Орман – ортақ байлығымыз

Сұхбат
03.10.2023, 09:45
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ даласын жасыл елге айналдырып және соңғы 5 жыл ішінде орман қорын 2,0 млрд-қа молайту керектігін ескертті. Осы орайда Ақтөбедегі екпе ағаштар шаруашылығына жауапты дистанция жұмысымен танысып, жасыл желектерді қорғау және оның күтімі жайлы білген едік.

Жалпы, бұл қызмет теміржол саласында баяғыдан бар, желіні табиғаттың түрлі төтенше құбылыстарынан қорғайтын теміржол бойында жасыл желек қай заманда да керек болды және ол ерекше күтімді қажет етеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясы» 2012 жылдан бастап өз алдына филиал болып құрылды.  

Дистанция бастығы Қазыбай Қайжанов филиалдың биылғы жылға бекітілген жұмыстар жоспарға сай жүріп жатқанын және алдағы жылы да атқарылатын шаруа аз емес екенін жеткізді.  

– Орман – ортақ байлығымыз, оны сақтау әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Біздің филиалдың да негізгі міндеті – теміржол магистральдық желісінің объектілерін қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғаныс екпе ағаштар арқылы қорғау мақсатында құрылған. Сондай-ақ қорғаныс екпе ағаштарды өрттен, заңсыз кесулерден, бұзудан және басқа да бұзушылардан күзету, сонымен бірге орман зиянкестері мен ауру таратушыларды анықтау, оларды жою, магистральдық желіні құмнан, қардан қорғау мақсатында механикалық қамыс құрылғыларын орнату жұмыстарын жүргізумен айналысады. Филиал бойынша 3 желілік пайдалану бөлімшесіне қарасты Ақтөбе, Қандыағаш, Біршоғыр, Шұбарқұдық, Шалқар, Қызылорда, Орал, Шыңғырлау, Деркөл, Жайық, Исатай, Сағыз және Бейнеу телімдері бар. Қазіргі таңда жалпы филиалда 150-ге жуық адам еңбек етеді. Сонымен қатар 48 әртүрлі маркадағы автокөліктер мен тракторлар бар, үлкен шаруашылыққа иеміз, – дейді дистанция басшысы Қазыбай Қатаұлы.  

– Ақтөбеден бастап бүкіл батысты алып жатқан аса ауқымды аймаққа қызмет көрсету жеңіл болмаса керек, биылғы жұмыстарыңыз қалай болды?  

– Әрине, көріп отырсыздар, расымен өте ауқымды аумаққа қызмет көрсетеміз. Әр өңірдің өзіне тән табиғат ерекшелігі бар, жер рельефі өзгеше, тағысын тағы... Соған орай біздің қызметіміз де, жол бойындағы екпе ағаштарды күту және қар мен жаңбыр, құмды дауыл, т.т табиғи факторлармен күрес жүреді. Биылғы жаз бен күз маусымында осы бағытта бірталай жұмыс атқарылды.  

– Жұмыста қандай кедергілермен бетпе-бет келесіздер?  

– Жаз мезгілі басталысымен тұрғындар табиғат аясында демалып, таза ауада уақыттарын өткізеді. Бірақ демалған орындарының қоқыстарын тазаламай, сол жерге тастап, шашып кетеді. Бұл орманның санитарлық- гигиеналық және эстетикалық талаптарына нұқсан келтіреді. Өрт шығуы қаупін туындататын жағдайларға әкеліп соқтырады. Міне, ең үлкен кедергі осындай факторлар. Жолшылар секілді біз де жергілікті халық арасында үнемі табиғат тазалығы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін естен шығармау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, – дейді дистанция бастығы.  

Қазыбай Қайжанов – Шалқар өңірінің тумасы. Теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Алматы темір жол көлігі инженерлер институтын темір жол және темір жол шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы №69 Ақтөбе жол машинасы станциясында қарапайым жол монтері болып бастап, жол шебері, Батыс Қазақстан жол бөлімшесінде жол шаруашылығы ревизоры қызмет терін атқарған. Сосын Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері болды.  

2016 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясы» филиалының бас инженері болып тағайындалып, биылғы мамыр айынан бері дистанция басшылығында. Бас инженер болып жұмыс істеген соңғы 3 жыл аралығында Атырау өңірі бойынша теміржол магистральдық желісін құм басудан қорғау және топырақ көшкінін тоқтату мәселесі бойынша атқарылған нәтижелі жұмысы еленіп, биыл «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды.  

 

Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда