Ерлан Рахимжанов: "20 бағытқа пойыз құрастырамыз..."

Сұхбат
26.03.2021, 17:09
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Нұр-Сұлтан станциясы бар әлемге қиын тиген өткен жылды жаман қорытындылаған жоқ. Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, техникалық құралдардың жұмыс істемей қалуына жол берілмеді. Вагондар паркінің сақталуында да кемшіліктер болмаған. Техникалық сабақтар былтыр наурыздан бастап әлі күнге онлайн түрде өткізіліп келеді. Бұл туралы станция бастығы Рахимжанов Ерлан Бейсенбайұлы әңгімелеп берді.

– Ең бастысы, қатаң карантин шектеулеріне қарамастан станция арқылы жүк ағыны артқан. Яғни, тәуліктік жүк тасымалы 2019 жылы 67 жұп пойыз болса, былтыр ол 76 жұп пойызға жеткен. Әрине, кемшіліксіз болмайды, дегенмен олардың бәрі жойылып отырады. Мәселен, былтыр комиссиялық байқаулар кезінде 2259 кемшілік анықталды. Тәртіптік шаралар қызметтік нұсқаулық талаптарын бұзғаны үшін 558 қызметкерге қолданылды. Өткен жылы станция басшылары 97 тосын тексеру нәтижесінде 121 кемшілік тапса, биыл бірінші айда тосыннан 11 рет тексеру жүргізу кезінде 25 олқылықты анықтады. Соған байланысты 49 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен бірге биылғы қаңтар айында жүргізілген комиссиялық тексеру барысында 178 кемшілік табылып, бәрі жойылды.

– Станцияның жүк жөнелту және қабылдау бойынша мүмкіндіктері қалай?

– Өте жақсы. Бізде тәулігіне 3 жарым мың вагонды өңдей алатын сұрыптау дөңесі бар. 20 бағыт бойынша пойыз құрастырамыз. Соған лайықты қызмет көрсететін 7 паркіміз жұмыс істеп тұр. Бізге келіп түсетін жүк ағыны өте үлкен. Қаланың еті, сүті, майы – бәрі осы жерге кеп түседі. Соны уақытында өз клиенттерімізге түсіріп беріп, дер кезінде қызметпен қамтамасыз ету керек. Сондықтан біз пандемия кезінде де үздіксіз жұмыс істеп, тасымалды тоқтатпадық. Түсіру, тиеу кіреберіс жолдарда жасалады. Тәулігіне 17 жұп жолаушылар пойызы өтеді. «Нұрлы жол» вокзалы таңертең алтыдан түнгі 12-ге дейін ғана жолаушылар пойыздарын қабылдайтындықтан, қалған аралықта келетін жолаушылар пойыздары бізге тоқтайды.

– Ұлттық компания қызметкерлердің қауіпсіздігін, жалпы еңбек адамын басты орынға шығарады. Қазір соның өзектілігі одан сайын арта түскен сияқты...

– Иә, оныңыз рас. Біз қазір панде- мияға байланысты барлық талаптарды орындап, қызметкерлердің денсаулығын бірінші орынға қойып отырмыз. Бүгінде техникалық сабақтардың бәрін онлайн өткізіп жатырмыз. Себебі адамдарды бір жерде көп жинай алмаймыз. Стан- цияда 570 адам еңбек етеді. Солардың бәрі қауіпсіздікті бірінші өздерінен бастауы керек.

– Қазір сала қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға да өте қатты көңіл бөлінуде. Сол талаптар үдесінен шығу жағы қалай?

– Рас, қазір әрбір теміржолшыға қойылатын талаптар күшейді. Салада кәсібилік, тиімділік, табыс, үнем деген ұстанымдар басты орынға шықты. Біз де соған қарай жұмыс жүргіземіз. Жұмыскерлердің біліктілігін көтеру үшін жыл бойына түрлі іс-шаралар, іскерлік ойындар ұйымдастырып, жақсы жауап бергендерді ақшалай, марапаттар беріп ынталандырамыз. Себебі бізде кадр тұрақсыздығы бар, әсіресе, жастар үйреніп алып, басқа жоғары жаққа кетеді. Соларды қалсын, талпынсын деп көптеген шаралар атқарылуда. Олардың еңбек жағдайын жасауға көңіл бөлініп отыр. Мәселен, бізде сұрыптау дөңесіндегі қосын ғимаратына ағымдағы жөндеу жүр- гіздік. Індет кезінде мереке тойлау болған жоқ. Сондықтан біраз қаржы үнемделді. Үш жүзге жуық орындық сатып алдық. Теміржолшыларға кімге, қандай көмек керек, соны да анықтап, көмек бердік. Басты ғимаратқа да жөндеу жүргізілді.

– Қауіпсіздік туралы айтқанда бөгде адамдардың жолды кесіп өтуі салдарынан туындайтын келеңсіздік туралы айтпай кете алмаймыз...

– Иә, ол бір өзекті тақырып. Біз бірнеше құрылымдық мекеме өкілдерімен бірге жол бойында жиі рейдтер өткіземіз. Елордада теміржол стан- циясының екінші бетінде «Лесозавод» шағын ауданы бар. Сол жақтың халқы арнайы көпірлерді пайдаланбай, тіке өтіп кетеді. Солармен жұмыс жүргіземіз, халыққа түсіндіреміз. Теміржол бойындағы мектептерге барамыз. Бейнеролик түсіреміз. Бро- шюра таратамыз. Былтыр станция теміржолында екі суицид болды. Бізде станцияда 20 жерде бейнекамера бар. Соның көмегімен олардың суицид жасағаны дәлелденді. Теміржолда бөгде адамдарды пойыз басып кету оқиғасын азайту, олардың белгіленбеген жерде жүруін болдырмау, вагон паркінің, тасымалданған жүктердің және қатаң есептегі инвентарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін біз екі нәрсені қажет деп санаймыз. Біріншісі, станцияның периметрі бойынша қор- шау салу және екіншісі, станцияның анағұрлым қауіпті жерлерінде әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі қызметкерлерін көбейту. Бұл ұсыныстар тиісті басшыларға жолданды.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады