Диспетчерлердің Солтүстік аймақтық орталығына – 1 жыл

Сұхбат
23.10.2023, 12:00
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде осыдан үш жыл бұрын әр өңірде жол бөлімшелеріндегі диспетчерлер жұмысы үш орталыққа кезең-кезеңімен біріктіріле бастады. Олар Солтүстік, Батыс және Оңтүстік аймақтағы пойыздар қозғалысын басқарудың аймақтық орталықтарына 4-5 облыстан бірікті. Соның ішінде Солтүстік аймақ бойынша пойыздар қозғалысын басқарудың аймақтық орталығына Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар жол бөлімшелерінің пойыз диспетчерлері қосылды. Ақмола магистральдық желі бөлімшесіне қарасты осы орталықтың құрылғанына биыл 18-ші қазанда 1 жыл толды. Соған орай орталық басшысы Азамат Бекмағамбетовпен бір жылдағы жұмыс нәтижелері туралы сұхбат құрған едік.  

– Бүгінде жаңа құраммен Астанадағы ҚТЖ ғимаратының 6-ші қабатында бірлесе жұмыс істеп келесіздер. Бір жылда қандай нәтижеге қол жеткізілді? Жалпы әр өңір диспетчерлерін  бұлай бір орталыққа біріктіріп, бірнеше өңірдегі пойыздар қозғалысын бір жерден басқарудың тиімділігі неде?  

   – 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан теміржолын дамыту бағдарламасында бұл туралы айтылды. Жоба 2021 жылдан жүзеге асырыла бастады. Жалпы ПҚБАО, яғни Пойыздар қозғалысын басқарудың аймақтық орталығы, орысша айтқанда РЦУП не береді? Мәселен, бұрын әр өңірдің пойыз диспетчерлері сол бөлімшелерде отырған кезде әрқайсының барлық ақпаратты келесі бөлімшеге өткізу, тапсыру міндеттері болды, ол көп уақыт алатын, белгілі бір жағдайларға байланысты Орталық аппараттан бұйрықты да ұзақ күтіп қалатын. Ал қазір бәрі, яғни 4 өңір бір жерде, бір залда отырады, тапсырма да, бұйрық та бірден беріледі, ақпараттарды да бір-біріне таратудың қажеті жоқ, осы жерде бірден көріп отыр. Сонымен қатар қазір бұйрық күтпей-ақ ауысым бастығы немесе кезекші қажет болған жағдайда өзі коллегиялық шешім қабылдай алады. Соның арқасында пойыздар қозғалысын басқару тиімділігі бұрынғыдан біраз жақсарды. Диспетчерлердің өзара іс-қимылының тиімділігі артты. Төрт өңір мамандары бір жерде отырған соң біреуі білмегенді екіншісі айтып жіберіп, көмектесе де қояды.  

– Жаңа ұжым жұмысы қалай құрылған? Қанша адам еңбек етеді?  

– Жалпы штатта 298 адам еңбек етеді. Соның ішінде 124-і –  пойыз диспетчерлері. Қызметкерлер ауысыммен жұмыс істейді. 12 сағаттық әр ауысымда 40 адамнан жұмысқа шықса, соның 26-сы диспетчерлер болады. Орталықта шұғыл тарату, клиенттермен жұмыс, жылжымалы құрам және локомотив шаруашылығы, жол шаруашылығындағы толаскездер бойынша бөлімдер бар. Жұмыс МДОЖ, яғни микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандырылған жүйе бағдарламасы бар компьютерлерде пойыздар қозғалысын қадағалау, басқару арқылы жүргізіледі. Арнайы диспетчерлік залда отырып өзіміздің қызмет аумағымызға кіретін телімдерде пойыздардың қалай, қай жерде кетіп бара жатқанын, қай телімде жөндеу жүргізіліп, қанша сағаттық толаскез жарияланғанын, қай пойыз қанша сағатқа кідіріп, тіпті жүктерде не тиелгенін, басқа да барлық ақпаратты біз осы жерден біліп отырамыз. Басты мақсат – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысын тиімді басқару.  

– Кадрларды қалай іріктедіңіздер? Олардың білімін арттыру және басқа өңірлерден келген диспетчерлерді баспанамен қамту мәселесі қалай шешілуде?  

– Бәрінің білімі мен тәжірибесі бірдей емес. Сондықтан күн сайын жұмыс басталар алдында жарты сағаттық жиналыста, жалпы жұмыс барысында үйретіп, тәжірибесін шыңдаймыз. Арасында тест тапсырады, айына екі рет техникалық сабақ өткізіледі. Аттестациядан өтеді. Жалпы пойыз диспетчерлігі  қызметіне міндетті түрде кемінде 2 жыл станция кезекшісі болып істеген теміржолшылар ғана алынады. Ал оларды әлеуметтік қолдау жағына келсек, қызмет бабымен өзге өңірлерден Астанаға қоныс аударған қызметкерлерге пәтер жалдау үшін компания 2 жыл бойы ай сайын 80 АЕК, яғни 276 мың теңге көлемінде төлемақы береді. Қиын телімдер бар бізде, мысалы Қарағандыда Мойынты жақтан келетін бағытта 25 жұп жүк пойызы, 25 жолаушылар пойызы өтеді. Ал кейбір телімдерде 8 жұп пойызы жүреді. Сол қиын телімге бөлінген диспетчерлерді ынталандыру үшін компания ай сайын жалақыға қосымша 30 пайыз төлем жасайды. Бүгінгі таңда екі телімде автоматты түрде кесте сызатын жүйе бойынша сынақтық жоба жүзеге асырылуда. Бұл диспетчерлердің жұмысын жеңілдетеді. Ал әзірге олар кестені қолмен сызады. Диспетчерлеріміздің ең үлкені 60 жасқа таяп қалса, жалпы көбінің орта жасы 35-45 жастағылар. Менің мақсатым – осы жаңа ұжымның ауызбіршілігін арттырып, бір мақсат жолында ұйыстырып, мықты ұжым шығару.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады