Су тапшылығы: қауіп пен қатер

Инфрақұрылым
16.06.2021, 11:38
Су – тіршілік көзі және жер бетіндегі барлық тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды ресурсы. Бірақ оның құрлықта біркелкі бөлінбеуі бірнеше рет дағдарыстар мен әлеуметтік апаттарға себеп болғаны рас. Әлемде тұщы ауыз судың жетіспеушілігі – адамзатқа ежелден таныс дүние. Сондықтан ол ХХ ғасырдың соңғы он жылдығынан бастап қазіргі күнге дейін жаһандық проблеманың бірі ретінде қарастырылып келеді. Бұған қоса, ғаламшардың халқы өскен сайын суды тұтыну деңгейі ұлғайып, сәйкесінше су тапшылығы да едәуір артты, соның салдарынан су тапшылығын сезінуші елдердің экономикалық дамуын бәсеңдетіп, халықтың өмір сүру жағдайының нашарлауына әкеліп соқты. Егер www.countrymeters.com. есептегіш дерегіне сүйенсек, 2015 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша жер халқы шамамен 7 миллиард 289 миллион адамға жеткен, ал жыл сайынғы өсім шамамен 83 миллион адамды құрауда. Деректер тұщы суға сұраныстың жыл сайын 64 млн текше метр көлемінде өсуін көрсетеді. Айта кету керек, әлем халқы үш есе өскен уақыт ішінде тұщы суды пайдалану 17 есеге өскен. Сонымен қатар, кейбір болжамдар бойынша 20 жылдан кейін ол тағы үш есе артуы мүмкін. Ал бұл мәселені Қазақстан қалай шешуде? Статистикаға сүйенсек, бүгінде Қазақстан халқының тек 67%-ның ғана сапалы ауыз суға және 47%-ның ғана су бұру жүйелеріне қолы жетімді. Ал 2040 жылға қарай су тапшылығы елімізде 50% жетуі мүмкін. Осы ретте, елдің барлық су ресурстарының жартысына жуығы басқа елдердің аумағында орналасқан. Сондықтан Үкімет республикаға жыл сайын су жіберуді қамтамасыз ету үшін көрші елдердің билігімен келісуге мәжбүр. Мысалы, суармалы судың тапшылығын шешу үшін Қазақстан Қырғызстанға Тоқтоғұл су қоймасынан қосымша 330 млн текше метр суармалы су жіберту үшін электр энергиясын беруге мәжбүр болды. Осындай тәсілмен Тәжікстанмен де келісіп, Бахри Точик су қоймасынан елімізге қосымша 300 млн текше метр су алғызды. Елімізде су тапшылығына ықпал етуші келесі факторларды атауға болады. Олар Жайық өзені, Балқаш және Арал көлдері сияқты су объектілерінің аймақтарындағы экологиялық ахуалдың нашар болуы, экологиялық ахуалдың шектес мемлекеттердің су саясатына тәуелділігі, су объектілерінің тұтыну  төгінділерімен ластануы, су ресурстарын ысырапсыз пайдалану нәтижесінде су объектілерінің сарқылуы. «МӨЛДІР БҰЛАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ Ауыз су тапшылығын шешу жолдарын еліміздегі жұмыс беруші ірі компания «Қазақстан темір жолы» АҚ тарапынан осыдан он жыл бұрын қолға алды. Тұңғыш Президенттің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру мақсатында және 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында 2012 жылдың қаңтар айында 2012-2016 жылдарға арналған «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы әзірледі. Осы бағдарламаның орындалуымен тікелей айналысқан ҚТЖ-ның еншілес ұйымы «Теміржолсу» АҚ менеджері Дәуір Шаймағанбет аталған бағдарламаның үш негізгі кезеңге бағытталғанын айтады. Біріншісі, теміржол станциялары мен разъездерге ауыз судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету, яғни сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы (ұңғымаларды, су құбыры желілерін, сорғы станцияларын және су тегеурінді мұнараларды бұрғылау және т.б.) және теміржол пункттеріндегі объектілерді қалпына келтіру болса, екіншісі, әртүрлі табиғи көздерден суды тазарту және залалсыздандыру бойынша «Таза су» заманауи қондырғыларын пайдалана отырып, ауыз сумен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталды. Ал үшінші кезең, санитарлық нормаларға сәйкес сумен жабдықтау объектілерінің аймақтарын жайластыру, объектілерде күзет сигнализациясы мен бейнебақылау орнатуға негізделді. Сонымен «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын іске асыру барысындағы оң нәтижелерді ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының шешімімен 2018-2022 жылдарға арналған «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы бекітілген болатын. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты «Теміржолсу» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының» сумен жабдықтау объектілерінің негізгі құралдарын жаңғырту, реконструкциялау және жаңарту, сондай-ақ сырттан әкелінетін сумен жабдықталатын станциялар мен разъездерді қысқарту болды.
«Магистральдық желі дирекциясы бойынша тасымалданатын сумен жабдықталатын 214 станция мен разъезд бар, оның ішінде бағдарлама бойынша 115 станция мен разъезге баламалы сумен жабдықтауды енгізу көзделген, ал Маңғыстау облысының 24 станциясында баламалы сумен жабдықтауды енгізу мүмкіндігі болмай отыр.
Сондай-ақ, күрделі қаржылық жағдайға байланысты Магистральдық желі дирекциясы бағдарламада қарастырылған кейбір жоспарларды орындай алмай отыр. Сонымен бағдарлама іске асырылған тоғыз жыл ішінде қандай шаруалар атқарылды дейтін мәселеге келсек, 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Теміржолсу» АҚ 516 теміржол станциясы мен разъездеріндегі 822 сумен жабдықтау және кәріз объектілеріне күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 548,3 км су құбыры желісі, 26,48 км кәріз желісі, 56 су тегеурінді мұнара, 77 су айдау сорғысы, 20 дана кәріздік сорғы станциясы күрделі жөндеуден және қайта жаңарту жұмыстарынан өтіп, 72 бірлік «Таза су» қондырғысы орнатылды, 60 артезиан ұңғымасы бұрғыланып, тазартылды. Сондай-ақ, 23 станцияда теміржолшылардың 410 тұрғын үйіне есептеу құралдарын орната отырып, сумен жабдықтау құбырлары тартылды. Ал 12 шағын разъезде тұрғын үй-жайлар заманауи себезгі бөлмелерімен, санитарлық тораптармен және су жылытқыш құрылғылармен жабдықталды. Атап өтерлігі, 2015 жылдан бастап Бағдарламада қарастырылған іс-шараларды «Теміржолсу» АҚ және Магистральдық желі дирекциясы өз қаражаты есебінен жүзеге асыра бастады. Оған дейін бұл шаруалар Ұлттық компанияның қаржы-қаражаты есебінен орындалып келген болатын», – дейді Дәуір Шаймағанбет.
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады
Жүк тасымалы
21.05.2026
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды
Жаңалықтар
20.05.2026
Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді
Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды
Аймақтар
19.05.2026
Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті