарылуда.  

Өткен жылы Жамбыл жол дистанциясының жолшылары Табақбұлақ – Шабақты учаскесі аралығындағы 140-150 км шойын жолдың 11 шақырымына шаруашылық тәсілімен орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Қорағаты – Түрксібтің тақ жолында рельстік тіректер тұтастай ауыстырылды. Тіректері ауысқан аумақтың жалпы көлемі 6,5 км құрайды. Ал Тараз және Түрксіб станцияларында 15 жаңа бағыттамалық бұрма кешені ауыстырылды. Бұдан бөлек 1,75 км  жолда рельстер жаңартылған.

– Магистральдық желілерді жаңғырту арқылы көлік дәлізінің тиімділігін де еселеп аттыруға болады. Біз бірінші кезекте, сапалы жол – тасымал көлемін арттыруға, қауіп-қатердің алдын алуға мүмкіндік беретінін ұмытпауымыз керек. Сондықтан жөндеу жұмыстары кезінде талап пен тәртіптің сақталуына баса көңіл бөлеміз. Былтыр станция жолдарын жаңғырту кезінде Тараздан Түрксіб станциясы учаскелері аумағында бағыттамалық бұрмаларды, рельстерді жаңартқанда осыны естен шығарған жоқпыз. Р43 маркалы рельстің 5,03 шақырымына, Р50-дің 1,75 шақырымына Р65 маркалы рельстер төселді. Қауіпсіздік пен сенімділікті арттыру мақсатында 14 теңестіргіш түйіспе кешені, 31 жаңа айқастырма, сондай-ақ 26 дана жөндеу жиынтығы ауыстырылды, – дейді Жамбыл жол дистанциясының бастығы Дәулетбек Несіпбекұлы.

Мамандар пойыздарды шұғыл тоқтату көбейген сайын магистральдық желінің бүліну ықтималдығы арта түсетінін айтады. Қозғалысқа кедергі келтіретін кез келген оқиғаның екіжақты шығынымен қатар, салдары да қиын соғуы мүмкін. Былтыр Жамбыл жол дистанциясы мал басу оқиғаларын азайту, қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Ақыpтөбе – Ақшолақ аралығының жұп және тақ жолдарында жалпы ұзындығы 15,6 шақырымға қоршау орнатқан. Дәулетбек Несіпбекұлы жүргізілген жұмыстар теміржол желісінің техникалық жағдайын жақсартып, пойыздар қозғалысының қауіпсіз әрі үздіксіз болуына оң әсерін тигізеді деген сенімде.

 

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды