Трансформация дегеніміз – уақыт талабына бейімделу

Сұхбат
04.03.2022, 11:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – бизнесті трансформациялау бағдарламасын бірінші болып жүзеге асыра бастаған еліміздегі ірі компания. Бұл бағдарлама компанияның білімі мен біліктілігі үйлескен мықты мамандарын бір команда төңірегінде жинады. Олардың арасында жол шаруашылығының кәсіби маманы, талай жобалардың сәтті жүзеге асуына ұйытқы болған Құрметті теміржолшы Татьяна Суслова да бар. Бүгінгі сұхбатымыз трансформация тақырыбында өрбіді.

  – Татьяна Михайловна, жалпы трансформациялау бағдарламасының көздеген мақсат-міндеті не?

– Трансформациялау бағдарламасы тек бизнес-үдерістер мен технологияларды өзгертуді ғана емес, сонымен қатар компанияның және оның еншілес кәсіпорындарының топ-менеджерлерінен бастап барлық деңгейдегі қызметкерлерінің ойлауы мен іс-әрекетін өзгертуді көздейді. Трансформациялау – бұл өз біліктілігін жоғарылату, оқытудан өту, әлемдік деңгейдегі компаниядан бірегей іс-тәжірибе алу және өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігі. Компания қызметкерлердің өзгеріп отыратын мақсаттарға сәйкес келетін жаңа машықтарының дамуына ықпал ететін болады. Яғни, трансформация – барлық қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер көкжиегі.

– Сіздің есіміңізді теміржолшылар кешеге дейін жол саласымен байланыстырып келді. «Туғаныңыздай» болып кеткен жол шаруашылығынан атауы таңсық трансформациялау саласына ауысу қиын болған жоқ па?

– Жаңа қызметке ауысып, ой-санамды түбегейлі өзгерту арқылы мен де трансформацияландым (күліп, авт.) Мені трансформация командасы құрылып жатқан кезде, яғни 2014 жылы сәуірде бірге жұмыс істеуге шақырды. Мен ол кезде Магистральдық желі дирекциясының Жол және құрылыстар департаментінің нормативті-техникалық құжаттама басқармасының бастығы едім. Жұмысым өзіме ұнайтын. Екіншіден, трансформация ол кезде маған кірсең ішіне адасып қалатын қалың қара орман сияқты еді. Оны түсінбедім, түсінуге аса құлық танытпадым, тіпті «секта» деп те күлетінмін. Бір жылдан соң тағы да ұсыныс түсті.

Сол кезде ғана барып бұл құрылымға зор ықылас қойып, зерттеуге кірістім. Ол мені тұңғиығына тарта берді. Бұл жаңа бір қызықты жұмыс еді. Өмірбақи өндіріспен айналысқан мен өзгеше бір ортаға тап болдым. Біздің алдымызда жаңа компания құру міндеті тұрды және ол өте тартымды еді. Осылайша, мен трансформациялау командасының мүшесі болдым.

– Бұл қызметтің артықшылығы не деп ойлайсыз?

– Бұл қызметтің артықшылығы – топ болып, бір мақсатта, бір бағытта еңбек ету. Ортақ мүдде, қызығушылық бар. Трансформациялау командасында жұмыс істеу барысында біз мақсатты карта жасап, бизнестің қағидалары мен рөлін жаздық. Бұл карта бірегей болып шықты, ондай ешкімде жоқ. Бизнес қағидалары біртіндеп тәжірибеде іске асып жатыр. Теміржолдың әртүрлі бағыттағы қызметтеріне технологиялар енгізіліп, еңбек өнімділігін арттыратын процестер жүріп жатыр. Сала мамандары қазіргі заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, жаңа дағдыларды, мамандықтарды меңгеріп жатыр.

Яғни, кешегі күні бүгінгіге, бүгінгісі ертеңіне ұқсамайтын уақыт көшіне үн қосуда. Ал адам, процесс, технология үндесіп, үйлесімділік тапқанда компания дамып, алға ілгерілей берері сөзсіз. Сондықтан цифрлық трансформациядан теміржолдың да, теміржолшылардың да ұтары көп. Ең бастысы, бәсекелестікке қабілетті болуға, кірісті арттыруға ұмтылыс бар. Қазір мен трансформациялау командасында «Бизнес шешімдерді интеграциялау» бөлімінде жетекшілік етемін.

– Бүгінгі таңда нақты іске асқан қандай жобаларды атар едіңіз?

– Бүгінге дейін бірқатар жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылды және олар жедел қызметке көшірілді. Мәселен, 2021 жылы бағдарламаның 4 жобасын іске асыру аяқталды. Олар – қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында ИТ шешімдерін енгізу; Маркетинг және өткізудің жаңа моделін енгізу (қайта жүктеу); «Магистраль» АБЖ МДК және ақпараттық қауіпсіздіктің жаңа үлгісін енгізу. Барлық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттар мен міндеттер толық орындалды. Белгіленген тәртіпке сәйкес есептер құрастырылды, тиісті тараптармен келісіліп, бекітілді. Жобалардың аяқталуы Жаңғырту жөніндегі кеңес, басқармамен бекітіліп, директорлар кеңесімен мақұлданды.

– Биылға межеленген жоспар-жобаларыңыз қалай?

– 2022 жылдың 1 тоқсанындағы жағдайға келсек, бағдарламаның ағымдағы жобалық портфелі 18 жобамен ұсынылып отыр. Жобалардың 95%-ы тікелей немесе жанама түрде компанияның тиімділігін арттыруға бағытталған. Негізінен процесті реинжинирингілеу және қызметті автоматтандыру арқылы шығындарды оңтайландыру және өнімділікті арттыру межеленуде. Жобалары негізінен жолаушылар ағынын, жүк тасымалы мен тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар бізге тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру міндеті қойылып отыр, осыған байланысты ҚТЖ компаниялар тобының қызметін үш бағытта түрлендіру бойынша кешенді бағдарламалар қарастырылған: FIX THE BASIC (негізді бекіту) бойынша 6 бағдарлама, яғни, тиімді жүк, тиімді теміржол инфрақұрылымы, тиімді логистика, тиімді жолаушылар тасымалы, автоматтандыру және тиімді жылжымалы құрам. Екіншісі – трансформацияның өтпелі бағдарламалары бойынша корпоративтік мәдениет және дебюрократизация сынды екі бағдарлама қарастырылса, үшіншісі – реинжиниринг бойынша берік тармақ, цифрлық трансформация, технологиялық саясат, инфрақұрылым операторы бағдарламалары бар. Бүгінгі таңда жобалық кеңсе құрылымдық бөлімшелердің жедел қызметіне тереңірек үңіліп, егжей-тегжейлі талдау жұмыстарын жүргізіп, «тар жолдарды» анықтап, оларды шешу жолдарын бірлесіп әзірлеуде.

– Әңгімеңізге рахмет!

Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді